Әркімнің хат жазуы әр қилы...

Грузиннің баласы Мәскеуде ЖОО оқиды екен. Әкесіне былай хат жазыпты."Әке, мені осы оқуға түсіргеніңе рахмет! Біліммен сусындап жатырмын. Бір жаманы жұрттың бәрі трамваймен барады сабаққа, мен ғана жеке машинаммен барып жүрген. Ұят екен." Әкесі былай жауап беріпті " Балам, жақсы оқы оқуыңды. Поштаға ақша аудардым, сен де трамвай сатып ал да сабағыңа сонымен бар,қатарыңнан қалма!"

Қазақтың баласы Алматыда оқып жүр екен. Әкесіне хат жазыпты. "Әке, оқуым жақсы. Шамалы ақша керек болып тұрғаны, 10 000 теңге салып жіберсең..." Әкесінің жауабы «Балам, жақсы оқы оқуыңды. Міне, сұраған 1000 теңгең. Балам өзің ЖОО оқисың 1000 теңге деген 4 нөлмен емес 3 нөлмен жазылады.

Еврейдің баласы да әкесіне хат жазыпты.»Әке, оқуым жақсы.Шамалы ақша керек болып тұр"
Әкесінің жауабы«Балам, жақсы оқы» Біздің жағдайымыз жақсы.Саған ақша саламыз деп ойлап отыр ек конвертті жауып қойыппыз.."

ПыСы: Әнектердің шыққан уақыты сәл ертерек. Себебі қазір ешкім хат жазбайды және колледждің де студенттері мәшине мініп жүр.
Бөлісу:

7 пікір

edige
Нысанада тура осы баламаны Дәнекер айтқан еді
:)))))))))) Жақсылап күлгенбіз
Abilakim
қашан? Лібәдтің Дәнекері! Қап, бәлем Нысана!
konvict
Айтпақшы ұмытып барам айтып қалайын, неге екенін қайдам сені Шымкенттік екен деп қала беремін
neoman
Кейде сіз болмайтын нәрселерді жазып кетеді екенсіз
Abilakim
Кейде болатын нәрселерді де жазатын болғаным ғой сонда