Лига Чемпиондардың финалы жақындауда !!

Футбол жанкүйерлері күткен Лига Чемпиондар финалыда жақындап қалды.Мамырдың 28 Уэмбли стадионында Барселона (Испания) жане Манчестер Юнайтед (Англия) кездеседі.Екі клубтар өз елдеріндегі чемпионатта бірінші орын алған.Айта гететін болсақ 2009 жылы Рома алаңында Лига Чемпиондар финалында екеуі бір- бірімен кездескен болатын.Сол ойында Барселона Манчестерді 2:0 есебімен ойсырата ұтқан еді.Одан бері көптеген өзгерістерде болды.Футбол мамандары пікір айтуды қояр емес, болжауларыда әр түрлі.Бірақ футбол мамандардың айтуынша Екі футбол клубтарының үздік ойыншылары Руни мен Месси дың талас ойны болмақ дейді.Енді бұл ойынды қалай болатынын 28 күні біле жатармыз.
Бөлісу:

10 пікір

Khanda
қателер болып жатса кешірім сұраймын!!! енді жаңадан үйреніп жатқан едім. түсінет деген ойдамын!!!
saken
түсіндік. Бірақ қатесіз жазғаның өзіңе жақсы, бізге құрмет!
енді жаңадан үйреніп жатқан едім.
деп қазақ тілін жаңадан үйреніп жатырғаныңды жазсаң ғана кешірімді.
saken
меніңше дәл қазіргі күні әлемде Барсамен тайталаса алатын команда жоқ секілді.
Khanda
менің ойымша бар, ол Реал клубы!!!қанша ұтылсада,ұтсада Реал Барселонадан мықты атақтыда болып келеді.
asaubota
сіз қызсыз ба әлде жігітсіз бе?

бүгін КТКның спортын жүргізуші қыз бүгін болатын Еуропа лигасы финалын өткен жақпен айтып шықты. өтті, кездесті, Дублин қаласында ойнады т.б деп. :)
Khanda
Жігітпін есімім Хандар
urimtal
@Khanda Хандар, мүмкін бір жазбаңды өзіңді таныстырудан бастарсың :)
asaubota
КТКдағы әдемі қыздың жоғарыда мен айтқан жаңалығы:

ktk.kz/kz/news/video/2011/05/18/9374

2:43-тен бастап қараңдар :)
Nurgisa
Олар кеше айтылған жаңалықтарды бүгін де түскі уақытқа дейін қайталамасын еш ұялмай бере беретіндігін назарға ала отырсақ, мұнысында еш «сөлекеттілік» көріп тұрғаным жоқ. Жлпы, спорт жаңалықтарын қыз-келіншектер жүргізгенге еш қабылданбайтын сияқты ғой. Әлде, тек мен сондай оңбаған алалаушымын ба?
Nurgisa
Видеосын ашылмады. Мәтініндегі мыналарды бір сүзіп өтейік: «Бүгін Ирландия астанасы Дублинде Еуро Лиганың бас бәйгесі сарапқа түседі. Ақтық матчта Португалия футболының өкілдері “Порту” мен “Брага” кездеседі. “Порту” биылғы маусым ішкі чемпионатта топ жарса, ортаңқол клуб “Брагада” жүлдесіз қалған жоқ.

Финалға дейін “Ливерпуль”, “Бенфика” және Киевтің “Динамосы” сияқты мықты клубтарды артқа тастаған “Брага” бүгінгі шешуші матчта да жеңіс үшін барын салуға дайын. Команданың бас жаттықтырушысы Домингуш Пасиенсия: “ Әрине, “Портудың” жөні бөлек. Бүгінгі ойында оларды фаворит деп айтуға толық негіз бар. Бірақ финалдық бәсекеде бәрі мүмкін. Оның үстіне біздер мықты клубтарды ұтқанды жақсы көреміз. Осындай кездесулер бізге күш береді”- деді. “Браганың” биылғы жеңістерін жоғары бағалаған “Портудың” бас бапкер” Андре Виллаш-Боаш, бүгінгі ақтық матчта оның командасы өздеріне тән ойын-өрнегін ұстанатынын атап кетті.