"Қазақфильм" отандық кинофильмдерді бүгін тегін көрсетеді
Ақпаратты кештеу оқып, сан соғып отырмын. Алайда біреу болмаса, біреуге керек болып қалар.
Бүгін Алматыдағы Орталық мемлекеттік мұражайда "Қазақфильм" киностудиясы түсірген бес туынды тегін көрсетіледі.
Ұйымдастырушылар акцияны 18 мамырда атап өтілетін Халықаралық Мұражайлар күнімен байланыстырып отыр. Бүгін, яғни мамырдың 13-де (жұма) Орталық мұражайда сағат 17.00-ден 24:00-ге дейін келесі кинофильмдерді көруге болады: «Ликвидатор» (режиссері — Ақан Сатаев), "Қызғылт қоян туралы ертегі" (режиссері — Фархат Шәріпов), «Балалық шағымның аспаны» (режиссері — Рүстем Әбдірашев) және қайта өңделген "Қыз Жібек" (режиссері — Сұлтан Қожықов) пен «Біздің сүйікті дәрігер» (режиссері — Шәке Айманов).
Жұманың кешін қазақ киносын көріп өткізем дегендер қызығып қалар.
Ақпарат көзі.
Барған адам болса, репортаж жазыңдаршы, өтініш.
www.facebook.com/home.php?sk=group_197592446952691
@VKM @Aidossik өздерің де осындай бір шара ұйымдастырсаңдаршы. Мәселен, керекшілер бас қосуын. Алматы мен Астанадан баратындар табылар :)
күліватқан смайлайтпақшы фестивальға қатысып жатқан кинолардың қойылмдары тегін. барып көремін деушілерге есік ашық. қасымдағы жұмыстас адам «Арманда» Жапонның 60-70жж түсірілген киноларын көргенін айтты