Тағы да жазалайыншы

"Алға" дегенді "алдыға" деп айтатын тірі организмдер мен мега амебаларды диаметрі 5 м екі үлкен дыбыс колонкасының ортасына отырғызып қойып, «До-ми-но» тобының әнін максималды дауысымен қосып қойса. Одан есін жия берген сәтте, «Ол кім, бұл не?» энциклопедиясының барлық томын бір қолмен көтерткізіп, бір аяқпен үш сағат ұстаса. Одан аман қалып жатса, Африка елдерінің бүкіл фольклорлық әдебиетін 1 күн ішінде жаттауға мәжбүрлеп, ішінен «алдыға» деген сөзді тауып беруді бұйырса, ох арман болмас еді.
Бөлісу:

26 пікір

qisyq
Қатігез. Менің өлімімді тілеп жүр екенсің ғой.
patick
сен солай деп айтасың ба не?
qisyq
Ия. Алдыға жүрсеңші деп мәселен.
alisha
Астыға-үстіге дейтіндер де бар...«Денизде» сияқты, Бахридің дубляжында солай айтады үнемі… таза әдеби тілде жасалуы керек қой аударма(((
asaubota
диалектілерге құрметпен қараймын. бірақ, неге сериалдардың дубляжын Алматы жақтың диалектімен есту керекпіз?
satibaldi
Сенің аузыңмен ақиқат бақырып жылап тұр!!!
alisha
енді дубляждың бары сол жақта жасалғасын дағы ганюшкинский диалект , бізде жасалса «не заттатар» еді біраз…
Aizhantabyn
)))))))))))))) қызық!
Құдайға шүкір түсінеміз сол диалекттерді, болмаса бір елдердің диалекттерді әр алуан дейді ғой…
Шымкентте болса Өляяя деп қалатын шығар))
satibaldi
Өзің қайдансың?
Aizhantabyn
oooi, ol endi kiyn surak… Akem Ozbekstandyk, mamam Rossiyalyk, ozim astanalyk, al en tubim batystyn kyzymyn :)
omarbirat
Сериалдардың дубляжындағы Алматының да диалектісі емес екенін аса қадірменді назарбыңызға жеткізсем деймін :)
nurbergen_makym
Патик, неге «жиырмасыншы» деп жазылад, айтылад? Басқалардан жиырманың қай жері артықЮ?
Gastarbaiter
Үндестік үшін. Ашық дауысты дыбысқа бітетіндіктен.
Aizhantabyn
мен солай деймін.
Алға! (ұран секілді) алдыға қарай жүр деген сілтеу секілді))
nurbergen_makym
«артқа» дегенді «артыға» дейсіз бе, сонда?)))
Aizhantabyn
жоқ әрине, бірақ артқа деген ұран жоқ секілді)))
nurbergen_makym
Е-е, мұндай лингвистикалық фокустарыңыз тек ұрандар қолданылатын сөздерге қатысты ма? СаянҮштің қарындасы болмағайсыз да)))))
Aizhantabyn
туған әпкесімін)))

негізі, әдеттен ғой бәрі…
Abilakim
Тек қана артқа бұрылып алып «алғалай „береміз десеңізші)))
satibaldi
Ох, қашан келер екен осы бір Мессия күн!!! Арман сірә болар ма еді, амиго-ай!!!
Altygradus
менде алдыға деп айтад екем:)))
AKY
Мен де, гыгы)
patick
сондықтан да жазаның ең жеңіл түрін таңдадым ғо
AKY
Рахымың мол екен))) Рахмет))
balzaminka
өз басым «алға» дегенді бұйрық райлы етістік деп қабылдаймын, сондықтан «алдыға қарай» дегенді қолданғанды жөн көремін :). Қателеспесем, әдебиетте де осылай қолданылады :)
Gastarbaiter
«астыға және үстіге» деген надандық, диалект емес.
«Посадят» дегенді «посодют», «подожди» дегенді «обожди» деген сияқты.

Есі дұрыс адамдар «жоғары» және «төмен» дейді.