9 мамыр Ұлы Жеңіске арналған отшашу(салют).
9 мамыр күні достарыммен кездескенмін, көп болған еді кездеспегелі… ұзақ әңгіме соңында бүгінгі отшашуға барайық деп келістік. Есіл жағалауына бардық, адамдар саны көп, барлығы осы сәтті күтіп тұрғандай тізіліп жиналып тұр екен. Естуімше көбіне сагат 22-00де болатын, бірақ бұл жолы кешіктірді. Достарым(қыздар) біраз тонып, қайтайыққа басты. Не керек жарты сағатқа кешіктіріп басталды, шамамен 8-9 минуттай болды. Енді керемет көрініс. Салюттің ошағы өзеннің арғы бетінде, біз мына бетте, ортада салют. Жаңағы қайттыққа басқан достарым, қалғандарына риза болып қалды) не керек, аааа-уууу деп, біреулер қол соғып, (сықырып жатқандар аз емес) қайттық.
p.s. уақыттарыңыз болса, барып қайтқан дұрыс сияқты.
15 пікір