Бір балалар бар...

Бала тәрбиесіне ата-ана тікелей жауапты. Бірақ кейбіреулері әке-шешесін тыңдамайды. Әлде көз үшін ұрысқандікі ме екен… Общым,
Қонаққа барсаң сол үйдің балалары үстөлдегі салатты қолымен бір жеп кетіп, кәмпиттерді бір шұқып кетіп қанды қайнатады. Өзіміз үйге қонақ келгенде басқа бөлмені іштен іліп алып шықпай отыратынбыз…
5-6 дағы сөз түсінетін баланың аптобуста бақырып жылайтынына әрең шыдаймын…
Әкесі қой десе шешесіне тығылып, шешесі ұрысса әкесіне тығылып, қонаққа тілін шығарып, түкіріп кететіндері де болады.
Мектепке баратын жасқа жетіп қалса да бұтына сиіп-тышып қоятындар бар.
Әбіләкімнің  ауылы: Бір балалар бар...
Бөлісу:

50 пікір

omarbirat
қонаққа тілін шығарып, түкіріп кететіндері
Менің балам сондай. Ұр, соқ — оған по қи.
Abilakim
Мен қайын апамның жалғыз баласын бір-ақ ұрғам маған кеп тілін шығарып түкірмек болғанда. «Мыналарың ержеткен соң түрмеге тамақ тасисыңдар» деп айттым сосын. Негізі үштен асқан соң "қой, болмайды" дегендейлерді түсіндіру керек
omarbirat
Түсіндіруін түсіндіресің ғой. Бірақ кім көрінгенге істемейді ондайды. Жақсы араласатын достарыммен солай қылжақтап ойнайтыны бар.
Abilakim
"Әкесі құрдастың баласы құрдас" деген мақалды теріс түсінген ғой))))
omarbirat
Айтпақшы, бір балдызымның қылықтары тура осы менің балам сияқты болатын. Қой десең түсінбейді, керісінше одан ары қаныңды ішіп жіберетін. Ол бала қазір мектепке барды, есейді. Қазір енді менің баламнан қашады, жаман бұзық деп :))))
alisha
баланың аты-бала
a63a1
лібә мен ондай қылықтар жасасам футбол мәшігі боп кететінмін
a63a1
сосын 2 сағат өксігім басылмай жатып алатынмын, імкікімкім айнолойййын аурып қалдыма деген сөзді естіп одан сайын забайтталып кететінмін
sammita
кетші:))))) ананы оқимын деп еміреніп кеттім ғой:))
Abilakim
Жас босанғандардың төсінен сүт ағып кететіндей қып жазыпты ә
sammita
әр сөзге пікір жаза салу міндет емес!
asaubota
мен лібә еркелейтін балаларға жыным келеді, еркелесе әке-шешесіне еркелесін ептібайымайттар
Zere
Негізінде кішкентай кезінен ненің дұрыс, ненің бұрыс екенін мың қайталап құлағына құйып отыру керек қой деймін. "Қой!" дегенді білмейтін бала жабайы болып өсетін сияқты. Мысалы, үлкен адамдардың өсегіне араласып, аузына келгенін айтып (көбіне анайы сөздер), қырсығып, шыңғырып, елдің мазасын алып.
Очм, түсінуім бойынша бала тәрбиесі де үлкен маңызды нәрсе. Оған бейжай қарауға болмайды.
omarbirat
Бір сөзін қайталап мияулап отыратын балаларға жынм келеді нақ. Бұрын жұмысқа қаланың сыртынан барып-келіп жүргенде, бір әйел баласымен күнде мен жүріп жүрген аптобысқа мінетін. Баласы мектепке баратын жасқа келіп қалған. Лібәәә, баратын жеріне жеткенше шешесінің миын қи қылып жібереді енді анауың. Бір айтқан нәрсесін қайталай береді. Тыңдамайын десең де, тар аптобыстың ішінде құлағың естиді — ананың ызыңына қаның ішіліп кетеді ғой. Шешесінің өзі әрең шыдап отырады, ұрып жіберейін десе, аптобыстағылардан ұялады. Шешесіне жаның ашиды.
a63a1
машинаның сиденьесіне аяқ киімдерімен шығып кететін боқмұрындарды сабап алғым келеді, бірақ амал жоқ отырасың тырсиған бүйі құсап
Zilola
неткен қатыгез едің
a63a1
Күнде тырпыңдап тазалап жүру оңай шаруа емесқой
Zilola
жиендеріме ұрыссам, жезделерім "өзіңнің балаң болғанда көрерміз" дейді.
Ал әкемнің інісінің баласын өлтіріп тұрып тәрбиелегенбіз, қазір тәте-тәте деп сыйлап тұрады, бетіне келмей өсіргендер басыңа шығып кетеді.
a63a1
негізі баланы қатты зекіп ұрысуға болмайды, өскенде жасық, ойын еркін жеткізе алмайтын болып өседі (5-6 бала тапқызып тастағандай сөйлеп кетім бе?)
Zilola
зекімек түгілі, әпкелерім жаңағы інімді аямай жұмсайтын, ниче қазір тап-тұйнақтай, красапщік жігіт болды.
Спортшколда тренері бізден бетер гонять етет шығар :)
Zere
Негізі дұрыс айтасың. Қатты қатал болсаң балаң жасқаншақ болады.
edige
«Бала балалығын жасамаса оның несі бала».
Өзінің өскенін өзі білмей тұрып, өзінің жастығында істегеніндейге шыдай алмайтын үлкендер де бар… Аспаннан аяғы салбырааап түскендей…
edige
"Әкеге қарап ұл өсер" деген де бар. Кіріп шыққанда отағасын жерден алып жерге салып «Сүбірекке» теңейтін жұбайлардың бары жаман. Содан балалары әкені жек көріп кетеді.
omarbirat
Кейде балама қарап отырып өзімнің кішкентай кезімді көргендей боламын. Кейбір қанды ішетін қылықтары менікі сияқты :))
edige
:))))) атасы мен әжесінің баласы болса боқтап кеткенде ештеңе дей алмай қалғандар болған
asaubota
тап солай. сырттай қарап отырам, лібә мен де осындай болдым ау деп :)
meirzhan
Бала-бақшаның қасында тұрамын. Таңертең ұйқысы ашылмай әкесі не шешесінің артынан сүйретіліп бара жатқан кішкентай балаларды көремін. Кешке қайтарда әңгімесін айтып үйге бара жатады. Байқағаным, кейбір ата-аналар бүкіл көшені басына көтеріп балаларына айғайлап, ұрып, ұрсып келе жатады. Неге үйде ұрспайды екен деген ой келеді.
AKY
Племянниктерімді жақсыы көрем, бұзық сондай. Мен сирек көретін болғасын, аздап сыйлай ма, қорқа ма, жаман қылықтарын көрсеткен емес)))
Небір балалар болады бірақ, айтқанға көнбейтін, жылағанда көгеріп, истерикадан талып қалатын(((
Zilola
сіңілдеріме деуір шаңын қағып аламын, әке-шешесі маған ренжудің орнына, дұрыс өстіп ұрсып тұршы дейді.
Сондықтан бала хотя бы 1 адамнан сескену керек, әйтпесе кісінің бәріне жек көрінішті болады.
Beytanis
сіңілдеріме деуір
қай ділде?
Zilola
өзімнен кейінгі өзім сияқты әулетіміздің қыздарын айтамын да, қазақ тілінде
Beytanis
Сіңлілеріңді түсініп отырмын. «Деуір» сөзінің интерпритациясы «тәуір» ме, қәдімгі?
Zilola
ой, ол «дейін» деген сөз ғо :)))
balzaminka
Ал мен баласын жұбата алмайтын ата-аналарға жыным келеді. Бала неге ондай қылықтар көрсетеді? Өзіне назар аударғысы келгендіктен, өзінің осы қоғамда рөлі бар екенін және онымен теңесуі керектігін айтқысы келгенде осылай болады емес пе. Негізі, жаңа туылған күнінен бастап бала үлкен психолог қой, байқап қараңыздаршы.
Мен балдардың бәрін жақсы көрем :) есері болсын, жындысы болсын, капризныйы болсын. Олармен тіл табысуым да тез, айтқанымды істетуім де тез
Балдарымыз аман болсын!!!
Beytanis
есері болсын, жындысы болсын, капризныйы болсын.

«Тым көп» не «тым аз» бөлінген назар баланы жоғарыдағы «жақсы мінездерге» ие болуының негізгі алғышарттары! Баласын жұбата алмайтын адамдардың ата-аналық жауапкершілігі, түйсігі жетілмегендіктен.
edige
Баланың психологиясы оның жасының өсу дәрежесіне сәйкес. Біреулер бар 10 жастан асқан баласына «Отютю-потютю» деп. Бала әкесінен аяқ тартуы керек. Ол деген жекіріп жүруде емес қой. Балаға байыппен түсіндіріп жеткізіп отырғанды дұрыс деп санаймын. «Анау кім, мынау не?» деп сұрақ жаудыру басталғанда соншалықты түсіндірсе, бала тез қабылдайды соны. Ал қазір ұрсып, артынан еркелете салса ол сол уақытта естен шығып кетеді
Beytanis
Алтынсариннің «Бақша ағаштары» деген әңгімесін сүйемін. Әңгімедегі ТҮЙІНДІ тәрбиенің өзегі етсе, ата-ана да, бала да, қоғам да, мемлекет те өкінбес.
asaubota
баланы жұбату үлкен сауапты іс екен. ал балаға көңіл бөлу — көп мөлшерде алтынмен садақа берумен тең екен.
Исламда бала тәрбиесі деген кітапты оқып жатыр едім, содан оқығандарым.
VKM
Кішкене кезімізде сіңлім екеуміз де жылауық болдық.Себебін де білемін, папамдар ұрыспайтын.Сіңлім 3-4 жаста болғанда үйге бір туыстарымыз қонаққа келген, ал сіңлім жоқтан өзгеге еркелеп жылай берді. Сонда ана кісі:«Сендер неге балаға қой демейсіңдер, мен болсам баяғыда шапалақты жегізер едім»деді.Айдока жылағанын қоя қойды…
Бірақ ол кезде дұрыс ештемені түсінбеді ғой,қазір былай тәрбиелі…
satibaldi
Кішкене кезімізде сіңлім екеуміз де жылауық болдық.
Қазір де өзгере қоймағансың.
satibaldi
қазір былай тәрбиелі…
Неге аздап күдікпен айттыңыз? Осы жерден толығырақ… Толығырақ…
VKM
сатывалды,қойшииии, бәрі норм.
satibaldi
Айттым ғой, әлі жылауықсың сен.
Aizhantabyn
АЛЛА берген екі племянницам бар (ағамның қыздары), әлі кішкентай, бірақ жанымдай жақсы көрем. Ерке болғанда енді сөзбен жеткізу қиын. Үлкені әкемнің қызы. Кімдікісің десе, атанікі деп тұрып алады. Сосын істеймін дегенін істемесе, жылайды. Бірақ, ағам қатал, көзімен ақ орнына қояды.
Ал мен ұрыса алмайм балаға. Мүлдем. Содан менен қорықпайды. Жасамайтыны жоқ. Айпадқа тұрам екі аяқтап деп жер тепкілеп жыласа да, көнесің (((

Мен жұмыс істеген кезде бір апай баласын ертіп келген ғой. Тентек екен. Содан жаңағы баламен дос боп алдым. Айтқанды орындайтын болды. Шешесі таң қалады қалай деп? Бар болғаны баламен ересекпен сөйлескендей сөйлесу керек. Компромисс дегенді жақсы көреді екен. Тыныш отырсаң мороженое жейсің дегендей))

Қысқасы, Бальзаминкамен келісемін! Балалардың бәрі тәтті! Аман есен, ауырмай жүрсін балапандар))
Beytanis
Шал-кемпірдің баласы болды ма, бітті, қыңыр мінезді болады.
ErNur
Негізі анау-мынау дегенмен баланың санасына байланысты сияқты бәрі. Ал кәзіргі таңдағы балдардың түйсіктері мықты болып келетін сияқты :)