Бір махаббат хикаясы…
Қандай әдемі еді бірге өткізген күндеріміз
Қандай әдемі еді
Енді сен де мен де
Таба алмаспыз сол күндерді
Кейде ойлайм да
Менде бір қателіктер болды деп ойламын
Екеуіміз де кей нәрселердің қадірін білмедік
Есіңде ме кеш батқанда
Майшамдарымызды жағушы едік
Сен иіссуыңды жағатын едің
Бөлме сенің иісіңе толушы еді
Болмашы нәрсеге күліп
Қараптан қарап жылаушы едік
Күн жақсы болған кезде далаға шығып
Қар жауғанда қар атысушы едік
Сен картадан бал ашатын едің
Керек нәрсең шықпаса тағы да ашушы едің
Темекі тартқаныма ренжіп
Ішімдікке де қарсы едің
Зияндарын түсіндіруші едің
Кейде диета ұстайтын едің
Таразы кейде дұрыс
Кейде қате көрсетуші еді
Онымен де түсінісе алмаушы едің
Көршінің балалары бар еді
Біздің қызбен ойнаушы еді
Балалармен бақшаға шығатын едің
Мен футбол қараушы едім
Кейде достар келіп
Әңгіме-дүкен құратын едік
Ананы, мынаны әңгіме қылатынбыз
Менің әскердегі естеліктерім
Сенің бала туу естеліктерің бітпеуші еді
Алғаш танысқан күнімізді еске алып күлетін едік
Сен не киіп едім деп сұрайтынсың
Мен есіме түсіре алмаушы едім
Қазір есімде
Қызыл кофта, қара юбка
Қара шұлық, қызыл туфли
Бейсенбі күні сағат екіден төрт кеткен еді
Алдымызға қарамай түйісіп қалған едік
Алдымен сен сосын мен “кешірерсіз” дедік
Жерде жатқан кітаптарыңды жинап бердім
Көздеріміз түйісіп қалды, басталды сосын
Кинодағыдай яғни…
Соңғы хатыңды кеше алдым
Рахмет
Жаздым ғой саған байқа грипп вирусы бар деп
Тағы да ауырып қалыпсың
Тез жазылып кет
Біздің жақта да күн салқын
Бірақ ауырып жүрген жоқпын
Көзілдіріктермен алысып жүрмін
Өмір солай, жүріп жатырмын сол
Бәріңді қатты сағындым…
Мына өлең жолдары атақты түрік әнші-композитор Каяханның (Kayahan) “Бір махаббат хикаясы” деген әнінің ортасында оқылатын өлең. Студент кезімізде сүйіп тыңдаушы едік, аудармасын жасап сіздермен бөліскім келді. Әннің оригиналын тыңдап көріңіз. Бір бірлеріңнің қадірлеріңді біліңдер достар!
6 пікір