Джыным келеді
Дәл осылай «джыным келеді» деп басталушы еді бір пост. Мен де қазір не нәрсеге жыным келетінін жазғым келіп тұр. Бұнымен бетпе-бет енді ғана кездесе бастадым. Ол — жұмыста саясатпен айналысатын адамдар. Олар өзінің қызметі жоғарылап, игіліктерге иелену мақсатында ешнәрседен тайынбайды. Олар сыртынан сені қызметтестерге, бастықтарға жамандайды, қандай әдісті пайдаланса да жолды қиып тастауға тырысады, сені алдау мақсатында саған қасақана жалған ақпарат беруі мүмкін, көпшілік алдында бет жыртысады, айыбыңды жекеге шығып емес, көпшілік алдында жайып салады, жақсылығыңды жасырып, жамандығың асырады, шалыс басқаныңды әрқашан бетіңе басуға дайын тұрады, ақ көңілмен сеніп айтқан сөздеріңді басқа біреуге жеткізіп салуы әбден мүмкін, өзінің атқарған ісін түйедей қылып көрсетеді, ал сенің істегеніңді түймедей қылғаны былай тұрсын, тіпті жоққа да шығарады, жүрген жерінде жағдайды ушықтырып жүреді…
Бұндай адамдар неге осындай болады екен? Рухани осал, дөрекі, дүмбілез, қара домбай адамдар дейін десем, «зиялы қауым» ішінде де мұндай «адамдар» көптеп кездеседі. Мәселе зиялылықта емес, ниетте сияқты. Қаншалықты «ақылды» болсын, егер ниеті қара болса ол адамның құны бес тиын. Және де бұларды ақылды емес, қу, сұмпайы деп айтқан орынды болар. Біреуді алдауға, алдын орап әкетуге дайын тұрады. Әділ бәсеке болса жөн-ау. Адамгершілікке жатпайтын әдістерді пайдаланатынын қайтесің. Мектепте, отбасында адамгершілік қасиеттерді төрге қоюшы едік. Тәрбиешілер айтқан адамгершілігі мол адамдар небір суайт-құзғындардан жапа шегіп жатса, мұндай адамгершіліктің қажеті не. Жас адам үлкен өмірге аяқ басуында осындай қиыншылықтарға ұшырамас үшін не істеу керек. Қазіргі заманда "Ә" десе «мә» дейтін" эгоистікпен шектесетін индивидуалистті тәрбиелеген дұрыс та шығар. «Таспен ұрса аспен ұр деген» позиция қаншалықты дұрыс қазіргі уақытта? Өз еркімен біреуге жем болу альтруизмге де, пофигизмге де, пацифизмге де жатпайды.

Көтеріп отырғаның үлкен мәселе, қазіргі кезде әбден ушығып, солқылдаған шиқанға айналған проблема, егер осының бәрін биліктегі сыбайластық, жемқорлықпен ұштастырсаңыз қоғамдағы барлық жүйені елестете аласыз
Егер осының барлығын сыбайластықпен, жемқорлықпен ұштастырып қарасақ мәз емес картина шығады. Сарыуайымға түсіп, өмір сүруге деген құштарлық төмендеуі әбден мүмкін.
Мейіржанның айтып отырғаны, дамымаған да, дамыған да, дамыватқан да, дамиындеватқан да елдердің барлығының тұрғындарының бойында кездесетін қасиеттер ғой…
Ал жоғарыдағы пікірді көзі көрген адамдар растайды. Яғни, кеңестік заманды аңсайтын аға ұрпақ өкілдері сол кезде 90-шы жылдардағыдай да емес, тіпті қазіргі кездегідей де емес біраз әділеттілік (честность, совесть) болғанын айтады. Адамдар арлы болды қазіргіге қарағанда.
Мейржан, лузерлердің айтқанын көп құлақ түре берме. Арлы адамдар қазір де көп. Тек алдын ала «Бәрі арсыз боп кетті» деген лузерлік позия ұстамау керек.
Малдан айырмасы жоқ адамның саған істегенін өзіне істеймін десең, сеніңде оның кейпіне енесің.