Таңдай қақтырмаса да, пайдалы программа

Осы жақында бір қызық «терезе» программаға тап болдым. Team Viewer деп аталады. Суреті міне:

Бұл программамен бір компьютерден екінші бір компьютерді басқаруға болады екен. Әсіресе, кейбіреулер айтқан нәрсеңді түсінбей кеткен кезде осы арқылы өзің ақ істеп беруге болады. Ощым мықты программа екен. Қолданып көріңдер. Біреулерге пайдасы тиіп қалар. Осы сияяқты басқа да программаларды білетін болсаңдар бөлісіңдер.
Мына жерден жүктеп алуға болады.
Қолдану туралы видеосы міне.
Бөлісу:

13 пікір

qisyq
Алдында дос балам, осы прогамен менің ПС-ма кіріп, есті шығарып ед…
konvict
Сен парольді бермесең кіре алмас еді ғой. Өткенде мен бір қызды алдап-сулап компына кіріп, суреттерін көшіріп алып едім
qisyq
Ия, пароль бергем. Қайдан білейін, бір қарасам, комп жпыпылық етті де, мышкасы қозғалып жұмыс істеп кетті. Терминатордағы SkyNet осы шығар дедім…
konvict
Scheschesse!!! Столдың астына тығылып қалған жоқсың ба?
qisyq
Бір сәт өзімді Джон Коннор сезініп кеттім. Енді болмаса, машиналарға қарсы көтеріліс бастайын деп жатыр едім, апам "Әй, тамағыңды іш, суып қалды" деп жатыр екен.
Aidossik
көп өте мұндай бағдарламалар rdc үшін… танымалдардың біреуі де осы.
Ahi
Бұл прогпен біраз шаруаны бітіріп берді ғой талай жігіт. Негізі, жақсы прог!
Arkosh
Anyplace Control
Radmin
konvict
Оқай, тауып жұмыс істеп көрермін
Erkekyz
Менде мынадай сұрақ бар: егер ID номер мен парольді берсе, біраз күндерден кейін де тура сол сандармен компьютерге қайта кіре алады ма?
konvict
Жоқ. Себебі пароль өзгеріп отырады. Сосын сіз өзіңізге біреудің кіргенін байқай аласыз.