Парадқа шықтым...
Кештеу шығарғаныма кешірім өтінем, суреттер поштама бүгін ғана келді)))
1-мамырда Астанада әдемі парад өткен. Парадта Астана қаласының ұйымдары, оқу орындары қатысты.
"Қазақстан Темір Жолы", Автобус паркі, дәрігерлер, спортшылар тағысын-тағы, оқу орындарынан Назарбаев университеті, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, С.Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті, не керек бәленбай адам шеруге шықты.
Парад эффектно өтті, Елбасы дән риза болды деп ойлаймын.
Бірақ, неге екенін білмеймін, тікелей трансляция болмапты ешбір каналдан.
Тағы бір бірағы, шаршаааап кеттік. Таңғы сағат 9-дан күткен шара, 12-де басталды.
Ал мынау сахна сыртындағы көріністер:
Әдемі суреттер мына жерден алынды.
Онша емес суреттерді өзіміз түсірдік)))

Жүргізуші бір ансаблді басында «Дағыстан этникалық мәдени ансалблі» деп жариялап еді, олар қойылымдарын аяқтағанда «дүнгендер этникалық мәдени ансаблі» деп хабарлады. Бұл жерде ол екі қателік жіберді.
Жеңістің 65 жылдығына орай өткізілген парад әзірге өмірімдегі ең тамаша парад! Бұл жолғы оған жетпейді. Сол жылы да таныс балалар және группаластарымызбен қосылып парадтың арасында массамен айқайлап өткен естен кете қоймас:
Ат үстінде ұйықтамай,
Ел қорғағаан қазағым!
Қылыш-найза қолға алып,
Жер қорғаған қазағым!
Қазағым!
Ура! :-)
Даусы зор біреу бір жолдан айтып тұрад, артынан үлкен топ болып жар сала айқайлап қайталаймыз. Эх жастық шақ. Жалындамаған жастық шақтарың құрысын деуші көпті көрген «ағамыз».