About.me



Өткен жолы «Buzz» желісінде Тимурдың жолағында көріп қалдым..About.me сайты өте пайдалы ресурс екен..Қазір резюиені сол жерге іле салуға болатын сияқты… Керек болса сілтемесін бере саласын… Сосын осы сайттың ішіне кіріп, ішіндегі суреттерді көрген кезде қайран қалдым… Адамдар неше түрлі суреттерге түседі екен… Креатива аңқып тұр… Ерінбей отырып жақсы бір суретім таңдап, мен де өзіме бір about.me аккаунтын ашып алдым…

Мен туралы мына жерде: about.me/tbekzhan

Осы сайтқа кіріп көріңіздер, сіздерде өзіңіз туралы жазғыңыз келіп кетеді..:) Бірақ алдымен сайттың жоғарғы жағындағы «People» деген сайтты басып, бір шарлап шығыңыз… сол кезде жақсы идеялар келеді басыңызға…

Іске сәт! Қазақтардың түрін көбейтейік..:)
Бөлісу:

14 пікір

asaubota
күшті екен, рахмет. өзіме істеп алдым about.me/arshat
VKM
маған да ұнады, ертең асықпай отырып жасаймын
meirzhan
сілтемесін беруді ұмытып кетпе.
timurrr
Ой, Бәке, Тимур деген соң сілтемесін де бере кетпедіңіз бе?:))) about.me/timurbektur
asaubota
бұл жерде бар гәп фон суретте екен. сайттың алғашқы бетіндегі бірнеше адамдікін қарап шықтым, жасаған фондарының арқасында әдемі болып шыққан.
direct
қызықты ойластырылып жасалынған дүние екен, бәрекелді!
direct
мына кісі сүгіретке күшті түсіпті! Бәрекелд!!!
about.me/jakestride
(67.59 Kb, 640x458)
Zilola
жақсы дүние екен, бірақ екінің бірі жасап алғанша, действительні керектер жасағаны дұрыс шығар :)))
aues
жақсы нәрсе екен, рахмет
asaubota
@satibaldi -нікін көргім келер еді
Gastarbaiter
Понт лақтырудың жаңа идеясы болатын болды ау.
blackbeard
Мен жүріп өткен сара жол деген Гитлердің Менің күресім (Mein Kampf) дегенніне ұқсайды екен:))) Құтты болсын жеке бұрышыңыз:))))
Bekjan
Мдаа, жай ғана жазылған бір тақырыпты Гитлердің «күресімен» барып ұштастыру үшін терең фантазия керек шығар..:)