МАИ-щникке мораль оқыдым)))

Бүгін рейд па,қала іші толған маищниктер.Жалпы жол жүру ережелерін бұзбаймын.Барлық жұмыстарымды бітіріп,үйдің қасындағы 4 тармақ жолдан өткелі жатсам… фуф… таяғымен ана жерге тоқта деді.Менен басқа да 5-6 машина тұр екен, бәрі бір жерге асыққан халық.
Мен кірдім кабинаға, майор өзінше болып: міне,қара, жаяу адамдар жүретін жолға тоқтадың деп видеожазбаны көрсетеді. Мен де болмадым: маневрды аяқтаған жоқпын, жүк таситын ұзын мащина жасыл түсте бұрылып үлгермеді, мен протоколға қол қоймаймын, сотта дәлелдей аламын деп.Құжаттарымды бере салды.
Солааай.Өзімше болып қалдым кішкене жеңісіме)
Бөлісу:

22 пікір

patick
мадес, оларды аямау керек.
алматыда да әр екінші машинаны тоқтатып жатыр, жоғары жақтан тиын грузить етіп жатыр ау шамасы
VKM
Көп машина тоқтатқандарына қарап, мен де солай ойладым(
Erbol
Құжатың дұрыс, ереже бұзбасаң любойының мазгасын майыстырып жіберуге болады. Біздегі жүргізушлердің көбі таяқ шошаң етсе болды бұттары дірілдеп, тұра жүгіреді ғой.Анау сәл тисе бастаса ақша дайындап тұрады. Өзіміз жаман үйреткен.
omarbirat
Моральды қазақша оқыдың ба? Әдетте орысша сөйлегендерге әңгіме айта алмай қалып жатады.
VKM
орысша. қызарған смайл ағай, деп бастадым;) қазақша
qisyq
ағай деп қазақша бастағаның дұрыс болған екен.
asaubota
кімнің қызы екеніңді де айттың ба? :)
VKM
Сол… папамсыз өзім-ақ шештім деп мақтанып отырмын ғой)
TERISKEI
@VKM, пай-пай-оуууу! Мәдессің ваще! Мұны да түртіп алдым!!:)))
VKM
@TERISKEI, мен сені тек бауырсақ ретінде ғана көз алдыма елестетем… хехе ып-ыстық,қоп-қоңыр, майға піскен;)))
madlen
sosyn moldirep karap turyp, kirpikterindi kagyp kagyp jibersen… :)))
VKM
madlen,қайдағы кірпік? Соларды көрсем ступор болып қалам)))
patick
Офф-топ:
Біреу өткенде: «Біздің мемлекеттік қызмет жүйесі күрделі, бюрократиялық жолмен әдейілеп жасалған. Бұның бәрі пара алуды жақсартуға негізделеді. Яғни бюрократизм, бітпейтін қағаз толтыру, анда-мына сандалып жүгіру, еш жерден жөнді ақпарат ала алмаудан шаршап, ақырында шаруаңды тез шешу үшін пара беріп құтыласың» — деп еді. Негізі осы рас қой деймін.
VKM
шынымен, патик.Үйге ремонт жасадық,1 стенін алып тастап.Соның құжаттарына мен міне 2 демалыс жүрмін… ужс(
Erbol
Мен 3 жыл болды, үйдің құжаттарын бітіре алмай-ақ қойдым.Басында ешкімге пара бермей, өзім-ақ жүгіріп жасатам деп ойлағам.Қайдааан бегунок деген бәлесімен жүрмін әлі.Күнде бір нәрсе шығып тұрады. Қазір төзім таусылды, беретінді беріп, бірақ жасатам ау деген ой келе бастады.
Abilakim
Сенің пара берейін деп жүргеніңді @serjan көкем естісе қандай жаза қолданар екен?
sammita
беретінді беріп
ол «пара берем» деді ме?
бағалы зат, қой, бартерлік қызмет… түрі көп қой:))
edige
Біздерде ережені білмейтіндер, тоқтатса «Жазықтымын» деп теңгесін қыстыруға асығатындар толып жатыр. Жол қозғалысы ережесін бір әріпін қалдырмай жаттау керек. Мысалы: «Аялдамаға тоқтауға болмайды» дейді.
Тонерімді жеген екен: — Жүрiс бөлiгiмен шектесетiн, оған толықтай және iшінара кiретiн тротуардың шетiнде, егер бұл жаяу жүргiншiлер қозғалысына кедергi келтiрмейтiн болса, жеңiл автомобильдерге, мотоциклдерге, мопедтерге және велосипедтерге тұруға рұқсат етiледi — делінген пункт бар. Шректегі мысықтын сұлбасын көрсетпеу керек оларға
patick
Аялдамаға тоқтауға болады. Бірақ бұл бағытты (маршрутты) көлік құралына кедергі келтірмеуі керек.
alisha
солар хаттаманы не орысша, не қазақша сауатты толтыра білмейді; бірнешеуіне бетіне басып, жеңбегенімізбен, біраз қызартқаным бар…
sigma
Бір жолдас жігіт сол иттермен ұстасып, нетіп біразға барып қалғаннан соң толтырды байғұс. Протоколға қол қойған кезде, мен қазақша білмим демесі бар ма. Әлгі гәйдің жаны шыға жаздап, понятой іздеп, машина тоқтатумен әлек.
„Қазақша сөйлеп тұрсың ғой„ деп қояд ГАИ, ол сөйлегенмен ресми құжатты түсіну екі бөлек нәрсе екенін түсіндіруде. Солай қызық болған.