Тазару...
Бір бейбақ өзінің ақылшы досынан жаман ойлармен, бықсық пиғылдардан құтылудың амалын сұрапты…
Сонда досы оған: өзін-өзі биік тау, ал ойларымен түрлі пиғылдарын сол таудың шыңынан құлап ағып жатқан лас, қарасудан тұратын жылға ретінде елестету керегін айтыпты.
— Тау болуға жарасаң, басыңнан құлап ағып жатқан лас судың бірте-бірте тұна бастағанын сезінесің, пендешіліктен жоғары боласың, тазарасың. Тек, ағып жатқан су бірде тұныса, қайбір себептермен қайтадан ластанып тұрады. Ал сен биік бол, қайтадан тұнғанын күт. Толассыз аққан судың бірде ластанып бірде тұнып тұратынының себеп-салдарын түсін десе керек.
(Бір жерден орысша нұсқасын оқып едім)

9 пікір