Кедей мемлекеттер

Әлемде экономикалық деңгей әр елде әр түрлі. Кейбір елдерде жоғары кейбір елдерде өте төмен.Елдегі экономикалық жағдай жалпы ішкі өнім, сауаттылық деңгейі, жұмыспен қамту көрсеткіші бойынша анықталады. БҰҰ мәліметі бойынша аштық күніне 25000 адамды жалмайды. Өкінішке орай, соның ішінде балалар саны көп. Кедейлер мен байлардың арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Әлемдегі дамушы елде өмір сүретін 982 миллион адам күніне 1 доллармен өмір сүрсе, 2,5 миллиард адам күніне 2 доллармен өмір сүреді. Кедейлер жалпы халықтың 40 пайызын құраса, кірісі бүкіл әлемдегі кірістің 5 пайызын құрайды. Ал, керісінше байлар 20 пайызды құрап, жалпы бүкіл кірістің 75 пайызын құрайды. ЖІӨ көрсеткіші 765 доллардан төмен елдер кірісі аз мемлекеттер немесе кедей мемлекеттер саналады. Сіз таң қалуыңыз мүмкін. Неліктен кедей мемлекеттер кедей болып қала береді. Себебі географиялық жағдайы, индустрия, білім, инфрақұрылым, инвестиция, көші-қон жағдайларының нашар болуы, бір елдің боданында болуы, нашар басқарушылық, мемлекеттің қарыздары осындай жағдайға әкеліп соғады. Әлемдегі 10 кедей мемлекеттің қатарына көз салсақ.
10.

Эфиопияның ЖІӨ-нің жартысын ауылшаруашылық өнімдерге тиесілі. Ауылшаруашылық секторы жерді дұрыс пайдаланбаудан және құрғақшылық әсерінен зиян шегеді. Халықтың 50 пайызы аштықпен өмір сүреді. 80 пайызы тек нандарын ақтап жейді. 47 пайыз еркектері, 31 пайыз әйелдер сауатты. Эфиопияның көптеген жерлерінде А, Е гепатитімен, малияриямен, брюшной тиф, құтырма, шистосомоз ауруларының инфекциялары таралған.
 

09.

12,5 миллион халқы бар Нигер ең кедей он мемлекеттің бірі. Қуаңшылық Нигер негізгі қиыншылықтардың бірі. Бұл көп жағдайда тамақ тапшылығын тудырады. Барлық халықтың 63 пайызы 1 доллардан кем табыс табады. Сауаттылық деңгейі 15 пайызды құрайды. Орташа өмір сүру жасы 46 жасты құрайды. Көптеген адамдар гепатит, малярии, диарея, менингит, брюшный тиф ауруларынан қайтыс болады.
 
08.

Орталық-Африка Республикасы (ЖІӨ жан басына шаққанда $700)
Орталық-Африка Республикасы кедей мемлекет ретінде 171 орында тұр. Ауыл шаруашылығы тұрақсыз экономиканың негізі болып табылады. Орташа жас ұзақтығы 43,46 мен 43,62 жас аралығында. Халықтың 13,5 пайызы ЖҚТБ вирусынан зиян шегушілер.

07.

Гвинея-Бисау (ЖІӨ жан басына шаққанда $600)
Гвинея-Бисау кедейлігі бойынша 172-орында тұр. Ауыл шаруашылығы мен балық аулау ел экономикасының негізгі салалары. Кіріс мөлшері мемлекеттің әр тарапында әр түрлі. Халықтың 10 пайызға жуығы ЖҚТБ вирусынан зардап шегеді.
 

06.

Комор Аралдары Одағы(ЖІӨ жан басына шаққанда $600)
Халықтың өсуі мен жұмыссыздықтың тез өсуі Комор аралдарының экономикасының нашар болуының себептері. Халық тығыздығы әр шаршы метрге 1000 адамнан келуі ауыл шаруашылығына үлкен шығындар алып келуде. Ауыл шаруашылығы ЖІӨ-ның 40%-ды құрайды. Білім деңгейінің нашарлығы арзан жұмыс күшінің көбеюіне себеп болып отыр. Ел экономикасы шетелдік өзгерістерге көп байланысты.

05.

Сомалий Республикасы. (ЖІӨ жан басына шаққанда $600)
Ауыл шаруашылығы Сомалий Республикасының Африка мүйісіндегі негізгі экономикасы. Көшпенділер мен жартылай көшпенділер жалпы халықтың негізгілері болып табылады. Ірі-қара мал өсіру негізгі өмір сүру мүмкіндіктерінің бірі. Аз мөлшердегі ауыл шаруашылығы ЖІӨ-нің 10% құрайды.
 

04.

Соломон аралдары (ЖІӨ жан басына шаққанда $600)
Соломон аралдары Меланезиядағы мемлекет. Балық аулау экономиканың негізгі қайнар көзі. Халықтың 75%-дан астамы балық аулаумен айналысады. Древесина 1998 жылға дейін негізгі экспорттардың бірі болған. Пальма майы мен копра негізгі экспорттарға жатады. Соломон аралдары алтын, никель, мырыш, свинец сияқты пайдалы қазбаларға өте бай.

03.
Зимбабве Республикасы (ЖІӨ жан басына шаққанда $500)
Зимбабве Республикасы Африканың оңтүстігіндегі Лимпопо мен Замбези өзендерінің арасында орналасқан. Ел экономикасы ұсыныстың сұранысты қанағаттандыра алмау себептерінен, инфляцияның тез өсуі мен ақша жетімсіздігінен зиян шегуде. Халықтың 80% жұмыссыздар қатарын көбейтуде.

02.
Либерия (ЖІӨ жан басына шаққанда $500)
Африканың батыс жағалауында орналасқан Либерия кедей он мемлекеттің бірі. Экспорт тауарларыныңі азаюы, елдегі инвесторлардың жұмысын тоқтатуы, заңсыз алмас тасымалы мен 1990 жылғы азамат соғысы кезіндегі тонау мен қирату ел экономикасын тізерлетіп кетті. Елдің жалпы қарызы ЖІӨ қарағанда әлдеқайда жоғары.

01.

Конго(ЖІӨ жан басына шаққанда $300)
Орталық Африкадағы Конго Республикасы әлемдегі экономикалық жағдайы жағынан ең кедей мемлекет. Елдегі валютаның құнын жоюы, азаматтық соғыстар мен қарулы қақтығыстар, 1998 жылғы мұнай бағасының төмен құлдырауы ел экономикасын ең төменгі дәрежеге жеткізді.

Ақпарат көзі: www.hottnez.com/the-10-poorest-countries-of-the-world/
Бөлісу:

6 пікір

konvict
Шопақ жеген мемлекеттер. © Жарнама
satvaldo
өңкей мұсылман елдерi екен…
Gastarbaiter
Өңкей қара нәсілділер екен.
askerbek
Халқы сауатсыз болған соң солай болады даңғы.
Gastarbaiter
Біреулер ақ нәсілдердің қара нәсілді құрту саясаты бар дейді.
Ojdan
Сол қара нәсілге біздерді де қосыпқойыптымыс(Oрта Азия)