Оларда пенде!
- Президенттерде біз секілді пенде ме? Оларда бос уақыт бола ма? Болса, бос уақытында олар не істейді? Иә! Олар да біз секілді пенде екен. Кейбірі біз үшін қызықты болуы мүмкін.
АҚШ-ның алғашқы президенті Джордж Вашингтон балмұздақ жегенді ұнатқан. Он жетінші президенті Эндрю Джонсон президенттікке сайланбастан бұрын ер адамдардың киімін сатып, қалпақ тазалаушы қызметін атқарған. Абраһам Линкольн туфлиін өзі тазалаған. Теодор Рузвельт 1901 жылы ресми түрде «Ақ үй» атауын енгізген.
- Эндрю Джексон (1767-1845) АҚШ президенттерінің арасында ержүректігімен танымал болған. 100 астам дуельге қатысқан ол, екі рет – кеудесінен және иығынан жараланған. Рейчелдей сұлуды қолына қондырған Джексон оны қорғау үшін кеудесін оққа төсеген. Соңғы рет 1813 жылы Миссури сенаторы Томас Харт Бентонмен болған дуельде қолынан жараланған.
- Фидель Кастро – бос уақытында «Убре Бланка» деп аталатын сиыр тұқымын өсіруге ат салысқан. Убре Бланка Гиннестің рекордтар кітабына ең көп сүт беретін сиыр ретінде кірген. Күндігіне 110 литр сүт беретін Зеңгі баба тұқымы 1980 жылдары Куба эконмикасы үшін зор пайда әкелді.
- Адольф Гитлер – әлемде жаууыздығымен аты шықса да, әзілді жақсы көрген. Әсіресе, Чарли Чаплиннің фанаты болған. Тіпті, өзін әжуалаған «Ұлы диктатор» фильмін көргенде ашуланудың орнына айызы қанғанша күліпті. Оған қосымша Гитлер вегетериан және әуесқой суретші атанған.
- Ху Цзиньтао бос уақытында стол теннисін ойнағанды ұнатады. Жас кезінде би кештерінде соло билеген.
- Тони Блэр гитара тартудың шебері. Бос уақытында теннис ойнаған.
- Джордж Буш балық аулағанды, шайтан арбамен тауға серуендеуді ұнатады. Қолы қалт ете қалса, сүйікті шайтан арбасына отыра сала тауға қарай зымыраған.
- Владимир Путин бос уақытында балық аулаған және атпен серуендеген. Самбошы экс-президент дзюдодан қара белдік алған.
- АҚШ-тың 44 президенті Барак Хусейн Обама 1961 жылы, 4 тамыз айында Гавай аралындағы Капайолани Медициналық орталығында дүниеге келді. Осы бір жігітке біраз тоқталсақ. Бұл жігіт өзгелерден несімен ерекшеленеді? АҚШ-тың 44-президенті алғашқы болып африка-американды президент болды. Барак – суахили және семит тілдерінде «кешірімді, кешіру» деген мағынаны білдірсе, Хусейн – семит тілінде «жақсы, әдемі» деген мағынаға келеді. Барактың атасы Оньянго Обама Ұлы Отан соғысы кезінде Кения революциясына қатысқан. Оньянго хрестиандықтан мұсылман дініне өткен.
Барак Обаманың әжелері ертеректе құлдықта болған. Жастық шағында сыныптастары оны «ұзын кірпікті» атаған. Жас кезінде құрылыста жұмыс атқарған.
Барак жастық шағында да, қазір де балмұздақ жегенді ұнатпайды.
Барак күнделікті кешкісін үйіне келген кезде қызы Малияға сүйікті кітабы «Гарри Поттерді» оқып береді.
Ол және Хиллари сайлауға түсіп жатқанда АҚШта едім, сонда көп феминисткалар Хиллариды жақтады. Тұңғыш әйел президент болсын деп… Алайда, Барак болды. Біздегі Барақ дегенге келеді есімі...)