Бір қыздар бар...

Бес саусақ бірдей емес әрине. Мына жазбаны оқып біздің қыздардың бәрі осындай дей алмаймыз, сондай-ақ ер жігіттіктен ада жігіттеріміз бар екенін де жасырмаймын. Дегенмен менің ұнатпайтын, баяғыдан ұнатпаған қыздардың сыртқы пішіндері, болмысы:
Құлақтарына дәу домалақ шығыршық тағып алатын қыздар. Ауылда болса ат байлауға болады сырғасына. Дегенмен жақсы жақтары да бар. Біз секілді аса ұзын еместер қоғамдық көлікте сол шығыршықтан ұстап «ыспакойны» қалаған жеріне дейін құламай жете алады.
Сағызын шарт-шарт үре беретін қыздар. Сиырдың өзі мәдениетті күйсейді негізі.
Шашының бояуы көзіне, көзінің бояуы ерніне, ернінің бояуы тырнағына сәйкес келмесе де баттастырып боянып алатындар. Құдай бермеген түрді қолмен жасай алмайтындарын ұқпайды-ау…
Автобуста қарқ-қарқ күліп ер бала жасамайтын әрекеттерді жасап отыратын қыздар. Атып тастаса ғой қораның артындағы шұңқырға апарып.
Кіндіктері ашық жүретін қыздар. Кіндік деген ол енді болашақ ананың ең керек жерлерінің бірі ғой. Соған сым тағып алып, ол аздай тілдеріне шеге тағып алатындары бар.
Төсін, көтін ашып жүретіндер. Негізі жұмбақты шешуге ұмтылғандай жасырын тұрған нәрсені көруге құмартады адам. Ашық тұрған төсті көруді қиялдай алмай-ақ қойдым. «Білмекке құмарлық» дегендей ғой…
Бөлісу:

148 пікір

asaubota
тақырыпты бастан оқып келе жатып, қазір пікірге былай деп жазам деп ойлап жатсам, мен жазамын дегеннің бәрін жазып қойыпсың :)
Abilakim
Ойымда тағы бір нәрсе бар тәрізді, не екенін таба алмай қодйым…
asaubota
өзара қазақша сөйлесіп тұрып, жақындай қалған кезде автоматты түрде тіл функциялары орысшаға көшіп кететін қыздар бар.
sammita
Қыздар да қыздар бар жарылмаған қауыздай,
Жігітте де жігіт бар тонның ішкі бауындай.
Ай-хой, гүл-гүл жайна, күл де ойна
Қыз-бозбалааа шағыңда:))
a63a1
частушка жақта забайытталып кетіп едіңіз тоқтай алмай мында келіпқалдыңызба?
a63a1
Ауылда асел болып қалаға келіп ася боп кететіндер барғой суқаным сүймеді соларды! орысша бірдеме сөйлемекші боладығой, қаным қарайады
nurjanbay
пенсияға шыққанда қандай шал болар екенсің?
Aizhantabyn
Сырғада не тұр? Мен мысалы үлкен сырғалар жақсы көрем)))

Қалғанымен келісемін, жарасымсыз.

Асаубота айтпақшы, жалпы қазаққа жын ым келеді әп әдемі қазақша сөйлеп келеді де, сосын қасына келе бергенде орысша сайрап нервымды құртып!
Кетіп бара жатады баласымен қазақша сөйлеп, қарасаң бітті: Не бегай сына, не прыгай доча деп…

кіндік дегенге кеше Тоқтар Серіковтың сұхбатында: Құлақпен тыңдайтын әнді кіндікпен тыңдайтын қарындастар бар деген)))

Сосын өз басым шалбарының бар болғанына қарамастан іш киімі көрінетін қыздарға ашуым келеді. Әдемі емес те… (((

Сосын, универде оқып жүргенде тобымдағы сексен пайыз қыздар ауылдан келген еді. Басында дым жақсы болатын, бір екі айдан бастады, арақ, темекі, төсек… Таң қалдым.
nurjanbay
арақ, темекі, төсек…
осы жерден тоқтай сал. жалғастырмай-ақ қой :(
konvict
шалбарының бар болғанына қарамастан іш киімі көрінетін қыздарға

Көп қыз осылай киінгенді сән көретін секілді. Олар киген юбка да, шалбар да барын ашып, қай жерінде несі бар екендігін анық көрсетеді. Үстіне киетін киімі де оңып тұрғандары шамалы
alisha
қыз қыз ғой… бүгін менің елудегі бастығымның осындай кейпін көріп құсқым келді… шалбар кимесе де болады ғой ондайлар
konvict
Иәәә!!! Сондай кәртейсе де қыз секілді киінгісі келгендерге түсінбеймін. Қыздардың шалбар кигені, биік өкшелі аяқ киімдері мүсінін әдемі қылып көрсетсе, ал анау қарны шыққан, емшегі салбырағандар солай киінгенде жүрегің лоблып, құсар жер таппай қаласың.
Gastarbaiter
ал анау қарны шыққан, емшегі салбырағандар солай киінгенде жүрегің лоблып, құсар жер таппай қаласың.

Қорықпа, сен де елуге кеп шорты кигенде біреу сен туралы солай айтады:))
konvict
Олда мүмкін. Біраұ алдымен елуге жетіп алалық. Сол кезде не киетінімізді керекинфода талқылай жатармыз
edige
Одан ары балаңнан қалған триконы шорти етіп киесің… :)))
Үлкендер неге жынды киініп алмайды деп… Солай болады екен де өзі
nurjanbay
біздің ауылдың айтқыштарынан сөз қалған ба:
«Артынан қарасаң пионерка, алдынан қарасаң пенсионерка» дей салған ғо :)
Aizhantabyn
олай болса да жақсы ғой) кейде артынан қарасаң пенсионерка, алдынан қарасаң пионерка боп тұрады ғой(((
sammita
және қарны/арты сыртқа ағып кеткендер тырыстырып киініп алатыны қызық осы:))
Zilola
тасыған ашыған қамырдай деси :)
sammita
айтпа, қарауға ұяласың тіпті.
бүгін менің елудегі бастығымның осындай кейпін көріп құсқым келді
@alisha сурет қайда:)))
konvict
Өзінен басқа жанды менсінбейтін. Мен мынанлаймын, ананы ұнатамын, мынаны ұнатпаймын деп көлгірсіп, кейін қарасаң сол ұнатпаған нәрсесін істеп жүрген қызды көрсем қаным қарайады
Ahi
Персинг таққандарды және татуировка басқан қыздарды «дұрыс» қыз деп есептемеймін
satibaldi
Өзіңе қарап алсайш әуелі.
sigma
Неге? дәлел келтіріңіз!
satibaldi
@alisha, уішівөл!
konvict
уішівөл
Осы сөз сені біреуге ұқсатады
qisyq
Күдік, күдік… жегідей жеген күдік…
konvict
Әәәә!!! Түсінген секілдімін, Қисық қалай ойлайсың? Мен дұрыс түсіндім бе?
qisyq
Нақты не ойлағаныңды білмеймін ғой. Ал өз долбарымды айтайын десем, @Ahi келіп «болжам жасадың, шірк ол» деген сыңайдағы боян жасай ма деп қорқамын…
konvict
Мен онда дұрыс түсініппін. @Ahi ді бекер шақырдың ((((
Біреудің қателігін айтуда шірік болып жүрмесін тағы
alisha
Мышьяк ішейінші…
sigma
әсіресе қысты күндері бөкседен келетін шалбар ішінен киген колготкилерін төсіне дейін тарқыштап жүретіндерге жүрегім айниды.

сонда бөкседен келетін колготки, не белден келетін шабар жоқпа екен?
Әр нәрсе өз орнында тұрған дұрыс шығар.
Ал, көрсетіп жүргендерге (өзіне жарасып тұрса әрине) жүрегім айнымайды.
nurjanbay
не айтылмай қалды деп отырсам. айтпақшы өзінің қасын қырып тастап орнына «татуаж» жасатып алатын қыздар бар ғой. біраз сөзді соларға арнайық. қызық болсын *54
Aizhantabyn
Соны айтам ау)) Татуаж деген енді экстренный вариант қой. Кейбіреулерде қас өспейді дегендей. Не болмаса формасы быт шыт. Сонда татуаж жасайды. Бірақ, ағзаға зиянын білсе ғой… (((
VKM
Иә, бар ондай қыздар.Мен үлкен сырға тағамын,ұнайды)))бірақ жігіттер қыздарды жамандағанда жеткізбейді екен:)
direct
ой, айтпа, қатырамыз ондайды)) алып барып, алып қайтамызғой))
Zilola
алып барып, әкелмей қоятындар да бар :)
Gastarbaiter
Қыздардың модасын диктовайт ететін Еуропадағы еркектер екенін ұмытпайық. Мынау жаман, анау жаман дегенше, қалай дұрыс боларын көрсетіп берсең қыздарға нұсқаулық болар ма еді.
patick
светафор болып киінетін қыздарға жыным келеді.
Gastarbaiter
Табиғат әйелге сұлулықты вагондап бермесе, "қойшы нақ, бәрібір сұлу емеспін" деп қамзол көйлек киіп, өзіне қарамай жүру деген түсінікке мүлде қарсымын.
«Болмасаң да ұқсап бақ» дегендей, барынша тырысып, өзін жетілдіруге тырысатын әйелдерді сыйлаймын. Мейлі сұлулық жағынан болсын, мейлің рухани болсын.

Маған үлкен сырғалы қыздар ұнайды. Үлкен сырғалар қыздардың өңін ашады. Тек қартайғанда құлағының тесігіне баскетбол ойнауға болатындай үлкеетіні болмаса.
Жалпы өзім талғаммен киіне білсе, және өзінің моральдық принциптеріне адал болса, жас қыздардың эксперименттен қорықпайтындарын сыйлаймын. Подцвет-мадцвет сұп сұр киініп тобырдың арасында тығылып жүргенше, жұрттан ерекшеленіп жарқырап тұрғанын қалаймын.
Жастық шақ қателіктер мен тәжірибе жинау уақыты. Қателік жасауға қорықпау керек, тек бүкіл өміріңе таңба салатын қателік болмаса болды. Және қателіктен сабақ ала алсаң болды.

Бірақ тіпті талғамсыз қыздардың өзі, есее келе, коллективте немесе құрбыларының арасында жүріп, өзінің бір талғамы қалыптасады.
Және 15-17 жасында Абіләкім айтқандай жағымсыз көрінген тырнағы қарамен боялған, шашы алақызыл, мұрнында пирсингі бар, аузында брекеттері бар семіз Эмо-қыз, талғамының жетілуіне байланысты, өзін өзі күтуіне байланысты 22-23 жасқа жақын Париж бен Ландонның сән үйлерінен шыққандай құлпырып алдыңа келгенде аузың ашылып, жағың астынан тұрып кеткен бұтағың итеріп жаппайынша салбырап тұрып қарсы алуың ғажап емес.
Aizhantabyn
үлкен не значит ауыр)))
көп сырғалар ауыр көрінсе де, өздері жеңіл)

Айтпақшы, құлақты тескенде жоғарырақ тесу керек, сонда қырыққа келгенде салпиып тұрмайды)

Бетти туралы әңгіме айтқандай болдың, Гаста)))

Айтпақщы, бояна білген қыз қашан да әдемі. Даже если «гадкий утенок» болса да))
sammita
Гастабатырдың осындай пікірлерін жақсы көрем. Жіліктеп шағып, жігін келтіріп біріктіріп, майлап-сылап тап-тұйнақтай қылады әңгімесін.
Erkekyz
Сырғалардың үлкендері шыныменде қыздың көркін аша түседі ғой. Менде өз басым үлкен сырғаны жақсы көрем.
Gastarbaiter
Этно стильдегі сылдыр шолпы шашбауларды еске түсіреді:)
Erkekyz
Киіммен үйлесім тапса ол да әдемі.))))
Aizhantabyn
этно стильді воообще қатты жақсы көрем.))
Сырға, сақина, білезіктен әкем гарнитур сыйлап еді.
direct
тәлпіш қыздар қалып кетпесін тізімнен))
Serzha
> Автобуста қарқ-қарқ күліп ер бала жасамайтын әрекеттерді жасап отыратын қыздар.
қандай әрекеттер екен?
> Кіндіктері ашық жүретін қыздар.
неге ашып жүруге бомайды? МҮЛДЕМ түсінбеймін
meirzhan
Кіндікті ашып жүрсе, денсаулығы мықты болады дейді.
Serzha
«нағыз жігіттер» қандай болу керектігі туралы айта беретін қыздарға жыным келеді
Gastarbaiter
Дәл өзі)) Сосын «Я женщина, а значит я актриса» деп жігіттер мен әйелдердің ара қатынасы тұралы көп әңгіме соғатын жалғызбасты әйелдерді түсінбеймін.
Пысық болсаң, неге жалғызсың?
Ottegin
«Я женщина, а значит я актриса»


«Вы все-бабы-ду… а я-прынцесса (фея)» дейтіндері де бар деседі))) Д'артаньян синдромы деген ауру екен диді)))
serjan
Құлағына ілгені дөңгелегі арбаның,
аяғына кигені тұмсығындай қарғаның.

Ашық-шашық борбайға,
суық тисе тоңбай ма?

Семіз қыздар сонша ма
не жейді екен шіркін ай.
арық қыздың әкесі,
кедей ме екен шіркін ай.
alisha
Семіз қыздар сонша ма
не жейді екен шіркін ай
… Ешкімнің нанын тартып жеп жүрмеген шығар… Осы біреудің дене бітіміне тиісу барып тұрған ақымақтық деп ойлаймын. Мысалы, сіздің бетіңіз табақтай ғой, мұны өзіңіз қаламасаңыз да… Сол сияқты…
serjan
Әзіл өлең ғой сонша неге бүліндіңіз,
alisha
Әзіл өлеңге ана жақта бөлек пост бар ғой;)
sammita
:))))))))) ойбаййй ішім:)))) пыросты фотоға жақыннан түсірген шығар:))))
alisha
солай шығар;) былай да негізі алып бара жатқан табақтай емес, жәй өзіне тигізіп жазғаным ғой;)
AKY
Меніңше фотосын өңдеу кезінде енін созыңқырап жіберген секілді)
Abilakim
Айгеро, оның енін қайдан көрдің)))
AKY
Потоның енін айтам на)))
Abilakim
ееее, кеңк-кеңк))))
qisyq
қай жерінде болады екен ол?
a63a1
бөлүйдім бөлүйдім қызы бар үйге мөлидім!!!
a63a1
аппақ шалбарды в обтяжку киівалып жүредіғой ыххххххххххххххх. мойның үзілів кете жаздайдд. О_Ө
a63a1
каз ишшо колготка тәріздес шалбар шығыптығой ол ваше жынды ИХХХХХХХХХХХ
alisha
Шалбар тәріздес колготкидің болмайтыны сынды, колготки тәріздес шалбардың да болуы мүмкін емес қой;)))) қатырасыңдар))))
a63a1
ой былай қарасаң колготкимен жүрген сияқты, бірақ қалтасы барын аңғардым)))))
alisha
қалтасы бар колготки демегеніңе шүкір))) кейбіреулерге жарасымды ғой, несі бар?! Бірақ бұттары шидигеніне қарамастан сыптиып жүретіндер расында да сұрықсыз көрінеді;)
a63a1
әдемі және тағыда әдемі ыхххххх бірақ бір түрлі көрінеді екен жалаң бұт жүргендей))
Aizhantabyn
легинсы, лосины дегендер ме?))))
a63a1
жоғи кадімгі шалбар соған ұқсайды, магазинге барып көрсеңдерш
VKM



міне, осындай)
a63a1
бұл емес ииииииии"" каз тауып корсетем
alisha
трегинсы шығар бәлкім))
a63a1
биыл ғана киіп жатыр қыздар, Былтыр жоқтын ондай шалбар
VKM
сол шығар)түсіндім.
a63a1
ііі ия ия сол аха дәл таптың) Шаршап кеттім ізеп, бірақ ондай шалбар таппадым
edige
«Жалаңаш темаға» таңертеңнен жыным келіп отырып түнгі клубқа жұмысшыларға дизайн жасап тастадым… Сұраныс соған боп тұрса қайтем :(((
sammita
жазғы көйлектер дизайнын салсаңыз нұр үстіне нұр болар еді:))))
edige
Мен тек казино, түнгі клуб персоналдарына униформа дизайн жасаппын…
Ұятын ай ә :((((
Zilola
оның несі ұят?
edige
түптеп келгенде жасыма лайықты басқа жұмысқа өткенім дұрыс тәрізді
Zilola
казино, түнгі клуб персоналдарына униформа дизайн жасаппын
түптеп келгенде жасыма лайықты басқа жұмысқа өткенім дұрыс тәрізді
сіз қойсаңыз бәрібір біреу жасайды ғо бұл жұмысты
monti
@edige уау киім дизайнын жасаушы?  
түптеп келгенде жасыма лайықты басқа жұмысқа өткенім дұрыс тәрізді
әлде мен дұрыс түсінбей отырмын ба?
TERISKEI
@Edige аға, дизайныңыз «жындкен»! Тек, ана 3 суреттегі қыздың тізесі жоқ па? ық-ық:)))
edige
көшіру-қоюда кеткен кемшілігім екен байқамаппын :)))))))))))
satibaldi
Қайыр айтуға бара жатқанда ернін бояйтын қыздарға жыным келед.
Abilakim
кеңк-кеңк-кеңк)))Галина Бланка буль-буль
Gastarbaiter
Айтпа нақ, киім таңдап. Кей қыздар көрісіп жатып, бір-бірінің құлақтарына қараса керек не сырға тақты екен деп.
satibaldi
Озбырлық-ай десейш, нақтың.
Aizhantabyn
daaa, jaksy kyz degen jok eken goi :)
satibaldi
Қыздар тек ұйықтап жатқанда жақсы.
Abilakim
«Хороши полицейский — лежащий полицейский» дегендей ғой
Aizhantabyn
ал жігіттер ше?
satibaldi
Меніңше төрт жігіттен тұратын топ.
AKY
Жігіттер даж ұйықтап жатқанда да жаман))
satibaldi
Ой бір жасап қалдың-ау а? Бөлтірік шешеннің рухы арқаңды қоздырып, сипалап кеткен шығар, ә?
Serzha
кей қыздар джинсыдың ішіне колготкі киіп алады. а ол сосын көрініп тұрады. ффуууу
Abilakim
Нәскидің сыртынан калготки кигендей деш
Zilola
колготкі көрінгені жақсы, бір жіп көрінгеннен :(((
a63a1
бұттары тоңатын шығар ыххх
Serzha
өздері солай айтады, бірақ сенбеймін. юбкімен жүр ғой кейбіреулер аязда.
asaubota
сосын кей қыздардың лифчиктері қандай екенін білуге міндетті емес сияқтымыз.
Aigolek
кисе не бопты? кыста джинсыдын ишинен колготкы кимей корши
Zilola
Бірнеше қыздар бар, шаштарын түнде жуып, күндіз адам қызығарлықтай етіп өріп алатын.
Соңынан еріп, негізгі бара жатқан жағыңды ұмытып, арттарынан кете бересің, қасына жақындап сөйлескің-ақ келеді.

Айналайындар-оу осындай қыздар жайлы жазыңдаршы а, үлгі өнеге болатын.
a63a1
бар бар ондай қыздар, қолмен ұстамақ түгілі, саусағыңмен түртіп былғағыңда келмейді
Zilola
енді жазсайщь солар жайлы, хотя бы копиясы болып жүрейік :)))
a63a1
ондай қыз бар менің өмірімде, ахх шіркін, неткен сұлу десеңші, жүрісін айтсаңшы, бейне бір қалқыған бұлтқа ұқсайды. Сөйлеу мәнерін айтсаңшы, еліктіріп, жүрегіңді еріген балдай езіп жібереді. Иісін айтсаңшы, шамға ұмтылған көбелек тәрізді арбаламын да қаламын!
VKM
Мен жалпы Керекте текке отырған жоқпын, көп нәрсе біліп қалдым.Жігіттер көп нәрсені айтыпстады
Zilola
олар тек ұнамайтынын ғана жазуда, ұнайтынын жазса қатып кетер еді.
Соларға қосылып футбол қарап, боқтап отырғандарды ұната ма екен?
Beytanis
маған футбол көретін, бірақ боқтамаймын қыздар ұнайды. ))))
sammita
Соларға қосылып футбол қарап, боқтап отырғандарды ұната ма екен?
:)))
ал біз тамақ жасап, бөпесін әлдилеп отыратын еркектерді ұнатамыз. Қандай мейірімдіміз:)
Gastarbaiter
бөпеге қарауды намыс көретіндер бар ғой:)
Мен жақсы көрем бөпемен ойнағанды, бірақ басқа тірліктерім, хоббилерім көп, ұзақ уақытқа шыдамайм)))
asaubota
маған да западло емес, бірақ көпке шыдамаймын. әр істі маманы істеу керек деген ойдамын :)
Gastarbaiter
Кейде бала бағып, өмірдің қыртым-сыртымдарынан демалып қалатынымды да жасырмаймын.
qisyq
Муахахахаха, @sammita, уіш
sammita
@qisyq тұз жала:))))
Abilakim
Ұзақ отыруға менің де жүйкем шыдамайды,әйтпесе жолдан таппағаны белгілі ғой сол баланы
meirzhan
футболды бәрі ұната бермейді.
meirzhan
Кім болсын киімді молынан, тыртыстырмай кигені дұрыс.
Meru
Кім болса да молынан/тырыстырып жарастырып кигені дұрыс)))
Gastarbaiter
Мынандай сұрақ қоятын қыздар қандай қыздар екен. Жағамды ұстадым.
Abilakim
Ліба, сұрақтың көкесі екен мынау! Ерболдың сайтына да барып қалар бұл сұрақ. Алла сақтасын!
Aizhantabyn
Мә, аборт жаса деп ақша ұсынған жігіттерге сай қыздар, имхо…
Gastarbaiter
Меніңще үйлене алмайтын болса, еркек тым болмаса аборттың ақшасын көтеруі керек. Ондайды көбіне көргенді жігіт жасайды. Қалғандары тайып тұрады ғой жоқ болып, немесе қызға өтірік жала жауып, кінә тағатын себеп іздеп тастап кетеді.
VKM
Меніңще үйлене алмайтын болса, еркек тым болмаса аборттың ақшасын көтеруі керек
ммм… джентльмен деш(((
Gastarbaiter
Негізі идеалында еркек туғызған балаларының барлығын асырауға көмектесуі, мейлің заңды мейлің заңсыз керек. Бірақ әйел туам десе ғана.
Ал егер тумаймын, аборт жасаймын десе, тым болмаса аборттың ақшасын тауып беруі керек. Мен осы мағынада айтқанмын. Өйткені еркек емес қой баланың қалу-қалмауын шешетін.
Sayana
Қыздарды әрі апарып, бері әкеліп әбден оңдырмаспыңдар-ау?! осының бәрі жігіттердің әлсіздігінен! Соңғы үлгідегі сән деп кеңестік кездегі, одан арғы уақыттардағы киімдерді киіп, сумкаларды ұстап жүрміз ғой. Түбі өзіміздің ЭТНО стилімізге қайтып келеміз. Сосын адамның жеке басына тиісуге болмайды. Арық, семіз деп. Қыздар қалай киінсе де, қалай боянса да жігіттер үшін, соларға ұнау үшін. Ал АҚЫЛДЫ жігіттер солардың ішінен өзіне лайығын таңдап алсын,
Abilakim
бұл жерде жалпылама шолу жасағанбыз. Жігіттер жайлы да осы тектес жазба бар. Ал, былайша жеке (қыздың)біреудің басына шүйлікпеппін. Арық, семіз деп жіктемеймін де. Арығы арыққа, семізі семізге тие ме маған бәрібір
Gastarbaiter
Арықты арық, семізді семіз деу керек меніңще. Ол жаман деген сөз емес. Әр кімнің вкусы әртүрлі.
Sayana
Жеке адамның басына қатысты пікір әркімнің өз ішінде болуы тиіс.
Gastarbaiter
Кімге тиіс? КОмплимент айтса олай демес едіңдер Мінезіне қатысты нәрсе болса, бетіне айттым деп мақтанасыңдар. Ал сыртқы пішін де мінез сияқты қасиет. Оны да корректировка жасаға болады егер нағыз мақсат қойсаң.
Егер мені біреу мақтаншақ десе мен ренжімеймін. Өйткені өзі де солай. Семіз адам да ренжімеуі керек, өйткені ол өз қалауы бойынша солай. Адам жоқтықтан семіз болмайды.
Milzhyng
Қыздар да ұлдар да бұрынғыдай емес.
a63a1
ияя сіздің заманыңызда қыздар мен ұлдар бұрыңғыдай болушы еді )))
Milzhyng
иәә, несін айтасың, құрдас…