Ақтөбе қаласында лаңкестік әрекет жасалды
Бір жанкешті-лаңкес ҰҚК ғимаратына келіп, өзін жарып жіберген. Алдын ала таратылған мәліметтер бойынша, 4 адам жапа шекті, оның біреуі көз жұмған. Қазір осы оқиғаға қатысы бар күдіктілерді қолға түсіру операциясы жүруде. Қылмысты жасаған діни экстремистер болуы мүмкін.
Толық ақпарат:
www.bnews.kz/ru/news/post/50333/
newskaz.ru/incidents/20110517/1471681.html
tengrinews.kz/kazakhstan_news/187928/
Толық ақпарат:
www.bnews.kz/ru/news/post/50333/
newskaz.ru/incidents/20110517/1471681.html
tengrinews.kz/kazakhstan_news/187928/
Осыны оқып ал. Дұрыстап сауатыңды аш сосын.
бұрыннан көзің көріп, құлағың еститін болса деп неменеге таң қаласың?
Ал енді оқиға орны болған жақта ешқандай доступ жоқ. Көше толған менттер қаптап кетті. Енді қашан анық шындығы ашылатынын кім білген…
Жалпы соңғы кезде Ресейлік БАҚ-та да Кавказда ұсталған, өлтірілген Қазақстаннан шыққан «жарғыштар-дың» көпшілігі осы Ақтөбе жақтан деген ақпарат жиі шығады.Батыс өңірде дін мәселесі күрделі болып барады деп дін сарапшылары да айтып жүр.Тек батыс емес-ау жалпы Қазақстанда дән мәселесі асқынып тұр. Сан түрлі ағым, сан түрлі топтар. Арасында шенеунігі де, шекпендісі де жүр. Мешіттегі имамдардың өздері топтарға бөлініп алған. Әр мешіттегі уағыз да әртүрлі.Ұқпайсың кімдікі дұрыс, кімдікі бұрыс.Интернеттегі Аки-лар тағы бар.Осының бәрін реттеп, осы саланы дұрыстап қолға алудың кезі келді.Біздің тыныштығымыз біраз елге ұнамайды.Шет елдік мемлекеттер,әлемдік топтардың тыныш елге іріткі салудың бірі осы дін арқылы ірітіп-шірітіп, құлдырату екендігі тарихтан да, әлемдегі орын алып жатқан оқиғалардан да белгілі.Арнаулы қызметтер де, ҚДМБ да жұмысын жандандыру керек.Намаз оқуға қорқынышпен қарап, сосын кім қай жерден жарады деп қорқынышпен жүру деген… Мұсылман мемлекеттері де бұл мәселеге басты назар аударуы қажет сияқты. Ислам дінін жойғысы келетіндерден ба, жоқ өздерінен ба? Ислам дінін құлдыратқысы келгендер әсіре діншілдікті таңу арқылы өз ішінен құрту тәсілін ұстанып, исламды қорқыныш, терроршылар дініне айналдырғысы келіп отыр ма, жоқ арабы кеп өз дәстүрін, палестиндер кеп өз дәстүрін таңып отыр ма? Жалпы ислам діні мәселесі өте күрделі ахуал болып кетті.Биыл Қазақстан Ислам конференциясы ұйымына төраға. Алдағы уақытта отырысы өтетін болса, осы мәселені басты мәселенің бірі ретінде талқылау керек сияқты.
#Kazakhstan.Взрывное устр-во привел в действие
Рахымжан Махатов(Генпрокуратура). Твиттерден.
#Kazakhstan, произошел самоподрыв. Твиттерден.
Әке-шешесі тәп-тәуір қызметте, тәрбиесі де жақсы болған деп ойлаймын, отбасы, 3 баласы бар, білімі, атағы бар… қандай өкінішті…
КНБға шаруаларымен кіріп бара жамқан кезде ана долбоеб жарып жіберген, бостан босқа Жеңісбекке де тиген, қазір ауыр халде жатыр дейді.
Ол — 32 де, біздің админ 30-да деген ой келе жатып, қайтып кетіп қалды;) Әлгі мақала есіме түсті сосын.сол ғой енді есіме түсті деп отырғаным… мынадай инфоны оқып отырғанда бірден келмейді ғой ескежазбаса да болатын сөз еді, сосын ғойwww.zakon.kz/top_news/214835-nazvano-imja-vzorvavshego-sebja-v.html
"Қылмыстық топтың құрамында бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Р. Махатов ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ғимаратында өзін-өзі жарып жіберді.
Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Жандос Өмірәлиев мәлім етті.
«Бүгін мамырдың 17-сі күні жергілікті сағат 9.30. шамасында қылмыстық топ ұсталды. Бірнеше қылмыс жасағаны үшін сезікті болған Рақымжан Махатов жауапкершіліктен бой тасалау мақсатында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің ғимаратында қолдан жасалған, күші шағын жарылғыш қондырғыны қолдана отырып, өзін-өзі жарып жіберген. Жарылыс салдарынан Р. Махатов оқиға орнында көз жұмды. Ал ғимарат қасында болған екі азамат жараланды. Ж. Өміралиевтің атап өтуінше, зардап шеккен азаматтардың бірі — ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ақтөбе облыстық департаментінің қызметкері. Ал, екіншісі — күзетші.
Осы факті бойынша қазір қылмыстық іс қозғалды. Барлық қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деді ресми өкіл.http://www.inform.kz/kaz/article/2380571
Кезінде небір түсініксіздеу секталар белең ала бастағанда шу көтергендерді толеранттылыққа үндеп зар болып еді. Бекер екен.
Құдай өзі сақтасын, тып-тыныш жатқанға өзі кеп ұрынғаннан сақтасын.
Сіз осыған расымен де сенесіз бе?
Дін — әуелден саяси құрал. Қазір, сыртқы күштерді былай қойғанда, Қазақстанның ішкі саяси элитасының өзі реал электоратқа таласып жатыр: әлдебір сайлауалды бағдарламадан көрі, құдайдың сөзі сенімдірек қой. Біз коммунизм тұсындағы мамырхан тірлікті енді түсімізде де көрмейтін шығармыз, Алиша!
Бізде расында діни ахуал өте күрделі. Өзім үшін емес, жақындарым үшін қорқамын.
Бірақ мемлекетіміздің екі алпауыттың ортасында, және де оң жағымыздағы «көршілеріміздіңде» оңып тұрмағанын ескерсек, мықтылықпен бірге өте сақ болуымызды да керек ететіндей.