Жұлдызды гол!
Құрметі оқырман, айғайлаған тақырыпты ғана оқи салып біздің ұлттық құрама Аргентина құрамасының немесе бразилиялықтардың қақпашысының санын соқтырып кетті деп қалмаңыздар. Жеті нан құдайы беретін ондай күн жақын емес тәрізді әзірге…
Менің айтпағым...Қазақ эстрадасындағы әншілерден құрылған футболшылар құрама командасы һәм сол команданың Қарағанды шаһарындағы ойыны жайында. 29-шы сәуірде «Шахтер» стадионында өткен жұлдызды кездесудің жарнамалары қаламыздың көрікті де көріксіз жерлеріне осы атпен жапсырылғантын.
Жарнамадан білгеніміздей бұл командада «Мұзарттың»жігіттері, «Ринголықтар» және «Серілер» тобының жігіттері доп тебетін. Дегенмен ойын алдындағы баспасөз мәслихатында команданың толық құрамымен таныс болдық және сөз кезегін алған қонақтар командасының бас жаттықтырушысы Уәлибек Әбдірайымов (Баршамызға «Шаншар» әзіл-сықақ театры арқылы белгілі): «Жігіттерім бабында, былтыр астаналық әншілерді жерге қараттық, Шымкентте де жеңісті қолдан бермедік. Біздің жігіттер Алматыда аптасына екі рет алаңға шығып жүр» деген кезде білетін дұғамызды қайталай бердік. Себебе өз командамыздың жайы белгілі еді. Кілең әкім- қаралардан құралған құрама команда. Кілең ығай мен сығайлар, «Сен тұр мен атайындар». Алдын ала келіскендей қарағандылық әншілер мен ақындар командасымен емес әкімдер мен әкімнен кем еместерге қарсы ойнайтындарын білген кезде «Мәссаған, әкімдерге қалай гол соғамыз» деп Сәкен Майғазиев бір қыршып өтті. Дегенмен көз үшін әлде сөз үшін екенін қайдам біздің құрамада айтыскер ақындар Айтбай Жұмағұл мен Дидар Қамиев, қарағандылық жас ақын Қуаныш Медеубаевтар бар еді. Аталған футболшыларымыз тізімнің соңында, резервтегілердің орындығында өз дәуірлерінің тууын күтіп отырды.
Сонымен ойында басталды. «Алатау» командасымен «Сарыарқа» командасының ойыны басталысымен қызыққа толы болды. Жұбаныш Жексен мен Мейрамбек Беспаевтың шабуылын біздікілер тойтарып отырса, біздің жақтан Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің шабуылы қонақтар жағының тым еркінси бермеуіне септігін тигізіп отырды. Айтып-айтпай не керек қонақтарға бірінші допты «Сарыарқа» командасының атынан ҰҚК қызметкері Мұрат Асылбаев салса, екінші допты айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл қақпада шоршытты. Екі жақта біраз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жаты. Ойынның аты ойын. Дегенмен айып добын тепкен Мұқасан Шахзадаев біздің қақпаның қуысын дәл таба білді.
Ойынның есебі 1:2 болып қарағандылықтардың пайдасына аяқталды. Ойын соңында алматылық әншілер қала тұрғындарына концерттік бағдарламасын тарту етті. Баспасөз мәслихатында белгілі болғаны бұл қаражат Қарағандыда салынып жатқан жаңа мешітке бөлінеді екен. Міне, осылайша қазақтың допқа деген суый бастаған көңілін жылытпақ болған ниеттегі ойын өз мүддесінен шыға білді. Кім жеңсе де қалай жеңсе де қазақ футболы дами берсін ағайын!
Менің айтпағым...Қазақ эстрадасындағы әншілерден құрылған футболшылар құрама командасы һәм сол команданың Қарағанды шаһарындағы ойыны жайында. 29-шы сәуірде «Шахтер» стадионында өткен жұлдызды кездесудің жарнамалары қаламыздың көрікті де көріксіз жерлеріне осы атпен жапсырылғантын.
Жарнамадан білгеніміздей бұл командада «Мұзарттың»жігіттері, «Ринголықтар» және «Серілер» тобының жігіттері доп тебетін.
Сонымен ойында басталды. «Алатау» командасымен «Сарыарқа» командасының ойыны басталысымен қызыққа толы болды. Жұбаныш Жексен мен Мейрамбек Беспаевтың шабуылын біздікілер тойтарып отырса, біздің жақтан Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішевтің шабуылы қонақтар жағының тым еркінси бермеуіне септігін тигізіп отырды. Айтып-айтпай не керек қонақтарға бірінші допты «Сарыарқа» командасының атынан ҰҚК қызметкері Мұрат Асылбаев салса, екінші допты айтыскер ақын Айтбай Жұмағұл қақпада шоршытты. Екі жақта біраз мүмкіндіктерін пайдалана алмай жаты. Ойынның аты ойын. Дегенмен айып добын тепкен Мұқасан Шахзадаев біздің қақпаның қуысын дәл таба білді.
Ойынның есебі 1:2 болып қарағандылықтардың пайдасына аяқталды. Ойын соңында алматылық әншілер қала тұрғындарына концерттік бағдарламасын тарту етті. Баспасөз мәслихатында белгілі болғаны бұл қаражат Қарағандыда салынып жатқан жаңа мешітке бөлінеді екен. Міне, осылайша қазақтың допқа деген суый бастаған көңілін жылытпақ болған ниеттегі ойын өз мүддесінен шыға білді. Кім жеңсе де қалай жеңсе де қазақ футболы дами берсін ағайын!
Айтпақшы Сәкенді көріп қуанып қалдым, сондай жақсы аға :)