Суреттер сөйлесін


Мынау 1903-жылы түскен Абай атамыздың жанұясы. Бұлардың тіршілігі қалай болды екен?! Бөтен біреу сияқты… Ойға не келіп, не кетпейді
Бөлісу:

33 пікір

balenti
осы кезде соц сеть болып, интернетке шыгарып «отметить» етіп қойса а?.. сонда анау бикештер..«Ту Абай удали удали» деп, или басқа қыздар «и Шәкәрім тутта» деп жазар ме еді?))))
Aidossik
вау, такой лапочка деп койып))
Gastarbaiter
Ия бір жүз жыл ғана бұрын осындай тіршілік еткенін білмейді қазіргі мәңгүрттер. Американдықтарды мазақ қыламыз 500-ақ жылдық тарихы бар деп.
Әлі күнге дейін осылай жүрген отбасылар бар десе таңқалмаймын.
Әмерикөттерді қанша жамандасақ та, 500-жылда, біздің 1000 жылда жете алмағанымызға жеткен ел былайынша қарасаң.
Abilakim
Осы сен тамаша тұжырымдамалар жасайсың,құрдас!
satibaldi
Бұлардың тіршілігі қалай болды екен?!
Четверг сайын манты пісіргенге ұқсайды…
Arhun
Ойыма не келуші еді? Тек осы ескі фотосуреттерді көргенімде, осы отырған қазағыма қатты жаным ашиды, жүрегім ауарды…
Gulistan
Суретке қарасақ, Абай атамыз қара торы, кеңдеу, сәл тапал адам болған екен, мен оны аққұба, ұзын бойлы болған ба деп ойлағам. Қасындағы бауырларының жүздері мұңдылау…

ана тұрған екі әйел кім болды екен?
satibaldi
Сәйкесінше — әйелдері, ммуах-ха-ха-ха-ха-хааа )))))))
AKY
Орта бойлы, төртбақ болған дейді ғой көзкөргендер)) Ощм, сұлу болмапТ.
Nurgisa
Күшті сурет екен, алғаш көруім. Абай бабамыздың шын бейнесі осындай болған екен ғой. Әбден ескерткіш пен кітаптарға көз үйретіп қалғасын, шынайы бейнесін қабылдау оңайға соқпай жатыр. Маңдайы кең екен.
nurjanbay
догматтардың басына: «сурет күнә» деген ой келер еді
nurjanbay
маған келген ойлар:
киімдерінің түсі қандай екен? жылдың қай мезгілінде түскен екен, яғни киімдері қай мезгілге арналғанын білгім келеді. киімдерінде ешқандай ою-өрнек жоқ екен. әйелдердің кимешекті сол жаққа қисайтып киетіні сол кезде мода болған сияқты.
Абай атамыздан басқасы кімдер? артқы жағындағы қандай мебел екен, шкаф па? мебелдің үстінде бірдеме тұр, не екен?
сосын адамдарының беттері таза, әдемі келген екен.
қазіргі 50-60 жастағы (суреттегі Абай атамыздың жасы) кісілердің бетін мың жылдық ағаштың қабығындай әжім басып кеткен. жастар жағы да қалысып жатқан жоқ. беттері бұжыр-бұжыр, қап-қара, түтігіп кеткен. арақ пен темекі, істірес, сериалдардың нәтижесі.
қарай берсең неше түрлі ойлар келе береді :)
Gulistan
Ахи, осындай жазулар көп бола берсін!
Gulistan
Абай атаның ар жағында тұрған жасөспірімнің (болмауы да мүмкін) мұрны қызыл, аурудан бас көтерген адам сияқты.
Меніңше, сол кездің ері болсын, әйелі болсын, ерте қартаятын сияқты (тұрмыс тауқыметі бар дегендей), өткен ғасырдың басында өмір сүрген, қырық-елуді жағалап қалған еркегі біздің кезіміздегі алпыс жастағы адамдармен парапар. Менің әкем 42 жаста (51 жылы) өкпесіне суық тиіп, ауырып қайтқан тәтесін (әкесінің інісі) айтып отырады «ел ағасы еді, ақылшы, басымыз болды,әкеміздей еді» деп, қазіргі кейбір қырықтың қырқасына шыққандарды қарасаң, алақ- жұлақ етіп, түлкідей қылаңдап тұр, жастарын мойындамайды.
Әр заманның өз келбеті, өз тарихы бар деп бекер айтпаған.
Abilakim
Болар елдің баласы он бесінде баспын дер, болмас елдің баласы отызында жаспын дер
nurjanbay
жақсы адам қартайса дана болар, жаман адам қартайса шала болар
Zere
Бір журналда осы сурет және Абайдың барлық туыстары жайлы, тағдыры не болды сол туралы жазылған еді. Үйден тауып алып, сіздермен бөлісуге тырысамын.
asaubota
бұрын еш жерден көрген жоқпыз бұл суретті, қызық екен кітаптардан тек әдемі Абайды көріп үйреніп қалған. түріне қарап ақылды сөздер, өлең жазатын адам деп айта алмайды екенсің :)
sammita
қайтыс боларынан 1 жыл бұрын түсіпті.
осындай ескі суреттерде әжелер міндетті түрде жаулық, кимешек киіп отырып, алақандарын алдына (аяғына) қойып түседі.
Abilakim
58 жасындағы суреті ме екен? Түсіп болған соң бәрі «Кәне, кәне, көринш, көринш» деп жүгірген шығар…
sammita
ол кез түгілі оқушы кезімізде фотоға түсіріп кеткен фотограф 1 айдан соң бір-ақ әкелуші еді.
alisha
Біз қазір мүлдем шығарудан қалғанбыз… компта тұр бума-бума...өткен жолы бір қонақтықта фотоға түсіріп жүрсем, жездем әзілдейді: «Шығатын сурет болса ғана түсемін» деп…
Абай десе, анау бір сұр шекпеннен түскен суреті келеді көз алдыма. Мынау расында кішкене еректеу екен.
Beytanis
Анық Абай атамыз ба? Алдында отырған қыздың бөркі әдемі екен, назар аудардыңдар ма?
asaubota
Мындай да фотосын тауып алдым:
Абай

Біз танитын Абай красавчик Абай еді:
Абай

Теңгедегі суретінде шын суреті басылған екен:
Абай
sammita
біріншісі фотосуреті, екіншісі қылқаламмен салынған сияқты.
blackbeard
Біріншісі фотосуреті!
Екіншісі суретші Бұқарбаевтың сызған «Абайы»
bazuka
сәл жастау кезі шығар красавчик кезі. красавчик дегенде есіме түсіп кетті ғо, группамызда Айбек деген Шалқардың баласы сабақ беріп тұрғанда Төлеген Айбергеновты суреттеп оқушыларға түсіндіріп жатырып, «кезінде красавчик жігіт» болған депті. Ішке келген соң методистіміз сойды ғо))
omarbirat
Біздегі суретшілердің фотошопты компьютерсіз-ақ меңгеріп алғанының көрінісі :))
neoman
Қателеспесем, Абай атамыздың музейінде (Жидебайдағы не Семейдегі музейінде, нақты есімде жоқ) дәл осы шапаны ілулі тұр және жанына осы суретті де іліп қойған. Шапанның түсі — көкшіл сұр.

Пс. Не болды сонша алғашқы қауымдық тобырдың суретін көргендей. Менің ауылдағы кейбір суреттерім бұдан көп жақсы емес ;)
Bekjan
Арттағы тұрған әйелдерге көзім түсті… Ділдә мен Әйгерім ғой… Ділдәнің түрі суықтау көрінді… Бәлкім «Абай жолы» кітабының әсері де болуы мүмкін..Әйгерім шынымын де керім қыз екен…

Артында тұрғаны орыс елінде оқуда жүрген баласы сияқты… Орысша мұрт қойған, басындағы шапка, тақия емес… деген сияқты детальдер ғой…
sigma
Артында тұрғаны орыс елінде оқуда жүрген баласы сияқты… Орысша мұрт қойған, басындағы шапка, тақия емес… деген сияқты
Мұрны қызарып тұрғаны да сол дүзграммдатып алған болар, подсорпа