Сәлеметсіздер ме құрметті КерекИнфолықтар !?

Сәлем сөздің атасы демекші алғашқы постымды амандасудан бастадым.
Алғашқы постымды ҚазНеттегі жаңа бір сайт туралы жасасам деймін. Болашақтағы посттарым да осы тақырыпта болмақ. Көзге ілінгенінше) Уақыттың жеткенінше ҚазНеттегі барлық жаңа сайттарға шолу жасамақ ойым бар. Сонымен бүгінгі тақырыпта — LIVEnet.kz.

Бұл сайт туралы не айтуға болады? Қарап көрелік.

Атақты твиттер тектес кезекті сайт.
Дизайн жағы толық қанды бітірілмеген.
Шет елдік движокта жасалған(Егер де қазақтың қара домалақ жігіттері өздері жасаған болса бұлай айтуға дәтім бармас еді)
Қазақша нұсқасы жоқ(менің байқауымша бұл ең басты кемшілігі) алайда сайт авторлары бұл кемшілікті жақын арада жоймақ ойы бар.

ДЕГЕНМЕН.

Өте ыңғайлы екен. Қолдануға болады. Жылдам әрі ыңғайлы сілтемелермен, суреттермен, видеомен және музыкамен бөліссе болады. Біраз кемшіліктері болғанмен маған аталмыш сервис ұнады.
Менің ондағы профилім livenet.kz/ustara
Алайда әркімнің көзқарасы әртүрлі болғандықтан әр бір сайттың әділ қазысы сіздер мен біздер — қолданушылар. Бағасын өздеріңіз берерсіздер. Тіркелу

Сонымен, тағы да бір рет Армысыз ардақты КерекИнфолықтар. Сіздерге менің алғашқы постым ұнады деген ойдамын. Келешекте жақсырақ жазуға тырысамын. Орыс айтпақшы бір ғасыр өмір сүрсең бір ғасыр оқы, яғни біліміңді шыңда, әрі қарай бар өнеріңді жетілдір.
Бөлісу:

6 пікір

asaubota
қош келдің.

сайт туралы жеке ойымды айтар болсам, мұндай сайт бар твиттер.кз

негізі Твиттерге альтернатив аша бергенше ол сайтты қазақшаға аударуға күш салған дұрыс сияқты.
ustara
Рахмет. Қазіргі кезде Қазақшаландыру жағы қолға алынып жатыр дегендей сыбыс естідім.
Ал негізінде сіздің ойыңызға толықтай келісем.
asaubota
қазақшалану емес жалпы Твиттер басқа тілдерге аударылғысы келіп, қолданушыларына анкета істеп қойды. қай тілге аударғыңыз келеді деп. егер қазақ тіліне сұраныс көп болса болашақта аударуға рұқсат беріп қалар.
Serzha
сұраныс көп болмайтын сияқты
KILYZAMAN
Анкета көре алмадым Ареке…
asaubota
Твиттер аудару орталығы twitter.com/translator

аударуға өтініш жіберу анкетасы translate.twttr.com/lang_request