Еуропасымақ қазақтар

Лібә, бір күні Алматыдағы қадеге бардым. (Түсініктеме: "Қаде" деп батыс өңірінде қайтыс болған адамға қатысты жасалатын рәсімдерді айтады. Мысалы: Үші, жетісі, қырқы, жүзі, жылы). Молда өсиеттерін айтып, ақсақалдар әңгімелерін бітіре берген сәтте бесбармақ (кімге бешбармақ) әкелінді. Ет туралған соң, «жеңдер-жеңдер» деп біздерге — қонақтарға итермелей бастады. Мен бірден кірісіп кеттім. Бір заманда басымда көтерсем — адамдар маған алара қарап отыр. Өзім қаде рәсімдерінен шорқақтау едім, істеуге болмайтын нәрсені істеп, бірдеңе бүлдіріп қойдым ба деп қысылып қалдым. Біраздан соң түсіндім — мен мәмбет болып қалыппын. Менен басқалары сызылып шанышқымен жеп отыр екен бешбармақты. "Әбілязовтың" дедім іштей. Еуропалық болған түрлерін-ай.

Бесбармақ бес бармақпен желінбесе ол несіне бесбармақ? Соңғы уақытта осындай "әдептілік" үрдісі қалыптасыпты. Бәрі жапа тармағай шанышқымен бешбармақ жейді. Жақсы, бір жерге асығып бара жатып, қолыңды бүлдірмеу үшін шанышқымен атүсті «ауыз тидің» делік. Жақсы, қол жуатын жері жоқ жерде қоректендің делік. Олар кешірімді. Ал мынандай қазақы ортада ол артықтау енді.
Бөлісу:

132 пікір

haos
әркімнің өз еркі…
saken
ол ештеңе емес. Жұмыста осы Алматы облысының балаларын ауылға (Қызылордаға) командировкаға жібергенбіз ғой. Ел көріп қайтсын, жер көріп қайтсын, әрі тәжірбие алмассын деген мақсатта. Содан олар ауылға келген соң, ауылдағы жігіттер ет асып күтпей ме. Барлығы жапа-тармағай қол салып ет жегенінен ұшынып өліп қала жаздапты жіберген сабаздарымыз :((
Zilola
менің екінші жездем де солай, қолмен жегенді жақтырмайды. Мен оған «тоқсың сен, жемесең одан әрі» деп өзіміз қолмен жей береміз (1 табақтан) :)))))))))))
Arhun
ой, Пәке, сіздің жазғаныныңызды оқып, бір күлдім ғой… Негізі басқа елде осындай оқиға болса, жағдай керсінше болар еді. Японияда мысалы осындай ата дәстүрлерін мүлдіртпей орындайтын еді Ал бізде ше? Осы ескі қазақи әдетімізді қайтсекте жандандыруымыз керек.
KILYZAMAN
Қытай медицинасы бізді зерттей зерттей келе, қазақтар біледі тамақты қалай жеу керек екенін деп мойындаса керек. Өйткені қайсыбір зерттеулерінде бессаусақ жылы(ыстық) бесбармаққа тигенде асқазанда оны қортатын сөлдің бөліну мөлшері реттеліп отыратын болса керек… Мен бұл нәрсені олардың шөкемен(таяқшамен) жеу мәдениетінің себебін түсіндіретін бір мақаладан оқысам керек. (Ол жерде темір қасық пен шанышқының тіске сол сияқты ағзаға тигізер зияны жайлы еді)
haos
асқазанда оны қортатын сөлдің бөліну мөлшері реттеліп отыратын болса
негізі үш саусақпен жеу…
saken
Қытай медицинасы бізді зерттей зерттей келе, қазақтар біледі тамақты қалай жеу керек екенін деп мойындаса керек.

басқа, басқа… бірақ Қытайлар тамақты қолмен жеп үйренбесін деп тілейік.
Бүкіләлемдік ашаршылық, қытайлар тамақты шанышқымен жеген уақытта болады деген әнек бар ғой)))
Aizhantabyn
этикеттен жұрдай ғой. Қайтесіз енді…
Бесбармақты, палауды қолмен жеу біздің елдің этикеті, ал шетелде мәселен, артишокты, краб, омар дегендерді қолмен жейді.
Erkekyz
Менде мантыны солай жегім келеді, бірақ мәмбет деп ойлап қалмасын деп шанышқымен жеймін.(
Aizhantabyn
а маған бәрібір)) Нені қалай жеймін десем, солай жеймін. Әрине, әдептен әрі емес. Ресторанда отырсаң (общий зал болса) отырғаның шанышқымен майысып манты жеп)
konvict
Мен ұл болған соң ба тамақ жегенде ұялып көрмеппін. Бірақ, етті қасықпен жеймін. Себебін айтқым келмейді. Ең дұрысы қолым күйеді деп құтылайын
Zilola
мен үйге барғанда бір рахаттанып қолмен жеп аламын :)
Abilakim
біз үйде қолмен жей береміз мантыны
VKM
патик, ренжімесең, мен қолмен жегенді көрмеппін.Қасықпен не шанышқымен жейді.
Aizhantabyn
дааааааааа? Сендерде қолмен жемей ме? Капец! Өмір бойы қалада тұрсам да, бесбармақты қолмен жейтінін білем и так и делаю)))
Қызық! Естімеген ел де көп деген)))
VKM
Айжаниии,қайдан білем, егер көрмесем. Мен де таңқалар едім.Үлкен науқандар түгіл үйде де жемейді.
Aizhantabyn
ВКММММММММММММ))) просто, қатты таң қалып отырмын есть же!!!

Өскеменнің жігітімен жүріп, сұрамаппын да ғой асты қалай жейсіңдер деп)))
Олар қолмен жейтін еді, кажется)) (білмейм бірақ)
Қолмен жеген кайф, бірақ интимный дүние боп қалды) Қонақта ваще ас жеу бір түрлі маған…
VKM
мяссаған))) осы жерден толығырақ, маған жеңге болмай қалыпсың, неге???Өскеменнің өзінен бе еді? Қайда таныстың?
Aizhantabyn
аха, Өскеменнің өзінен негізі. Бірақ біраз жыл әжесімен зайсанда тұрған (апашкин сын). Жеңге бола алмай қалдым, өйткені тым көп жүріп қойдық)) Төрт жарым жыл ұзақ «срок». )) Жалығып кетті ме менен, әлде басқаны кезікті ме білмейм, алды да кетіп қалды аяқ асты) (айтып еді мамам, фамилиясы жаман екен деп))).
Воот. Бірақ, сол жақтың қазағын жақсы көрем))
VKM
тойға шақыруды мұткетпе, аха;)))
Aizhantabyn
хахаххахха, я в оющем жақсы көрем, конкретный біреуді емес)) Бірақ, АЛЛА деп күйеуге шықсам (что мне не грозит еще ой как много), міндетті түрде шақырам.))
saken
Тақырыпқа қайта оралайық:
тойда етті қолмен жеңдер!!!

:)))
VKM
уа-ча:))) жейік, солай жейік, Сакен аға… сорпасын ағызып, ағызып…
xsanatos
мынау енді, қолмен жеп көрген адамның сөзі!!!
Nurzhol
Шанышқымен шұқып жеген ас болмас.
VKM
Нұржол, сен ресторанда отырсың дейік,қолыңмен бешбармақ жеп… вай, картина:)))
Nurzhol
Жалпы айтам ғо. Шұқып жеген ас болмас деп.) Ресторанға тою үшін барғаннан сақтасын.
Nurzhol
Ауру калса да, әдет қалмайд. Бөтен ортадағы тітіркену реакциясы болмағанда, үйде жатып асағанға ештеңе жетпейд.
Erlan
Пыросто қолмен жесең, картобын, етін, нанын, жуасын бәрін бір аласын, сосын шанышқыға қарағанда қолға көбірек ілігеді да ас)) сосын 2 кесе сорпаны басып жібересіңде мандайыңдағы терді білегіңмен тартып жіберіп, ет керім болған екен дисің, тісіңдегі етті тырнағыңмен шұқып :))
qisyq
Туф… пай-пай-пай-оу… Жегеніңе қарап айызым қанды ғой, қойдың қошқардан кейінгі қызығын өзің көрдің…
Анау, тұрған салатқа қол жалғап жіберші, қияр, қызанақты етпен жеген сондай ұнайды ше өзіме…
Altygradus
менде етті қолмен жей алмайды екенмін, еттің өзін жеуге болар ау, ал жайманы қолмен жеген ыңғайсыз сияқты.
boztorgai
екі таяқшаға қалыптасып қалғандікі болар
десем де, шығыс елінде қолмен жеу үрдіс емес пе
satibaldi
Ой нақ, интеллигентсымақ малдарға қырсығып, ондайда етті қолмен алғаныммен қоймай, қамырын езгілеп-езгілеп, мұрнымды тартып-тартып қойып жеймін.
VKM
Регресс
satibaldi
Қасықпен жейд — ұсталып қалд.
sammita
:))))) қазақта бешбармақты қолмен жеуді білмейтіндер бар десе сенбеймін. Тәлпіштік:) Мүмкін әншейін тым мәдениетті көрінгісі келетіндер бар шығар. Ереже бойынша ғана пышақ пен шанышқыны ұстап, мантыны мыжғылап отырамыз. Обал-дағы.
«Ойпырмай» фильмінде ауылдан келген апасы залға кіріп кеп, бешбармаққа қолды салып жібереді ғой «Же, жеңдер айналайындар» деп, қамырды бастықтың алдына сырғытып:)))
VKM
@sammita, бұрын жегенін білмеймін деп тұрған жоқпын,қазіргі кезде ешкім жегенін көрмедім дегенмін.Сіздің кесіп айтатыныңыз бар, менің айтқаным ғана дұрыс,қалғандарың өтрікшісіңдер деп.
sammita
мен сен жайлы айттым ба @VKM жаным-ау, жалпы сондайлар бар ғой жақтырмай қарап, өздерінше менсінбей отыратындар:))
Қатем болса кешір,
Өшіргішпен өшір:))
VKM
Өстіп өзіме көп алып қоятын мінезім бар, сорри,sammita
sammita
:) мамам етті өзі турағанда өзі қолмен жейді, қалғанымыз былай
(72.5 Kb, 463x342)
TERISKEI
мяяяяя, көз алдыма күшті елестеттіңіз, рахмет Сэм ханым! :))))
omarbirat
Етті кесек ет болмаса, қамырымен араластырып қолмен жеуді үйрене алмадым. Қасықпен жейтінімді мойындап қояйын :))

Братан базардағы ет павильонында істейді. Сонда сауда жасайтындардың біреуі құдайы тамақ жасаған соң, үйінен ауыз тиіңдер деп палау әкелген ғой. Біздің бір құда бала ет ұстап жүрген қолын жумастан бірден палау салынған пакетке қол салып, сондағылардың бәрін ұшындырып жіберіпті, нақтың :)))

Таза қолмен жесе, ұшынатын ештеңесі жоқ, негізі.
Gulistan
Бешбармақты қолмен жейміз, шанышқымен жейтіндерге аларып қараймыз:)Сорпаны да ішеміз, бірақ кейбір өңірлерде сорпасын ішпей төгіп тастайтындар бар екен. Обал-ай дейсің…
alisha
«Ет-етке, сорпа — бетке» деп отыратын үлкендер… Өзім бешбармаққа аса құмар емеспін, бірақ сорпасын міндетті түрде ішемін.
sammita
сорпадан бет қайтқан емес, құрт, айран қосылғаны тіпті керемет. Еһ, шіркін бешбармақ:))
satibaldi
Сен-ақ қойш осы.
Zilola
Біз жақта сорпаны тамалар ішеді деп жатады, нишеғо падобного, сорпаны мен де жақсы көремін :))))
AKY
Осы, Жамбыл жақта тамалар көп екен, ия?)))
Zilola
аз емес, біздің жақта ұлы жүз бен кіші жүздер жайлы ауыр әңгіме айта алмайсың :))))))))
qisyq
Қайран да қайран Орта жүзім-ай...(((
Zilola
за то Шығыс н/е орталық Қазақстанға барсаң :)))))))))))
konvict
Осы жерге қыстырылғым келіп кетті. Есіме түскен нәрсені жаза салайын. Қатысы жоқ постқа. Үйсін жесе тәп-тәтті, тама жесе қап-қатты. Не ол?
asaubota
бесбармақ деп айту западлолау бізде. ет дейміз. қолмен жейміз. бірақ, мойындау керек айналаға қарап жейміз. шошынбайды ау дегендерге алдын ала ескертіп айтамыз "қолмен жейтін" едім деп.
сорпаны өзім 3 кесесін ішемін. жұрт тез тұрғысы келіп, ас қайтарғысы келіп жатса екеу ішемін :)
alisha
кейде сондай қонақтықтарда ып-ыссы қып әкеледі ғой сорпаны, ішейін десең, суытуға үлгертпей астарын қайтарғалы жатады, ішпейін десең тәп-тәтті… сүр еттің сорпасын айтсаңдаршы
sammita
осы сүр етті әр жер әртүрлі жасайды. Кептіріп, қақтап, ыстап дегендей. Бізде қайыңның түтініне ыстайды бірнеше сағат бойы. Қып-қызыл копченый ет болады ол. Күштііііі…
konvict
Меніңше жас еттің сорпасы дәмді болатын секілді
Zilola
сүрленген еттің сорпасы одан да күшті, әсіресе маған сүр қазының сорпасына қатық қосып шайқап отырып ішкен ұнайды :)))
Zere
Үлкен қасықпен жейміз. Ауылдағы ағайындарым да қасықпен жейді. Бәлкім Шығыс жақ орыстанып кетсе керек )))
satibaldi
Үлкен қасықпен жейміз
Салфетканың орнына рубероид деп қойсайш сосын, ық-ық…
VKM
Бізде де үлкен қасықпен жей береді, ресторан, кафедлерде пышақ пен шанышқымен)
satibaldi
Елисей алқабының өсектерін айтып деп қойсайш, ық-ық…
asaubota
иә, байқадым. қонаққа барған кезде үй иесінің ережесімен жеу керек деп ойлаймын. яғни, қонақ пен үй иесі бір бірінің таңдауларына түсіністікпен қараулары керек. мысалы біз шанышқы, қасықпен жегісі келетіндерге бөлек салып береміз немесе қолдарына "қаруларын" береміз, ал бір жерге барсақ "қолмен жеуге бола ма?" деп сұрап аламыз.
AKY
Шығыс Қазақстан қолмен жегенді жақтырмайды. Менің құрбымның айтуы бойынша «тек кемпір-шалдар ғана қолмен жейді-мыс». Қалғандары оларға жақтырмай алара қарап отырады екен. «Жиіркенішті ғой» дейді.
Өзіміз қолмен періп аламыз.
satibaldi
Өзіміз қолмен періп аламыз.
Ма*ма…
AKY
Сосын олар уаще жерге отырмайды. Андай тапал үстелдер ще, айналасына жерге отырып шай іше салатын? Уот, сол олар үшін жабайылық)
boztorgai
андай тапал үстелдер ше
уот, сол олар үшін жабайылық

жапондарды қайдам, корей сериалдарында да жерге отырады ғой
сонда олар да жабайы болғаны ма
Erkekyz
Өзіміз қолмен періп аламыз.
Періп деген не? (ялған смайл)
AKY
Жеп аламыз дегенім ғой)))
Abilakim
екі қолымен де жей беретіндер солай айтады
boztorgai
семейде жолдас жігіттің үйінде қонақта отырғам
біруақта ет дайын болды деді. қолымды жуып, сүртініп дайындалып отырм.
сөйтсем қасық тарата бастасы бар ма

солай екен
Altygradus
иә, біздің жақта солай енді, қолмен жейтін кемпір-шалдың өзін сирек көресің. Сосын бешпармақ деп айтпайды. Ет дейді, нанын жайма дейді. Шанышқы деп қатырмай ақ қояйын бірақ көбіне @Зере айтқандай үлкен қасықпен желінеді:) Әр үйдің үрдісі өзінше ғой, ортадан алып жейтіндер болса, әркім өзіне бөлек салатындар да бар. Бірақ қонақ келгенде ешқашан ортадан алатындай жасағанын көрген емеспін.
omarbirat
Негізі, ет жейтін столға шанышқы қою кафенің приколы болса керек. Өлім-жітім, ас дегендерді кафе, тойханаларда өткізген өзіме ұнамайды, әкесс. Ондай жерде болғасын, тамақтарын ішіп, молдаға құран оқытып, беттерін сипап жөндерімен кеткенге адамдар автоматты түрде ұялып қала ма, бірдеңе ғой. 15-20 минутта бітіп кететін шаруа 1-2 сағатқа соылып кетеді. Арнайы асаба жалдамаса да, әйтеуір сөзі өтеді-ау деген бір туысы микрофонды алып, сөз сөйлегісі келгендерге тост береді. Тостты естелік деп атап алған. Қазір басқа жерлерде қалай екенін білмеймін, Алматыда осындай дәстүр мода болып келе жатыр. Европалану деген осы шығар, Туаймайттеннің :)))
Жарайды, үйі тар, ағайындар көп делік. Ондайда шынымен кеңірек жерде атқарғанның сөлекеттігі жоқ. Бірақ той құсатып, адамдарға тост беріп сөйлеткені ұнамайды нақ.
patick
ия ия, ондай қойнасы да болып тұрады.
sammita
тобықтай түйін: көбіміз қолмен жеуге қарсы емеспіз, тек мәдениетке ыңғайласып қасықты амалсыз ұстайды екенбіз. Кездесіп қалсақ бешбармақты қолмен ұра берейік:))
AKY
Ия, пере берейік.))
edige
Ия болса амалын табамыз ғой :)))))))))))
ushkin
Бізде бешбармақты "Іңкәл" дейді) Әлбетте, қолмен жейміз. Өзімізше қаладан келгенсіп шанышқы әкелсек,әкеміз ұрсып тастаушы еді)
AKY
"іңкәл", «тұқым», «тасқұмандарды» естіп бір күлгенбіз, Оралдан туыстарымыз келгенде)))
Abilakim
Қазақша етті қолмен қай уақытта жеуге болмайды:
1) Патик айтып кеткендей суы жоқ,қол жууға мүмкінді болмаған жағдайда
2) Стол басында отырған қатындар сояудай тырнақтарын түрлі лактармен бояп табаққа қолдарын тарбита салғанда
Жалпы котлетті болсын, басқасын болсын шанышқымен шаншып, пышақпен кесіп қажеті жоқ мен үшін. Оларды қасықпен де бөліп жеуге болады негізі
sammita
ұзын тырнақтар күтілген, таза болса ше, кейбірі қысқа тырнағының өзін күте алмай, кір, тістелген болып жүреді ғой.
Abilakim
Таза, боялмаған болса етті қолмен жеуге жарамды.
sammita
ендеше бұл жерде қатын, сояудай тырнақ деудің реті жоқ. Еркектер маникюр жасаса әбес көресіңдер, ал үйде күтім жасаудың сөлекеттілігі жоқ. И жалпы маникюр деген міндетті түрде сояудай, боялған, жалғанған тырнақ емес, жылы суға салып, тазартып, көбесін алып, майлап-сылап ұқыпты ету әдісі. Жалпы түсінік ерлер үшін:)
AKY
Өткенде бір тірліктермен авиаагенствоға барғам, әлгі жерде отыратын жігіттің қолдары жаңа ғана маникюрдан шыққандай, тырнақтары түп-түзу, көбесі жып-жылмағай))) Ощм, адам сүйсінерлік. Клавиатураны сырт-сырт басып, майысып отыр;)))
qisyq
Фууу… бяяяқ…
konvict
Таза тырнақпен еттің қамырын жесең тырнақтың астына кіріп кетпей ме қамыр? Әлде, оны запасқа сақтап қоя ма?
Elirgen
Оны тазалауға болатын шығар
Zilola
Бізде қамыр ауқат деп атаймыз немесе ауқат болмай баратса ет дейміз.
AKY
Бізде «еттің наны», ляляля
a63a1
бізде де солғой тра ля ля
Zhan
Иә біз жақта ет астық дейді немесе қамыр ауқат дейді.
Altygradus
мәселе шанышқымен жеу, қасықпен, қолмен жеуде емес.
мәселе адамның қалыптасқан әдетінде.
Кішкене кезінен бала белгілі бір ортада өседі, сол ортаның әдетін, мәдениетін қабылдайды. Ол үшін солай жасау дұрыс болып есептеледі. кейіндері басқа ортаға түскен жағдайда, ол жасайтын әрекеттен басқадай түрін, немесе қарама-қайшы түрін көрген кезде, неге олай??? олардікі дұрыс емес қой, былай болуы керек қой негізінде деп ойлайды, себебі әр адам үшін өзінің қалыптасқан әдеті, салты бірінші орында тұрады.
qisyq
Дұрыс айтасың.
saken
Шығыстың қыздарына біздің жақтың шалдары майлы еттен бір әдемілеп асатса екен! көз алдыма елестетіп тұрмын :))
VKM
еще біреудің қолынан жеу керек пе?)))))))
saken
үлкен кісі шақырып асатамын десе «отказ» беруге болмайды :)))
олар да әдейілеп майын тауып алып асатады ғой…
VKM
көзге түспеуге тырысу керек екен онда:)))
patick
Поздно, осы жерде көз салушылар күн сайын көбейіп барады.
VKM
Ондай мақсатпен жүрмеп едім… жәй, маған общение-печенье қазақша сұбхаттасқан ұнайды
Zilola
екінің бірін асата бермейді Венка, олар да избранныйларға ғана асатады ғо :)
saken
енді… негізі қыз балаларға онша қауіп жоқ :)
бірақ мысалы Өскеменнің бір жігіті, Арал ауданының Қарақұм деген ауылының қызын алуға барса, сосын ол жігітке сол ауылдың бір ақсақалы астамын десе :))) қыз алуға барып тұрған адам, көзге түспеймін деп тығылып тұра алмайды ғой :)))
haos
жейміз,ұра берейік, пере берейік, Жеп аламыз, жейтін, жейтін, жей беретіндер, жейтінім, жейміз, жейміз, жейміз…
бақыттымын қарын тойғанда....)
Erlan
негізі тазалық жағына келсек шанышқы дұрыс секілді )) мысалы өкпесі ауратын, қолына іш ауруларының бактериясын жұқтырган адам болса, сол жұрттан қалған етті ертесіне таңертең салқындай жеп, одан қалды жылытпа қылып ішівалатын әдетіміз гой
Elirgen
Онда қазақ баяғыда қырылып қалатын еді
neoman
Мен түсінбеймін осы. Бесбармақты қолмен жемеу — Еуропаға жалтақтау ма?! Жоқ, келіспеймін. Мен әдетте қасықпен жеймін, өйткені өзіме солай ыңғайлы (және тазалық ұнайды), батыстың этикетінде жұмысым жоқ

Бірден еуропаланған қазақтар деп әңгіме айтып кететіндерге таң қалам
Aizhantabyn
бәрі де ниетке байланысты.

қасықпен жеу (әсіресе бесбармақты) жат қой бізге, қалай болғанда да)
Соны айтпақ ниет, болмаса кім қалай жеймін десе де, ниетіне орай бәрі де)
Elirgen
бір кесек ет, оған қазының майын қосып, нанмен бүркемелеп, қолмен әдемілеп аттандырғанға не жетсін.
satibaldi
Сол ғой епті: ет деген принципиально қасықпен жеуге келмейд.
Gastarbaiter
Ас алдында қолын жумайтын адам ғана қасықпен жеу қолмен жегенге қарағанда тазалау деген ойда болуы мүмкін.
Негізі кімге қалай ыңғайлы солай жейді ғой. Тек қамырға қол салғанда қасындағысының лоқсығын тырнағының астындағы кірмен келтірмесе болды.
patick
Негізі дастархан жайылмас бұрын, қолға су құю дәстүрі бар. Бірақ кешігіп келген біреулер: «Менің қолым таза» деп отыра кетеді
Simona
Еттi бaлa кезiмнен қaсықпен жейтiнмiн. Қaсық былaй тұрсын, мaғaн спешл тәрелке. Aпaм: қолмен жесең дәмдiрек деп менi үгiттеп, үмiтiн үздi. Қaзiр aйтпaй aқ тәрелке мен қaсық қояды.
Еуропaлық пәлен де жоқ. Жәй, бaлa кезiмде ылбырaп қaлғaн олaқ болaтынмын. Бүкiл нaнды мaйымен төгiп-шaшып, жеп бiткенше мaзaмыз кететiн.
Simona
Түф тегi, aуыздың суын aғызып жiбердiңдер ғой…  s
Armanjan
Негізі дастархан жайылмас бұрын, қолға су құю дәстүрі бар. Бірақ кешігіп келген біреулер: «Менің қолым таза» деп отыра кетеді
иә, бұл енді біздің ауылда жиі болып тұратын жағдай, ақсақалдар бата істеп жатқанда кешігіп келгенімен қоймай, үйден шығарда жуып шыққам деп столға отыра кететін жағдай жиі болып тұрад. Сосын көбінесе жездемізбен бір столға отыруға тырысамыз, ондағымыз пышақты жездемізге беріп өзіміз тыныш қарап отыру, бірақ ол да қарап қалмайды «пышағы бар сүйгенін жейді, пышағы жоқ тигенін жейді» деп алдымызға қазының майын тастап, өзі қаракесегін қылғытып кетед)
kokbori
Бесбармақ бес бармақпен желінбесе ол несіне бесбармақ?
Жалпы адамда бес бармақ бола ма? Бір бармақ, төрт саусақ...
Adiletshu
бармақ, саусақ синоним сөздер. Бас бармақ — Бас саусақ
edige
Ауылда Әбдікен деген кісі бар еді жарықтық… Станокқа бір саусағын алдырывалғын болса да «Ауылды бес саусақтай білемін» деп бастайтын сөзін.
Albasty
Мүмкін солай да болар, бірақ бармақтарын шошайтты дегендей айтылмаған секілді дегенім ғой, бұрын ойланбағам негізі
asaubota
қолмен жеуге ұялатындай жерге әлі барып көрмедім ау деймін. қолмен баса беремін
bizbike
Етті ас қасықпен қалай жеуге болатынын елестете алмай отырмын. Шанышқымен жейтіндердің алдына бөлек ыдыс береміз біз. Жалпы ұшынуға қорқатындар еттің наны қалай жайылатынын елестетіп неге ұшынбайды сонда. Оны да қолмен илеп, жаяды ғой.
ken
Жалпы ұшынуға қорқатындар еттің наны қалай жайылатынын елестетіп неге ұшынбайды сонда. Оны да қолмен илеп, жаяды ғой.
лекин олар қолдарын қайта-қайта аузына, ерніне, сілекейіне тигізіп жаймайды емес пе қамырды

Былай болу керек. Ортада астау немесе леген немесе табақ. Әр адамның алдында бір-бір тәрелке. Ас астаудан тәрелкесіне қасықпен салынады. Жегенде әркімнің қалауына қарай не белкімен не қолмен желінеді.
Anar70
Дұрыс!) қасықпен жесеңші десем «басты қатырма, шаруам жоқ, қолмен жеймін» дейді ғой
Dzhonsaken
леген

Қамырауқат жемегелі коп болды ма тамыр?
sammita
қамырауқаттың/еттің көкесі бізде
Dzhonsaken
Ет болғанда ненің етін көп жейсіңдер?
sammita
бешбармақты ет дейміз, жылқы/қой/сиыр ғой сол. сендер ше?
Dzhonsaken
Қой еті ауыр, оның үстіне қайнағанда өшіп кетеді. Сиырдікін сорпа морпа болмаса қамырауқатқа еш қатысы жоқ. Асуға жылқы етіне жететін ет жоқ шығар шіркін. Жатам дегенше сіңіп кететін…
sammita
жылқыны қыс бойы соғым қылып, көктемде сүрленген ет, жаз бойы қой, күздікке сиыр сойылады. жіліктеп бөлісіп алмайды)))
Arys_arlany
қырғыздың киносын көріп отырып, «еркектер бешбармақ жеу керек» сөзін естіп қалдым, бесбармақ жалпы орта азия хаықтарына ортақ ас ау