Бірден іске көшсек?



Уақытым бола бермейді, жұмыс көп дегенімізбен реті келсе әр нәрсеге уақыт бөлеміз ғой. Бірақ, біз сол уақыттың қадірін жақсы біле бермейтін сияқтымыз. Басқаның уақытын сыйламаймыз.

Маған онлайн отырған кезімде көп адамдар сұрақ қойып, хабарласады. Мүмкіндігімше жауап беремін. Телефонмен де солай. Бірақ, маған ұнамайтыны біздің адамдардың бірден іске көшпейтіні. Алдымен екі жақты сәлемнен кейін, қалымның қалай екені сұралады, жұмысымның қалай екені сұралады, үйдегі жеңгей мен ұлымның жағдайы сұралады. Сосын барып өзінің проблемасын айтады. Мазалағанына кешірім сұрайды.

Бұл жерде егер сәлемнен кейін немесе ешқандай сәлемсіз бірден шаруасын айтса қатты мазаламаған болар еді. Менің қалым, жұмысым басқаны қызықтырмауы керек деп ойлаймын. Егер денсаулығым нашарлап қалса, жаман бірдеме болып қалса онсыз да өзім айтар едім немесе жаман хабар тез тарар еді. Сондықтан ешкім алаң болмаса екен деймін. Өз басым ешкімді бұлай мазаламаймын, қарсы жақтың уақытын алмай бірден шаруамды айтамын.

Уақыттарымызды бағалайық ағайын.

P.S Google жақсы іздеуші.
Бөлісу:

57 пікір

qisyq
Саған соққан телефон қоңырауларым есіме түсіп, ойым күдікті, көңілім күпті болып отыр…
asaubota
телефонда негізі қысқа сөйлесем, қарсы жаққа ұзақ сөйлесуге мүмкіндік бермей :)
Ahi
Единица да бірлік те маңызды ғой)
konvict
О Аллаһ, Ахиға да плюс қоятындар бар екен!!!
edige
Сүт сұрап барғанда кесеңді жасыра алмайсын. Жөн жөн
Aizhantabyn
durys.

Men birden neeeeeed help dep bastaimyn da, sosyn amandasamyn.

Google it degen kazir kanatty sozge ainaldy goi :))))

Bir narse suramas buryn google agaidan surap, yandex apaidan bilgen son surau kerek zaman :) Internet etiket paida bola bastagan sekildi.
asaubota
соны айтамын, Гуглдан өз бетімен қарай салуларына болатын адамдар бірдеме сұраған кезде оны мазалау деп қабылдаймын.
Delvara
менде хабарласкам 1-2 рет, бірақ «Саламатсызба» деген соң бірден іске көшкенмін. Соны ойлап өзіме риза болып отырмын )))
AKY
Тақырыбына қарап басқа бірдеңе екен деп қалдым)))
sammita
бүгін общым біртүрлісің:) Не болды, қалың жақсы ма өзі?:)
Не ғо, амандық сұраспай бірден іске көшсек "әбілдер, керек кезде ғана іздейді" деп ойлар ма ең:)
boztorgai
бірден іске көшуге келісуге болад:)
ал, хал сұраспастан шаруасын айтқанды шайтандыққа жатқызар едім
asaubota
сәлемдеспеңдер демеймін. просто сол церемонияны агент арқылы ұзақ созып не керек? сәлем-сәлем, и бірден сұрағыңа, шаруаңа көш.
Beytanis
Жетпейді десең ешқашан да жетпейді.
AsanQaigy
Аға, мен сізді точно мазаламаймын. Сіздің телефоныңыздың номері менде әзірге жоқ.
asaubota
бұл жерде мен өзім туралы емес, жалпы деймін да қазбалап қал жағдай сұрай бермей тіке шаруаға көшкен дұрыс шығар. негізі бұл біраз пікірталас тудыра ма деп ойлағам. пікірлердің көбісі ақталу екен. қалай ойлайсыздар солай ұзақ кіріспе жасау керек пе әлде керек емес пе?
Aizhantabyn
Ақталу болғаны, пост біртүрлі «наездной» секілді ғой)))

Жалпы «деловая переписка» деген сияқты бір нәрсе болу керек қой.
Жай, бәрі бір бірін таныған соң, дос жаран болған соң, ал бастысы қазақ болған соң, ойлайды: «Ааа, қазір жөнді хәлін сұрамасам, ренжиді!» деп. Маған салса, досың болса тіпті де тез тез сұрап, жауабыңды алып, мазасына тимеу керек. Қазір бәрі жұмыста, бәрі бизи, сол себеп уақытты үнемдеу керек секілді.
Әрине, мінезге де байланысты бірақ, біреулер капец ренжіп қалады ғой саулық сұрамасаң)))
ErNur
Жай, бәрі бір бірін таныған соң, дос жаран болған соң, ал бастысы қазақ болған соң, ойлайды: «Ааа, қазір жөнді хәлін сұрамасам, ренжиді!» деп


@asaubota да орыстың да қаны бар ғой :)))))))
meirzhan
Қазақ өзі мәселені айтуға тура көшпеген ғой. Алдын-ала мал-жан амандығын сұрастырып, жайылымдық жерлердің шұрайлылығын сұрастырып, әңгіме айтысып болғаннан кейін не үшін келгенін айтқан. Сол сияқты қазіргі қазақтар да…
Aizhantabyn
енді ол заман рахат қой)))
Келесің, екі күн хал сұрасасың, екі күн жауап бересің, әйтеуір сосын жағдайыңды айтасың.
Ал «Дат, тақсыр!» деген ше? «Датың болса айт!» деп бірге іске кіріскен кездер де болған ғой…
meirzhan
Ал «Дат, тақсыр!» деген ше? «Датың болса айт!» деп бірге іске кіріскен кездер де болған ғой…
енді ол рахат заман болмаған значит) ел басына күн туғанда әй-шайға уақыт болмаған ғо

Заманына қарай хал сұрастырған.
Erkekyz
Бәрібір қал-жағдай сұрасқан дұрыс қой деп ойлаймын. Өз басым әрдайым солай сұрасуға тырысамын.
JAKO
Қазақы менталитет деген бар ғой, соның жақсыларын қалдырмау керек деп түсінемін.Ал ішіндегі ең жақсы біреуі ол аман-есендік сұрасу.Біздің қазақ айлық жерден ешқандай бұйымтайсыз, тек қана сәлем беру үшін атпен
салт келіп еру болып кететін болған.Оның жанында телефонмен бірнеше секунд деген… Түбі баратын жеріміз бірақ жер, шыли асыға беру…
Aizhantabyn
ewkim de amandyk suraudy koi dep jatkan jok koi! Amandyk surai, hal bilip, salem beru paryz, ozinnin adam ekenindi korsetu. Birak bul jerde Asau bota ozge bir narse aityp jatyr emes pe?
Jumysta bolsyn, jalpy habarlaskan kezde, uzynnan uzak hal surasyp jatudyn artyk ekenin aitady. Men kelisemin.
Al kezdeskende, konakka barganda, meiram kunderi, jai habarlaskanda (jumys uakytynan tys kezde) mindetti turde bukil auletinin amandygyn surasan da jaman emes :D
Aitpese, jumysta otyrgan adamnyn uakytyn kur angimege jumsau da «kowunstvo»
Gastarbaiter
Бұнда да сол этикет ғой. Бірақ басқа жағынан қарағанда. Сыйлайтын адам жұмысыңнан бөлмейді. Бөлсе де, кедергі болғанын білген бойда, әңгімені ыңғайлы уақытқа ауыстырып, кешірім сұрайды.
Сыйға қи, сыраға кал беретін малдарды әрине орнына қойып тастаған дұрыс.
«Жұмысыңнан бөліп жатқан жоқпын ба?» -деп сұраған адамды уапще сыйлап кетесің осындайда.
asaubota
иә, телефонмен звондағандар мазалап жатқаныма кешір деп бастаса әрине сыйластықпен қарайсың. ал бүкіл қал жағдайды сұрап тұрып алатындардың шын көңілден емес жасанды шаблон бойынша сұрап жатқандарын бірден түсінесің де жының келіп кетеді.
қанша дегенмен заман басқа, жұмыс уақытында адамның уақытын сыйлау керек деп ойлаймын.
qisyq
Уффф…
Gastarbaiter
Көңілің орнына түсті ме Қисяра?
qisyq
Қисяра деген жаман естіледі екен, құлаққа деген жағымдылық, әуезділік тұрғысынан. Бірақ, ия… көңілім орнына түсті.
boztorgai
тағы да мынадай бір сөз бар ғо:

асықсаң сорыңды қуып жетесің
асықпасаң сені сорың қуып жетеді
KILYZAMAN
Асыққан шайтанның ісі дегенде бар. Арнайы келіп(үйіңе) жағдай сұраспағаннан кейін, телефонмен мазалаған ыңғайсыздау әрине. Телефон шалуға түрткі болған нәрсенің өзін өлшеп*пішіп, басқа амал болмағанда болмаса…
nurbergen_makym
негізі, әркімнің уақытқа қатысты дүниетанымына тәуелді дүние сияқты бұл. Біреу үшін әр секунд қымбат, біреуге өмірдің өзі случайность))))
Gastarbaiter
Ия, случайность бірталай адамның өміріне себепші болғанын ескерсек:))
Khan
Негізі, гугль байқұс жауабын ренжімей береді, сондай елгезек :)
Beytanis
Бар болсын, гугл!
asaubota
негізі негізгіекіпнді мал агент сияқты мессенджерлерге салғам. телефонға қарағанда адамның көп уақытын алады. алдымен сәлем дейді, сосын сен де сәлем дейсің. сосын қалымды сұрайды, әрі қарай тағы жалғасады. бұл церемония телефоннан гөрі ұзаққа созылады, өйткені жазушы тез жазбайды, босқа уақытты алады. одан да қысқаша сәлемдесіп, сосын тыныс белгісін қойып әрі қарай шаруасын жазып жіберсе тезірек болар еді, ал былай қайта қайта жыпылықтатып мазаңды алып алаңдатады. тіпті экранды қозғалтатын будильникті басатын наглыйлар бар :)
VKM
СОНЫМЕН:
Аршат аға, түсінгенім: сізде уақыт жоқ, сондықтан оқывотқандар, сәлем деп бірден жұмысын айтады.Және ойын неғұрлым қысқа, түсінікті айтуы керек. жазып алуына болады, сонда оқи салады.
Қалған юзерлерге звондағанда жарты сағат қалын сұрауға болады.Ешқандай шектеулік жоқ.
Gastarbaiter
Зайбы шыққан ғой, Аршаттың:))) Малагентте невидим деген функция бар. Соны біреуге ашып, біреуге жауып қоюға болады. Үйреніп алған жақсы негізі.
asaubota
жоқ, @VKM дым түсінбегенсің.

@Gastarbaiter ондай функцияны білемін, бірақ онлайн болып көрінуім шарт болып тұр жұмысым үшін. бала-шағаның қамы ғой, қазақ заказчиктер агенттен басқа дым қолдану білмесе не істеймін енді?

жалпы қазақпен істес болғым келмейді, бірақ амал қанша замана такая :)
Onlasyn
жалпы қазақпен істес болғым келмейді, бірақ амал қанша замана такая :)
Жаман тиді ғо мынау…
asaubota
маған да жаман тиеді. қазақ ешқашан ақшасын уақытында бермейді жәнежалпы бергісі келмейді алдын ала келісілген соманы. басқа ұлттар уақытында және келісілген ақасын төлейді. және біздікілер нервыны көп құртады. бірақ амал жоқ істеу керек.
Zilola
тапсырыс берушілердің көбісі қанды әбден ішіп, «ақшасы да, өзі де құрысыншы» дегенімде бірақ береді ақшасын :)
Gastarbaiter
Көзімнен жас шығып кетті ғой) Аршат. Әсіресе «бала шағаның қамы ғой» деген кезіңде)).
Жұмыс бабы болса, онда ол менің көзқарасымды жұмсартпайды.

Бала-шағаның қамы деп жүріп, базарда тұрған әйелдер де «мынау қанша, анау қанша» деп сұрақ қойып мазасын алып, затын алмай кеткеніңде "ө оңбаған, алмайтын болсаң неге сонша уақытты алдың сұрап, маймақ болғыр еште, сүмелек неме" деп қарғаса, түсіністікпен қарайтын шығарсың, ия?
Өйткені сенің бутиктегі сервиске, базардағы арзаншылықты таңдағаныңа олар кінәлі емес қой.

Ал көпшілік пайдаланатын бұқаралық сервис арқылы бизнес жасағың келеді екен, онда сен де ондай ыңғайсыздыққа төзімділікпен қарауың керек сияқты. Бала шағаның қамы үшін.)))
asaubota
лібә дим да егер түк уайымым, мәселем жоқ болса агент магент, телефон қолданбас едім. амал жоқтан қолданамын деймін. сондықтан тек ептібайымайттың заказчиктері үшін емес жалпы бәріне ашық тұрады ғой аккаунтың. бірақ, ол ооо мынау жасыл жанып тұр ғо деп всякий х… нямен зайыбыңды алатындарға құртатын уақытым үшін жылап отырмын.

аха, андай сатушыларға түсіністікпен қарайм және жалпы ешкімнің зайыбын алмауға тырысам. тіпті мүлдем үндемей жүретіндерденмін десем де болады, сөзге сараңдығым сонша түке тұрғысыз адамдар үшін сөз құртпаймын да.
Gastarbaiter
Түсінгенім, Аршат болған зайыбал екен:)))
asaubota
солай солай :)
Gastarbaiter
Түнгі екіде дейін х***ня мәселемен уақытыңды алыппын. Кешір амиго!
asaubota
х… ня ғо амиго, түнгі екіге дейін отырған болсам демек мен де х… нямен страдать етіп отырмын деген сөз :))
alisha
Менің күйеуімнің бір досы бар. Сол соғады да, үнемі былай дейді: «Алло, қайдасың? Машинамен жүрсің бе?». Әрі қарай әңгіме жауапқа қарай өрбиді. «Жоқ» десе, «Сау бол» десе, дейді, демесе, демейді, тұтқаны қоя салады. «Ия» десе әрі қарай кетеді… Соның біздің «уақытымызды текке кетірмеуге тырысуы» ешбіреуіміздің тарапымыздан әлі оң бағасын алған жоқ… Әдептен озбаған жөн, әрине, бірақ қайдағы — жайдағыны айтып әңгімені сағызша созу шынымен де біреудің уақытын бағаламағандық. Тиісінше, өзіңнің де. Мен "Қалайсың?" деп біреулер агент арқылы әңгімесін бастағанда «Жақсы. Жұмыс норма. Бала өсіп жатыр.Ауылдағылар аман. Нурик жұмысында» деп бірден жазып жіберем. Сосын шаруасы болса айтады, болмаса: «А-а… бізде сол жүрген...» деп қоя қояды.
Abilakim
«Нурик жұмысында» дегенде бір күдік ұялайды көңілге, себебі ана жақтағылар өз шаруасын айтады екен…
alisha
Кетші әрі. Осылай сөзге ілісулеріңді қойыңдаршы.
sammita
«Нурик жұмысында»
«Кімге Нурик, Кімге Нұрсұлтан Әбішұлы» деген әнектегідей:))))
neoman
«Жақсы. Жұмыс норма. Бала өсіп жатыр.Ауылдағылар аман. Нурик жұмысында» деп бірден жазып жіберем.

Мұндай сөздері үшін екінші рет жазатын болсам, саусағым сынсын деп жай ғана контактілерін өшіріп тастар ем в лучшем случае
alisha
Бұл бәріне бірдей қолданатын тактика емес, көкесі… «Ең дұрысы осы» деп тауып, көз жеткізген адамдарым… олардың осындай сұрақ қоятынын біліп отырамын. Өйткені ылғи солай…
Zere
Мен де Аршатқа қосыламын. Жалпы оған жазғанда сәлем деп ары қарай проблеманы айтуға дағдыланғанмын. Және өзіме де күнделікті сәлем, қал қалай, не жаңалық деп отыратындарға жыным келеді. Бірақ бұл менің адамдармен жақсы қарым-қатынаста болғым келмейді дегенді білдірмейді. Просто осындай болтовняларға уақыт жібергім келмейді. Егер қандай да бір мәселе болса жөнін айтып, сұрасқан дұрыс деп ойлаймын. Өзім солай жасаймын көбінесе.
dark_nazgul
Бопты. Енді сізге "қалайсың?" деп жазбаймын.