Қазақстанға батыстық көзқарас: қазақтар болмашы нәрсені «жуғанды» жақсы көреді

Жақында уордпрестің блогтарын ақтара отырып қызық бір мақалаға кез болдым. Блог иесі – Кристина Грей есімді АҚШ азаматшасы. Крис-тина 2007 жылы Қазақстанға келген. Алғаш КИМЭП-те екі жыл дәріс оқыған. Содан кейін Назарбаев университетінде оқытушы қызметін атқарған. Қазіргі таңда АҚШ-та өз отбасымен бірге тату-тәтті өмір сүріп жатқан жайы бар. Блогының аты – «Қазақстанға батыстық көзқарас». Онда Қазақстан туралы әжептәуір дүние жариялапты. Соның ішінде шетелден келгендер арасында кішігірім сауалнама да бар екен.
«Мен осында қызмет атқарып жүрген 50-дей шетелдік эмигрантқа онлайн-сауалнама жүргізіп едім. Олардың 27-сі жауап қайтарды. Соларды қорытындылайтын болсақ Қазақстанда ең көп қойылатын сұрақ мыналар екен:
Қай жақтан келдің? – 59%;
Бұл жерге келудегі мақсатың не? – 22%;
Бала-шағаң бар ма? – 4%.
Қалған 14%-ы «Бұл жер ұнады ма?» немесе «АҚШ жақсы ма, Қазақстан жақсы ма?» деген сұрақтарды қояды деп жауап беріпті.
«Қазақстанға қандай мақсатпен келдің?» деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 38%-ы «жұмыс бабымен келдім» деп жауап қайтарыпты. 11 пайызы Қазақстан өмір сүруге ыңғайлы және қызықты оқиға іздеп келгендерін алға тартады. Сондай-ақ, 5 пайызының әйелдері қазақ (!) және 3%-ы орысша білгендіктен Қазақстанда қызмет атқарады. Қалғандарының 5%-ы Орталық Азиядағы қызықты мекен десе, 32%-ның жұбайлары Қазақстанда нандарын тауып жүр» деп жауап жазыпты.
Кристина Грей оған қоса төмендегідей сұрақтарға берілген жауаптардың пайызға шаққандағы көрсеткішін жария етіпті.
1. Қазақстанның қалалары мен ауылдары арасындағы жалақы мөлшері тең емес.
a. 30% – рас
b. 37% – мүмкін
c. 33% – қалыс қалған

2. Кеңес өкіметінің менталитетінен әлі арылмаған.
a. 33% – рас
b. 41% – мүмкін
c. 26% – қалыс қалған

3. Мәшинелер жаяу жүргіншілерге арналған жолға тым жақын жүреді.
a. 19% – рас
b. 22% – мүмкін
c. 52% – қалыс қалған
d. 7% – дұрыс емес

4. Ауасы лас және салқын.
a. 15% – рас
b. 30% – мүмкін
c. 30% – қалыс қалған
d. 25% – өтірік болуы да мүмкін

5. Жол автоинспекциясы қызметкерлері жүргізушілерді бекерге тоқтатады.
a. 26% – шын
b. 26% – мүмкін
c. 41% – қалыс қалған
d. 7% – өтірік болуы да мүмкін

6. Жұмыс істеуге және виза беруге байланысты заңдары түсініксіз.
a. 30% – шын
b. 15% – мүмкін
c. 51% – қалыс қалған
d. 4% – дұрыс емес

7. Өзіңді Қазақстанға керек еместей сезінесің.
a. 7% – шын
b. 8% – мүмкін
c. 44% – қалыс қалған
d. 15% – өтірік болуы да мүмкін
e. 26% – дұрыс емес.
Соңғы сұрақтың жауаптары мені қатты таңғалдырды. «Мен өзімді ағылшын тілі пәнінің маманы ретінде қазақ студенттеріне қажет екендігімді білсем де, өзімді керексіз сезінемін».
Айта кетерлігі блогта Кристина ханым өзі туралы ештеңе жазбаған. Себебін сұрап жазған хатыма төмендегідей жауап алдым.
«Абай, хат жазғаның үшін қуаныштымын. Рас, блогта өзім туралы таратып ештеңе жазған емеспін. Себебі, өзім қызмет атқарған КИМЭП пен НУ-дің беделіне кейбір жазбаларым нұқсан келтіруі мүмкін екендігін ескердім. Мен әрқашан Қазақстан туралы жағымды жазбалар ғана жазбадым. Олай жазу ескі – Кеңес өкіметінің қалдығы деп білемін. Мен не көрдім, соны блогқа кіргіздім».
Келесі бір блог иесі өзінің анонимді болғанын қалайды. «Мен Астанада білім мекемесінде әлеуметтік дамыту консультанты болып қызмет атқарамын. АҚШ-тан келдім. Мен кім екендігімді құпия ұстағым келеді. Сол себепті мен көрген жақсы, жаман нәрселерді емін-еркін жаза аламын. Қазақстанға келіп қызмет атқарғаныма бес жыл болды. Отбасылымын, әйелім қазақ. Егер әйелім қазақ болмағанда мен бұнда тұрмас едім. Алайда, Қазақстан жақсы мемлекет. Адамдары көпшіл, тамақтары керемет, салт-дәстүрі қызықтырарлық» депті «Өзім туралы» деген бетке блог иесі. Енді бір жерде Астана туралы өз ойымен бөлісіпті:
«Астананың қысы суық әрі ұзақ. Әлемдік метеорология ұйымының мәліметтері бойынша жылдық орташа температура 1.8C градус-ты құрайды. Жазы қысқа болғанымен аздап ыстықтау. Қыстың сақылдаған аязына шыдау үшін жылы пальто, қолғап, қалың шәпке және бөкебай киген абзал. Мен киімдерді басқа жерден сатып алуды ұсынар едім. Себебі, бұл жақта пальтолар қымбат тұрады. «Goretex» немесе одан басқа синтетикалық киімдер екі есе қымбат.
Көп үйлерде термостат немесе жылу рет-тегіш жоқ. Жылудың көп берілуіне байланысты бөлменің іші ыситын болса, амалсыз терезені ашуға тура келеді. Осылайша терезені бір ашып, бір жабу жалғаса береді. Әркез ыстықтың берілуі ауаны құрғақ қылады. Жаздың ыстық күндері офисте отырып жұмыс істейтіндер «футболкамен» отырады екен. Бұл жақта жаңбыр, қар аз жауады. Есесіне даладан есетін жел бар.
Қазақтар өте шыдамды халық. Америка-лықтар секілді шыдамсызданудың орнына кез келген нәрсеге байыппен қарайды.
Менің ойымша Қазақстандағы ең қызық дәстүр – «жуу». «Жуу» – өзгеше бір оқиғаны қолға рөмке ұстап тұрып тілек айту. Мысалы, жақында досымның досының үйіне қонаққа бардық. Жаңа кір жуғыш мәшине сатып алыпты, соны «жуып» жатыр екен. Одан басқа біреу кішкене жетістікке жете қалса, жақсы бір бизнеспен айналысса (бұлар Батыста таңғаларлық емес), жаңа киім немесе жаңа кір жуғыш мәшине сатып алса да «жуады». Бір сөзбен айтқанда, болмашыны «жуа» береді екен».

Майкл Дж. Уанг есімді жігіт Қазақстанда жолда жүрудің қауіпті екендігін айтады:
«Жақында кешке таман үйге келе жатып мәшине апатынан қайтыс болған адамның денесін көрдім. Біраз адамдар мәшинесінен түсіп өлген адамның денесін қарап жатты. Кейбірі телефондарына түсіріп жатыр. Біраздан кейін полиция да келді. Мен оқиға орнынан жылдам кетіп қалдым. Себебі, келген полицейлердің сұрағына жауап беретіндей менің орысша сауатым да шамалы.
Қазақстанда көлік қатынасы өте қауіпті. Әсіресе, қыста қар жауғанда, жол тайғақ болғанда қауіп ұлғая түседі. Бұл жақтың жолда жүру ережесіне таңғаламын. Кейде сол ереже жоқ секілді көрініп кетеді. Жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтер кезде абайламасаң, көлік қағып кетуі мүмкін. Көшелерде мәшинелердің «жол бер» деген ескертпе сигналы құлақ тұндырады. Кейбір кезде қарама-қарсы бағытқа шығып, жылдамдығын арттырған мәшинелерді көп көремін. Тіпті, тайғақта жоғары жылдамдықпен жүріп бара жатқан көліктерді көргенде айтарға сөз таппай қаламын.
Болашақта әркім өмірдің қадірін түсінеді деген үміттемін. Өмір – өте қысқа. Көп нәрсені дұрыстауға уақыт тапшылық етеді».
Пы.Сы. Суреттер ұрланған. Қайдан алғанымды іздеп отырғым келмеді. Еріндім.
Бөлісу:

7 пікір

konvict
@Kilyzaman-ды шақырсам ба екен, әлде керегі жоқ па?
Onlasyn
Мен оқиға орнынан жылдам кетіп қалдым. Себебі, келген полицейлердің сұрағына жауап беретіндей менің орысша сауатым да шамалы.
Шешесс.
sigma
Бір жігіт бір шаруасын бітіртіп алып жуыпты. Әлгі істетіп жүрген әлегі арасына адам салмаса мың теңгенің шамасы екен. Көмектескен досын, өз достарын (за компанию) шақырып жуып отырып, дым шығармай бітіріп алдым деп ұрып отыр екен. Кафеге бес мың тастапты.
Onlasyn
«Лохотроннан ұтқан 30 теңгемізді 30 мыңға жуатынбыз» ©Нысана
boztorgai
өзім ештеме жумайм.
десем де, жігіттермен кейде көңіл көтеретініміз рас
serjan
Америкада жүруші едім виский ішіп,
Қазақстанға неге келдім к....ім .қышып.
Бір наский алсаңдағы жу дейді екен,
Жумасаң Американдық қу дейді екен.

деген сөздер жоқ па екен.
neoman
Бұлар туған күнде кезектесіп тұрып тілек айтуды да түсінбейді, өйткені өздері туған күнде жай ғана сыра-вискилерін ішіп тарқайды