Есіңде ме (аяқталмаған өлең)

Көңіліме менің буылдыр тұман тартып бір қойған, бақ құсым,
Сыйлап ең маған сезімдеріңнің тым сыйлысын, тәттісін…
Қара бұлт жапқан аспаныма шуағын күннің әкелген
Өзің едің ғой, есіңде ме, қарақат көздім ақ мүсін…

Жаныма менің жұбаныш болған, шаншылып біткен шынарым,
Әдемі бір әуезге бөлейді өзіңе деген құмар үн…
Жалғыздық келіп жаншыған кезде жұдырық сипат жүректі
Жарасын жазған өзің едің ғой, есіңде ме, тұмарым…

Өміріме менің өзгешелеу өрнек салған, қарағым,
Жалғыз сені жан-тәніммен жараттым да қаладым…
Жапан далада жабығып қалғанда, болмысын маған сыйлаған
Өзің едің ғой, есіңде ме, ақылдым менің, саналым…
Бөлісу:

36 пікір

sammita
неткен бақытты жан…
(жиырма шақты буыннан құралған өлең екен, мықты).
qisyq
Рахмет, шыныменде жиырма шақты буын екен, әәә???
sammita
мынаны 6 шумақ қылуға болады екен:)
Жаныма менің жұбаныш болған,
Шаншылып біткен шынарым,
Әдемі бір әуезге бөлейді
Өзіңе деген құмар үн……
qisyq
Тапқырлық… Болады.
Маған осындай көп буынды тармақтар ұнайды. Сосын ғой созбалақтатып жүргенім.
AKY
Да жуу, кезекті ұйқас((
qisyq
Да жуу деген нені білдіреді?
KILYZAMAN
Қалай санайды?
qisyq
Буынмен. Мысалы: Кө ңі лі ме ме нің бу ыл дыр тұ ман тар тып бір қой ған, бақ құ сым
KILYZAMAN
Ммм, Рахмет. Бұрын мән бермейтін болсам керек…
sammita
таспиық тартып санаймыз.
qisyq
«Алагеуім шақ. Тіршілік сыйлаушы күн шуағын қанша мейірлене төксе де, түнгі суықтан дірдектеп шыққан жердің беті жылынып болар емес. Аласа келген қырат басына салынған ескі мінәжат үйі бүгін жүз жылдық жүрісінен жаңылып, есігін айқара ашып тастапты. Екі жағына пышақ жанығандай арық, еңкіш қараторы шал есін білгелі осы жердің шырақшысы.
Тоңқалаң қағып, әлденені күбірлеп жүрген бұл үшін бүгін ерекше күн. Мінәжат үйіне алыстан Саммита ханым келіп жатыр. Бойында білімділік пен ақсүйектік белгілері қатар өрілген ханым келе сала мұны сұрақтың астына алған-ды. „Осылай да осылай Көне Кітаптың тарауларын қайта санау керек“ деп. „Қалай санаймыз?“ деген болатын бұл. „Таспиық тартып санаймыз“ деді паң ханым...»
Аффтор Гюго, «Саммита ханым» романы, төртінші кітап, 78 бет.
Aizhantabyn
Qisyk au, osy senin olenin barinen bolek. Mynnyn iwinen ainytpai tanuga bolady. Jaksy korem olenindi, ozindi de :)))

Supermegaklass :D
qisyq
Құдай бере салған, әпкем-ау, рахмет. Мына түріңмен сен маған өлең шығартпай қоймайсың ғой:)))
Aizhantabyn
:))) Sinlim aman bolsyn :)))
Nurgisa
Димаш күйеубалаң ба, Айжан?
nurbergen_makym
Немен аяқталад?
qisyq
Романтиктер үшін мәнді де сәнді, мәңгілік махаббатқа ие отбасылық өмірмен, реалистер үшін секспен, оптимистер үшін жанға жайлы, шуақты қарым-қатынаспен, пессимистер үшін асылып не атылып өлумен аяқталады.
edige
:))) 5 ей
qisyq
5 — бұл баға беруің бе, әлде қаралы өткеніме иек қағып, ымдап отырсың ба?)))))
edige
Шын көңілден берілген баға бұл ↑
Біз де сау қалмадық қой ол жерден :))))))))))))))
Altygradus
мен үшін Аппақ қызың ең ерекше өлең
qisyq
:))))))))))))))))))))))))))) сөз жоқ))))))))
Altygradus
не боқалд?:)))))) өлеңдерін мақтасаң да осы:))))
qisyq
Ой-е, наймандар осылай наезд жасай кетеді бірден, сөз жоқ пікіріңе, рахмет ниетіңе деп қалбалақтап жатырмын ғой мен жаным қалмай:)))
TERISKEI
маған да «Аппақ қызың» ұнаушы еді «уа-чалап» қалатын, мына "ақ мүсінің" де жаман емес секілді, но уа-ча жоқ бұған :)))
qisyq
Көре алмай жатыр, көре алмай жатыр бәсекелесім:))))))))))))
TERISKEI
сені емес, ана жақта 5-ті көре алмай жатырмын:)))
konvict
Мен өлеңнің жақсы жамандығын айыра алмаймын. Бірақ өзгелер жақсы депті. Өте керемет екен деп менде қоса салайын
qisyq
Сболыш:)))))))))))))))))))))))))))))))))))))
estetika91
Тамаша жыр! Лирикаға толы.Бастысы, оралымды ойлы…