Құранның Саяхаты
Ертеде бір жасы келген кісінің баласы болмапты.
Осы қиындық оның жатса жадынан, отырса ойынан кетпепті. Бір күні ол: «Алла маған не ұл не қыз нәсіп қылса сол балам үйленіп, тұрмыс құрғанда мен оған Алла ризалығы үшін дүниедегі ең қымбат сыйлықты сыйлар едім» — деп уәде қылады. Көп ұзамай бәйбішесі құрсақ көтеріп, қыз табады. Қызы бой жетіп, тұрмыс құратын жасқа жеткенде әкесінің есіне байағы уәдесі түседі. «Алла бала берсе сол балама ең қымбат сыйлық жасаймын деп, Құдайға берген уәдем бар еді. Одан бері байыған түгім жоқ»-деп қатты қапа болады. Қайғыдан қан жұтып, басы ауған жаққа кетіп бара жатқанда алдынан бір ақсақал қария шығып: «Неге сонша қайғылысың?»-деп сұрайды. Қыздың әкесі жөнін айтыпты. Қариа: «Сен қайғырма. Бұл дүниенің ең қымбат сыйлығы қолдың кірі сияқты, бүгін бар, ертең жоқ нәрселер. Тілімді алсаң қызыңа Құран кітәп сыйла. Осы кітаптан ғибрат алып, рухани пайдасына қол жеткізсе одан бақытты адам болмайды»–деп Құран алып беріпті. Қызы мен күйеу баласы Құранды оқып, жаттап, рухани да дүнияуи да ешкімге тәуелді болмай бақытты ғұмыр кешіпті.
Қазір де мұсылмандар бір-біріне Құран кітап сыйлап жатады. Бірақ хикаяда айтылғандай Құран оқығандар рухани байып, бақытты боп кетпейді. Керісінше Құран ұстағандар біреудің бақытын бұзатын кесір мінез табатын болды. Терең отырып ойланып, кең назармен қараған пендеге расында да қызық құбылыс болып көрінеді. Ендеше Құранның елімізге қайта оралу тарихы мен тәпсірлену тәсілдерін талдап көрелік.
Кеңестер одағы кезінде қазақтар Құран кітабын көрмек түгілі атын әрең еститін. Үйінде қариасы барлар ғана ол кітапты жасырын ашып қарап, сыртын сипалап көретін. Сосын «антына берік» парторгтар біліп қоймайсын деген үреймен кітабін сандыққа сақтықпен қайта салып қоятын. Ал атын ғана естігендер “Құран-Құдайдың кітабы. Оның ішінде екі дүниенің ілімі бар” деген сияқты қызық әңгімелерді есітіп, «Құран деген том-том энциклопедия сияқты қалың кітап шығар» деп, көзіне елестетіп жүре беретін.
1991 жылы ойламаған жерден «Халықтар түрмесінің» іргесі сөгіліп, Қазақстанның тәуелсіздік туы желбіреп шыға келді. Дін бұғаудан босап, Лениннің «қасиетті» кітап, хаттары шашылып, далада қалды. Артынша “Құран қазақшаға аударылады екен”-деген сыбыс тарады. Сыбыс шынға айналып, 90-шы жылдардың басында Рәтбекқажы Нысанбайұлы аударған қалың жасыл кітап жаппай сатыла бастады. Осыған дейін кәміл мұсылман болуына Құран ғана жетпей тұрғандай сезініп келген қазақтар жапа тармағай жасыл түсті жуан КІТАПТЫ кездесекен жерінде айтылған бағасына саудаласпай сатып алып жатты. Исламның киелі кітәбі қолға түскенімен ел-жұрт күткен рухани өрлеу дәуірі болмай қалды. Себебі Құранның қазақшасынан ешкім, ештеме ұқпады. Қанша рет қайталап бас алмай оқыса да бір хикайадан екінші бір оқиғаға байланыссыз байандалып кете беретін Құранның шым-шытырық айаттарынан ешкім ақиқатты айырып ала алмады. Қарапайым халық түгілі “Менмін”- деген акдемик, философ, профессорлардың өзі Құранның пайғамбар, әулиеге нәсіп болған рухани қазыналарына жол ашып, даналыққа жете алмады. Тұйыққа тірелгендер “Қазақшасы қиын екен. Аудармада ауытқулар болуы мүмкін. Араб тілінде оқу керек, сонда мағынасы түсінікті болады. Құдайдың кітабы екені рас қой, зияны болмас”-деп қымбат маталарадан Құранға қап тігіп, залдағы кілемнің қақ ортасындағы шегеге құрметпен іліп қойды. Осылайша Құрани кәрімнің Қазақстанға жасаған бірінші сапары маталармен қапталып, шегелерде асылып тұрумен аяқталды.
Заман тағы да өзгерді. Коммунистер қымтап тастаған мемлекеттің тасқамал шекаралары сетінеп, Ислам елдерінде дін оқуға жол ашылды. Оның ішінде анау-мынау емес Пайғамбар өмір сүріп, қасиетті Құран еніп, Исламның нұры шашылған Мекке мен Медина шаһарында дінді таза араб тілінде оқуға мүмкіндік алды. Мұндай мүмкіндік туған кезде қазақтардың бақыттан басы айналып, құлап қала жаздады. 60 жыл бойы үндерін шығара алмай тұншығып келген қариялар кәдімгідей егіліп, көздеріне жас алды. Осыдан бастап Қазақстаннан жыл сайын Түркияға, Пакистанға, Мысырға, Ливияға, Саудияға діннің «былғанбаған қайнар бұлағынан» ілім аламыз деп дәметуші жастар лек-легімен ағыла бастады. Бірақ ақжүрек, аңқау қазақтар күткен Исламның гүлдену кереметі жуық арада келіп болмады. Қанша жерден арабша оқып, неше жерден тәпсір жаттаса да Құранның рухани қоймасына ешбір оқымысты жол тауып өте алмады. Ең мықты, ең талапты, ең табанды, ең жаттағыш деген дарынды қарилер мен хафиздердің өзі Құранның сиқырлы кілтін таба алмай тауы шағылып, қадірі қашты. Араб тілін өте сауатты меңгерген ұстаздардың өзі қаза шыққан жерде қирағатпен аят оқып, әруақтарға араб тілінде дұға қылып, бата жасаудан ары аса алмады. (бата жасап, бет сипауды «бидғатқа» жатқызбайтын ақылдысы болса) Әйтеуір осы арада бір кілтипанның бары анық еді. Бірақ ешкім сол кедергіні дәл тауып, нағыз рухани ілімге жол таба алмай дал болды.
Құран құпиасын табуға зайырлы ғалымдар да талпынып көрді. Содан бастап “Несін айтасың Құранда ғылымның жеті атасы толып тұр екен. Бәріміз босқа оқу оқып, уақытты босқа өлтіріп жүріппіз” деген сияқты салмақсыз әңгімелер күшейді. Енді келсін, келмесін сүрелер мен айаттардың астарынан осы дүниенің жаратылысына қатысты физиканың, химияның, математиканың формулаларын іздеп тауып, Құранмен дәлелдеу сәнге айналды. Осы кезде бүкіл жаратылыстану ғылымын қандай жолмен болмасын Құранға әкеп тірейтін газеттерде рухани емес мақалалар апта сайын басылып жатты. Жүрекке әсері жоқ мардымсыз айғақтар айтатын телехабарлар да ашыла кетті. Университет ректорлары мен профессорлары Құран айаттарының сандарын есептеп, олардан ортақ бір арифметикалық заңдылықтарды тапқан боп жатты.
Алғашында қызық боп көрінгенімен келе-келе ақылға сәуле салып, мүлгіп жатқан ойды түртпеген соң ел-жұрт бұдан да жалықты. Себебі зайырлы іліммен Құранды түсіндіруге тырысу момындарды рухани бағытынан айнытып, адастыратыны анық еді. Ел аузында сақталып қалған хисса, ертек, аңыз әңгімелерді зерттейтін ғалымдар болса Исламды мифологияға теліп, “Құран адамның қолдан жазған кітабы. Бүкіл аңыз, қисса хикайларды жинап, Мұхаммед деген қиялы күшті бір араб Құран кітабын құрастырып шыққан”-деп, аспирант кезінде Москва, Ленинградта «үлкен ұлт» өкілдерінен «жұқтырып» келген парықсыз пікірлеріне жармасып отырып алғандықтан қазақ мұсылмандары бір қадам алға жылжып, екі қадам артқа кетті.
Әйтеуір осы Құдай кітабының мағынасын түсініп, оның рухани астарын байқап сезуге ешкімнің тісі батбай-ақ қойды. Алдыңғы ата-аналар балаларын Арабиаға жібергенде оларды өмір бақи мешіт жағалап, бір жақты кетіп қалады деп ойламағаны анық. Ақ көңіл ата–аналар «балам ілім-білімнің қайнар бұлағынан сусындаса әл- Фараби, ибн Сина, әл-Хорезмилер секілді үлкен ғалым болады» деп үміттенген еді. Құран үйреніп, ғылымға махаббаты оянып, ақылдары нұрлана түсудің орнына ұрпақтары керісінше арабшасын өзінен басқа ешкім түсінбейтін тәпсір кітаптарын құшақтап, бір қолтық сақалмен қайтып келді. Келе-келе бұл пақырлар теріс тәпсірден басқа ештеме оқымайтын сайаз ойлы шыншылдың нағыз өзіне айналды. Салдары суға кеткен ата-аналар араб әлеміне қолдарын бір сілтеп, батыс жаққа бет түзеп, балаларына дүние оқуын үйреткенді артық санады.
Көзді ашып-жұмғанша тағы да он жыл осылайша өте шықты. Шетелдерде оқып келген жаңа буын қоғамға араласып бастады. Қызықтың көкесі енді басталды. Бір емес бірнеше Ислам елдерінде Құран жаттаған жастар сол елдің тәпсірші ғалымдарының көзқарасына сәйкес дінді әр қайсысы әр түрлі түсіндіріп бақты. Құдай бір, Құран да бір. Екеуі де өзгермейтін кәміл шындық болғандықтан пікір қайшылығы тумайтын сияқты болып көрінсе де Құран әмірлеріне жаппай құлай кету мүмкін болмады. Көзі ашық, көкірегі ойау азаматтар: “Алдыңғы киелі үш кітап өзгеріске ұшыраған. Сол себепті басқа діндегі бауырлардың бір мәмілеге келе алмай бөлініп, көбейуі заңды. Мың жарым жылдан бері біздің Құранның бір әрпі де өзгермеген. Біз несіне айтысып, тартысамыз?”-деген күмәнмен діннен айақтарын тарта бастады.
Солай болуы тиіс те еді. Қай жерге барсаң да Құран тәпсірлеп, бір-бірімен сөз таластырып, айаттан дәлел келтіріп, дастарқан басында төбелесіп қала жаздап отыратын дүмшелер Құранның қадірін қашырып, елді діннен бездірді. Кейбір зиялы ағалар “Құран өзінің рухани қуатын адамзатқа беріп тауысқан. Сондықтан бұл кітап қазіргі қоғамға қызмет ете алмайды” деген сияқты күпір ойларды таратудан қорықпайтын болып алды. Бұл шатасқан түйінді шешкісі келгендер Құран мен хадиске түсіндірме тәпсір жазып, қалыңдығы пышақтай майда-шүйде брашюра кітаптар шығаруға кірісті. Бұл әрекет адамдардың артық кітаптар оқып, одан ары адасуына ұласты. Құранның рухани кәусарынан сусындауды білмегендіктен ешбір қазақ ұланы Ислам даналығына жете алмай орта жолда дағдара берді. Ақиқатында бар бәле жалған тәпсірлерден бастау алып, тарап жатты. Кейінгі ұрпақтың қамын жеп, қайғырған Шәкәрім атамыз әулиелікпен ол қауіпті ескертіп кеткен еді.
Тәпсір деп қасиетін талқан ғылып,
Бұзғанмен Құран болмас адасқан хат
Жарық нұрдан жаралған Күн жоғалмас
Бетіне перде жапсаң неше қабат.
Құран сырын ұға алмай бұсса дағы,
Жасырылмай жарқырап тұр кәрәмәт.
Жаман тәпсір жайылып, жер жүзіне,
Дін десе тұра қашты есті азамат.
Бар обалы олардың тәпсіршіде,
Адасып нұрлы аятқа жағыпты тат.
Ол ғатені түзеткен ғалымдар көп,
Соның сөзін оқысам боламын шат.
Жер жүзіне жайылған жаман тәпсірдің кесірінен Құранның не үшін керек екенін, нақты қандай мақсатта, қалай пайдалану керек екенін ешкім түсіндіріп бере алмайтын тығырыққа қазақтар ғана емес бүкіл әлем келіп тірелді десе де болады. Осындай алмағайып заманды пайдаланып, Құранды кез-келген мақсатта пайдалана беретін алаяқтардың күні туды. Бір кездері қолға түсіру арман болған Құран қалай болса солай көрінген жерде сатыла беретін жәй кітәптің бірі боп қалды. Орта жолда көмекке келген Халифа Алтай атамыздың аудармасы да сірескен сеңді қозғалта алмады. Есесіне сырқаттарды емдеп, жазатын жалған тәуіптер “Кітап ашамыз”-деген ертек ойлап тапты. Құранды жайып қойып, жалған жорамалдар жасайтын бақсы-балгерлер қаулады. Аңқау аурулар мен жолы болмаған кейбіреулер соған кәдімгідей сеніп, ақша тастауы қалыпты жағдайға айналды.
Осылайша ары тарт, бері тарт боп жатқанда “Құдай Құранда жиһад жаса деген” — деп елді кері уағыздап, мемлекет тыныштығына қауіп төндіретін топас топ саяси тәсілдерге көшіп, елдің миын улауды бастап кеп жіберді. Енді Құран оқуды қуаныш емес қауіпті деп қарайтын күйге түстік. Бір қызығы мұсылманның бәрі „Құран Құдайдың кітабы“ деп айтады, имамдар оған кәміл сенетін сыңай танытады, жай халық сөзсіз иланады, ислам ғалымдары күніге жаңалық ашып, жаңа фактілермен Құранның Алла кітабы екенін дәлелдеп жатады. Бірақ бәрібір мұсылмандарға деген өзге жұрт пен бөгде діннің құрметі ойанбай ақ қойды.
Оған себеп мұсылмандардың мінез-құлқы мен адамшылық болмысының жаңармауы. Қанша жерден Құран оқып, жыл сайын қажылыққа барса да, ресми дін өкілдерінің бұрынғы пендешілік мінез-құлықтары мен жағымсыз жүріс-тұрыстары өзгермеді. Мешіт мінберіне қонжиып отырып алған „ақ шапандар“ жәй халық не істесе, олар да соны жасаудан арланбайтын арсыз дәрежеге жетті. Кісіні ғайбаттау, көлгірсіп өтірік сөйлеу, мешіттерді монополиа жасау, сынап мақал жазғандармен сойқан соттасу, беделді ғалымдарды үгіттеп, өзі туралы газеттерге „керемет“ мақала жаздырып бастыру, өзінен ойы озықтарды қудалап, тұншықтыру, сайаси технологианы қолданып атақ шығару, ең ақыры туған күнін мемлекеттік деңгейде атап өту деген сиақты бейшаралық қасиеттер олардың сүйектерінен өтіп, кеміктеріне шейін сіңіп алды. Осыншама парықсыздық пен тексіздікті көріп, біліп, бақылап, куәгер боп отырған басқа ел-жұрт, өзге діннің өкілдері, өнер қайраткерлері, көзі ашық сауатты жастар Исламның хақтығы мен Құранның кәмілдігіне қайдан сенсін? Дәл осы ресми дін өкілдерінің өзгермейтін надандығы мен мәдениетсіздігіне көзі жеткен беделді бір қазақ зиалысы 2000- шы жылдардың басында «дін өзгерсе өзгере берсін, ең бастысы мәдениетіміз өзгермесін» деген атышулы мақаласын жариалап жіберді. Зерең ойлы зиалы бұл жерде сөзсіз «біздің атақұмар, дүниеқоңыз діндарлар өзгерсе өзгере берсін, ең бастысы дәстүрлі Исламға негізделген төл мәдениетіміз өзгермесін» дегенді меңзегені анық еді.
ХХ ғасырдың басында Пәкістанның Лахор қаласында Аллама Иқбал есімді данышпан әулие өмір сүрген. Бір күні Лохордың үстеріне әппақ шапан киген, бастарына дағарадай әппақ сәлде ораған он шақты шейхтары мен мүпти-сүптилері Иқбалдың үйіне қонаққа келеді. Сұқбат барысында шейхтардың біреуі әулиеге былай деп сұрақ қойады. “Тақсыр біз де сіз секілді құлшылық қылып, Құран оқып, ораза ұстап, жұма сайын мешітке барамыз. Бірақ осы күні елдің бәрі сіздің ғана сөзіңізді тыңдап, сіздің ғана уағызыңызды іздейтін болыпты. Халық қазір мешітке келуді қойды. Аса құпия болмаса айтыңызшы Құран айаттарының астары мен құпия, сырлары сізге қалайша ашылады”. Иқбал Лаһури: “Аса құрметті шейхтар! Менің Құранның бар тапқаным мынау. Сіздер Құранды Пайғамбарға енген деп ойлайсыздар. Ал мен Құранды Құдай тағала менің өзіме арнайы ендірген жол көрсетуші кітап деп оқимын”-деп жауап береді.
Қазақстанның жүрек тазалығына емес киім тазалығына өте қатты мән беретін „ғұламалар“ „Құдай құранда Мұхамедке бүй деген. Ибрахим пайғамбарға сүй деген. Мұса пайғамбарға қаш деген“ деп, енжар қалыпта езіп отыра беруге әбден үйреніп алды. Құрандағы тыйым-талаптарды өздеріне емес өзгелерге бұйыруға, айтуға, таңуға міндеттіміз деп санайтын болды. Бұл сорақылықтың бәрі кірлеген лас жүрек, былғанған ар, соқыр болған көңіл, тарылған көкіректен туындап жатқан рухани дерттің қоғамдағы көрінісі еді. Ал Құран сол дертті жүректен жойып, адамдарды рухани сауықтыру үшін енген кітап. Болмаса ұлық Алла Құранда: „Әй адамдар сендерге Раббыларыңнан рухани насихат, рухыңды өлтіретін кеселдерге ем болатын шипа мен салауатты рухани жол, және мұсылманның жаны тыныштық табатын Алланың рахметі келді“-деп айтар ма еді.
Қойшы әйтеуір рухани ауруы асқынып кеткен ресми дін өкілдерінің кесірінен Құран кітәбі ең көп оқылатын кітаптан бір жылда бір парағы да ашылмайтын ескерткіш кітапқа айналды. Дәл қазір оқушым сіздің де ту сыртыңыздағы кілемнің ортаңғы шегесінде бір Құранның ілініп тұрғанына күмәніміз жоқ. Ал оны ашып қарағанымен ештеме ұқпайсыз. Себебі оны сізге ұқтыруға тиіс „біртуар парасатты ғалым, заманымыздың заңғары“ Ислам дінінің мерейі үшін аса маңызды мерейтойын әлі тойлап біткен жоқ. Осы арада мынадай қызық хикайаны байандай кетудің іреті келіп тұр.
Ертеде бір байдың ат басындай алтыны бопты. Сараң бай алтынды бала-шағасының игілігіне жұмсауға қимапты. Ол ауық-ауық жасырынып барып, алтынның бар-жоғын тексеріп тұрады. Жүрегі орнына тсүкен соң алтынды киізге орап, қайта көміп, үйіне оралады. Бір күні баласы жасырынып барып, әкесінің алтынын көріп қояды. Ертеңіне баласы қазынаны қазып алып, зергерге сатып, ақшасына медресе салдырып, жалпы жұрттың игілігіне жұмсап жібереді. Ақылды бала алынған алтынның орнына дәу қара тасты киізге орап, көме салады. Әкесі алтынды тексеруге тағы барып, киізді ашып қараса ішінде алтын емес зілдей қара тас жатыр. Әкесі ойбайлап, жер сабап, өкіріп жылап жібереді. Сонда соңынан ілесіп келген баласы әкесінің арқасынан қағып: “Әке жыламаңыз. Жаратып жұмсағанға алтын жақсы, киізге орап көміп қойғанға қара тас та жарай береді” деп жұбатыпты…

1 пікір