Кім немен әлек...


Болмай қалған президент — ҚР Парламентінің жоғарғы палатасының депутаты (сенатор) Ғани Қасымов педофилдерге қарсы күрестің жаңа үрдісін іске қосуға білек сыбана кірісіп кетіпті.
Егер ісі оңға басса, келешекте педофилдер балардан оқшауланып, бала-бақша сынды мекемелерде жүргізуші де болып орналаса алмайтындай қылмақ. Ол үшін аянбай тер төгіп жүрген генерал аға Мәсімовпен хат алысыпта үлгеріпті. Белсенді блогшы, әрі үкімет басшысы — Кәрім Мәсімов Ғани Қасымовтың бастамасын қолдап, батасын беріпті. Осылайша, өзі герерал, өзі депутат — Ғани Қасымов ағамыз — педофилдермен күресу жолына ашық түсті.

Ресейде де бұл мәселе (педофилдердің) қызу талқылау үстінде екенін ескерсек, Ғани аға шабытын қайдан алғандығы бірден аңғарылады.
Осы аптадағы екінші саяси «активті» тұлға — ҚР Парламентінің төменгі палата депутаты — Тәңірберген Бердіоңғаров.

Тәңірберген аға Қазақстанға құдай берген екі ірі ұялы байланыс операторларының (Картел мен GSM Қазақстан) қызметтерінің тым қымбат екендігін айтып әлек. Сірә, депутат ағамды бірліктердің мәселесі көктемде мазалағанына қарағанда, көктем синдромы, немесе жай ғана махаббатқа мас болып жүрген болар. Бірақ, қайта-қайта сөйлесуге алыптардың алып бағалары кедергі болы ма екен?)

Инна амальу би ниат, нәрсенің бәрі ниетке байланысты. Кім біледі. Мүскін жақын болашақта активтен билайнға мояк тастамай, бірліктерге алаңдамай, емін еркін сөйлесер заман да келер. Қалай болса да, іске сәт Тәңірберген.
Бөлісу:

7 пікір

Abilakim
/герерал/-генерал
«999» деген фильмде жүр ғой мынау Тәңірберген Бердоңғаров
AsanQaigy
Депутаттарымыз киноға түсіп мәз)
edige
Кәсіптен жаңылған екенін біліп едік алдын, Амантай атаммен таласып рейтинг устап жүр екен бәрекелді. Әскери киім үлгісінің нұсқасына ізденіп жүрген болар.
satibaldi
билайнға мояк тастамай
Твояк???
nurbergen_makym
Бердоңғаров NEO брендімен Қазақстан нарығына еніп жатқан швециялық Тele2 телеоператорының лоббиі деген мәлімет бар :)