1май

керекшілердің арасында осы датаға байланысты көптеген естеліктері бар. бұл енді тарихымыз.
Бөлісу:

17 пікір

Zilola
Бұл мейрамға бір күн бұрын дайындалатынбыз. Ақ гольфи әдемі сандалиден бастап, қолға ұстайтын жалау мен шарлардың өзі мейрамды сездіретін.
Есігіміз құлттанбаса да (Кеңес үкіметінде көп үйдің есігі құлттанбайтын) жанұямызда бір адам қалмастан парадқа шығатынбыз. Білемін ол кезде тым кішкентай болғанмын, бірақ есімде қалды, есімнен шығарғым келмейді де, өйткені ол кезең қызық кезеңдердің бірі. Сол күндерден естелік болып қалған суреттер де ұмыттырматынына сенімдімін!
Мейрам құтты болсын!
Beytanis
Марқұм әкем есіме орала береді осындайда. Баяғыда Жанұямызбен парадқа шыққанымыз, бәріміз әдемі киінген, балмұздақ жеп, фотоға түсіп, мәз-мейрам кездеріміз. Тек қана көңілді көріністер. Балалық шақтың ұмытылмас мезеттері. Бұл сезімдер барлық дерлік адамның басынан өткен.

Мерекелеріңмен, ағайын!
asaubota
қазір қалай аталады осы күн? әйтеуір толеранттыққа қатысты бірдеме.
Zilola
Бірлік күні деп аталады.
Zilola
Өзге ұлттар мереке-мейрамдатып жүргенде, өзіміздің қаракөздер Думан ықшам ауданының маңындағы бос игерілмеген жерді басып алуда. Мейрамның керегі не, басыңда баспанаң болмаса?
sigma
Кезінде осы Бірінші мамыр күні керемет парад болатын.
„Доздравствует 1 мая„, „Мир, Труд, Май„ „Миру Мир„ сияқты қызыл транспоранттарды ұстағанда бір керемет ерлік жасаған адамдай мақтанышпен жүретінбіз колоннада. Идеология мықты болды ма, әйтәуір адамдардың көбі патриот еді сол кезде. Өздігінен парадқа шығып дегендей.
Ол кездері баламыз қызығып жейтініміз „Вата„(мақта сияқты тәті), пепси кола, лимонад, қағаз қалыптағы балмұздақ, осылардың ішінде ең жақсы көретінім 4 тиын тұратын (сол кезде) ливерный пирожки еді.

Бүгін де шеруде болдым, мекемелерден қатынасқан адамдардың жүзінде еріксіз келгендері көрініп тұрды.
balzaminka
Ливерный пирожки бізде екі тиын еді (Қызылорда)
Слава Труду деген де бар еді ғой қателеспесем :)
sakenspb
ненавидел ливерные пирожки
Gastarbaiter
Дүниежүзілік соғыста жеңіп шыққан сәветтіктерде «Жеңімпаз» деген сезім әрбір қайыршының жүрегінде лүпілдеп, бойына шаттық ұялататын.
satvaldo
туған айларыңмен, Майгүлдер…
balzaminka
Майгүл болмасам да бұл ай менің туылған айым еді, рахмет :)
sakenspb
бала кезімде бүкүл класты парадқа шығартатын, явка строго обьязательно екібастан. шарик, тюльпан, парад, қыздардың шаштарындағы ақ бантиктер, марожный, дк.дағы концерттер, ардагерлер, олардың кеуделеріндегі медальордендер,.
туған жерім ақтөбенің алға аудан ортылығы. химзавод болатын о жерде кезінде. есейі келе со заводтың столовыйына, кәзір ресторанға барғандай, келетінбіз достар болып. 9-10 кластардығы вечер тоже есімде.
Abilakim
«Нынче день праздник мая» деген өлең болушы еді оқулықтарда…
sakenspb
ондай өлең есімен түспей тұр. бәлки орыс мектептерінің оқулықтары болар
Abilakim
мен өзімнің орыс мектебінде оқығанымды сенен естіп отырмын))))
sakenspb
қазақша оқулықтарда болғаны есімде жоқ дегім келгені ғана :)