Сауырағаш...


суреттің алынған жері
Италиялық археологтер Публий Вергилий Маронның «Энеида» эпосындағы алтын жапырақты бұтағы бар ағаштың қалдығын тапты. Табылған олжа антикалық аңыздардың шындыққа жанасатынын дәлелдейді.
The Daily Telegraph басылымының хабарлауынша, профессор Филиппо Коарелли бастаған ғалымдар Рим түбіндегі Диана Немийская ғибадатханасында қазба жұмыстарын жүргізді.
Қорғаннан ежелгі дәуірлерде қасиетті ағаштар отырғызу үшін керамикамен қоршалған орындар табылды. Керамика сынықтары біздің дәуірімізге дейінгі XIII-XII ғасырларға жатады екен. Ғалымдардың зерттеуінше, ғибадатхана орны мен қасиетті ағаштың қалдықтары «Энеида» аңызындағы алтын жапырақты бұтағы бар еменге (кейбір аңыздарда сауырағаш) сәйкес келеді. Аңыз бойынша асқан ерлікпен алтын жапырақты бұтақты жұлып алуға қол жеткізген Эней оны жерасты әлемінің патшайымы Прозерпинаға сыйлайды. Сөйтіп, өлілер мекеніне жол тартып, марқұм әкесімен кездеседі.
Мақала нұсқасы

Кипаристің(Қызыл арша немесе сауырағаш деп аударылыпты) түрі көп екен… Сауырағаш жайлы білетіндеіңіз болса жаза отырсаңыздар. Орысша аңыздар көп… Біздеде болуы мүмкін…
Бөлісу:
  • 2

6 пікір

direct
Кипарис
дәл есімде жоқ, шамасы сатыбалдының боқтауларынан оқығаным болмаса, бұл ағаш туралы дым білмейді екем))
KILYZAMAN
Баянауыл орман белдеу зонасының үлесіне 40% тиісті және олар қарағай, қараағаш, қайың, терек және көктерек ағаштарымен жабылған. Негізгі орман түзуші тұқым кәдімгі қарағай (pinus sylvestris) болып табылды, ол барлық орманмен жабылған алқаптың 75% алып жатыр. Орманмен жабылған алқаптың қалған бөлігі қайыңнын (Betula verrucosa) және 15,7% теректің (Populus tremula L) 3%, жабысқақ қанды ағаштың (Alnus glutinosa (L.) Gaerth) 2,3% үлесінде. Барлық ағаш өсімдеріне орманмен жабылған жерлердің 98% және бұталардың 2%жатады: крената тобылғы (Spiraea crenata L.), шайқурай тобылғы (S. hypericifolia L.), тікенді раушан (Rosa acicularis Lindl.), қызыл арша (Juniperus sabina L.).
дереккөзі Осыған қарағанда, бар болғанығой
KILYZAMAN
Баянауыл тау бөктерінде серуендеу үлкен ғанибет. Асфальттан он метрдей жер жүргеннен кейін олардың аймағына енесің. Алғашқы жартас ойықтарына өрмелеп шығасың. Күнқағардай төніп тұрған мәрмәр тымақтарға шығасың. Дәлме-дәл грузин-азербайжан қалпағы дерсің. Ал жанында, егер мәрмәр құймақтарымен баспалдақпен көтерілгендей солға жүрсеңіз, жайдары иілген қас пен күле қараған еріннің кескінін көресіз. Тағы бұрылып, көтерілсеңіз, аласа жартастан төгіліп тұрған сөйлемпаз жылғаға тап боласыз. Ол алаңшаның дәл ортасында кішігірім көлшік жасап қойған. Үлкендігі үш-төрт адымдық қана, бес сантиметрлік тереңдігі бар. Көлшік аспан көгі мен ерекше қалыңдығымен таңдандыраратын шөппеп шағылысады. Шүйгін, жарқын шөппен!.. Арша! Қызыл арша.
Өзінің мәңгі жасыл сұлулық шатырымен жасалған Қызыл арша сауырағаш, мәңгі жасыл ағаштардың туын мақтанышпен алып жүріп, табиғатты көркейтіп, өз мекендеу қуысын қорғап қалып күшін көбейте түседі, өзі іспеттес тіршілік иелерінің жаңа буынын береді. Сонымен бірге адам баласына көп пайда әкеледі. Жергілікті тұрғындар оны ревматизмді емдеуде жетістікпен қолданады, ал егерде тіс тазалау үшін қолданса, тележарнамадағы «қантсыз орбиттен» асып түсіп, тіс жылтырын сақтауға ғана көмектесіп қоймай, тістің қызыл етін де қорғайды. Аршаны басқа да бірқатар аурулардың алдын алу және емдеуде қолданады. Тағы бір айтатын жайт: қызыл арша бар жерде мумие болуы мүмкін.
Ландшафт пен Баянауыл өсімдік пен жануарлар дүниесінің осындай бақытты үйлесімділігі жұмбақты-тылсым мумие деп аталатын шайыр тәріздес заттың жиналуына мүмкіндік туғызады. Ал оңтүстікке, Ташкентке қарай архат-тас, Байкалдың ар жағында брагшин бар, ол барлық ауру-сырқаулардан, зақымдардың бәрінен дерлік емдейтін аңызға айналған дәрі, ауруды қысқа мерзім ішінде дерт мен бейнеттен арылтып, күш-қуатпен толтырады.
***
Қатысты суреттер:
(45.96 Kb, 502x335) (59.83 Kb, 336x502)
omarbirat
Осы ағаштың атымен аталатын «Сайпресс Хилл» (Cypress Hill) деген рэп тобы бар :)
KILYZAMAN
Сайпресс Хилл деймісің, сауырағашқа жуықтамайтында сияқтығой :-)
KILYZAMAN
Бұл ағаш жайлы мәлімет іздей бастағаныма себеп бар. Емдік қасиетінің тым жоғарылығынан бөлек ерекше қасиетіде мәлім екен адамзатқа!