XP дің паролін ұмтықан жағдайда не істейсіз ?

Комптің паролін ұмытып қалған кезде қолданатын 2 әдісті сіздермен бөлісейін. Мүмкін бұл әдісті білетіндер де бар шығар. Компты жаңадан істетушілерге керек болар.
Бірінші әдісі: былай сынап көріңіз:
Егер сіздің Windows XP ге қойған пароліңіз ұмытылған болса ерекше қолданушы атымен кіруге болады.
Компютеріңіз парол сұраған жерге келген кезде, перне тақтадан Ctrl+ Alt + Del ді басыу арқылы қолданушы есіміне administrator ды кіргізесіз ( administrator бұл ерекше басқарушы аты бұл компютердің Windows жүйесі қолдайтын жасырын тізімделу есімі ) де тұрақтандыру арқылы Windows XP ға кіре аласыз.( мұндағы ерекше басқарушы есімнің паролін бос қалдырасыз өйткені ерекше басқарушы аты жасырын тұратындықтан, әдетте ешкім оған парол бекітпейді) осылай компютерді қосуға болады. Бұл тек ерекше басқарушы атының паролі жоқ жағдайда іске асады.
Екінші әдіс
Алдымен бір Windows қозғалтқыш дискісін дайындаймыз. Осы қозғалтқыш дискі арқылы C дискідағы ( бұл жердегі C дискі дегеніміз Windows орнатылған дискіні көрсетеді ) Windows құжат қалтасынадағы system32 құжат қалтасының config қалтасындағы SAM құжатын өшіріп тастасаңыз Windows жүйесі құпия нөмір сақтау қабілетіннен айырылады.
c:\windows\system32\config құжат қалтасына кіру.
егер Windows парол сақтау қабілетіннен айырылса компютеріңіздің қозғалуының өзі қыинға соғады
бұл мәселені шешу үшін SAM құжатын қалпына келтіру керек.
бұрынғы SAM құжатын қалпына келтірсек болмайды өйткені ол құжаттағы паролді сіз әлде қашан ұмытқан болдыңыз.
Мұның әдісі:
Әдетте компютерге Windows XP ді орнатқанда Windows XP өздігіннен осы SAM құжатын бір рет қауіпсіздік үшін Windows құжат қалтасының repair құжат қалтасында бір нұсқасын қалдырған.
осы repair құжат қалтасының ішіндегі SAM құжатын бұрынғы config құжат қалтасының ішіне көшіріп қойсақ болғаны компютеріңіздің парол сақтау қабілеті қалпына келіп қалыпты жұмыс істейді.
Бөлісу:

27 пікір

konvict
Мен өзімнің әдісімді ұсынайын. ХР-дің дискісін дискаводқа салып, қайта система орната саламын
sigma
Линукс джынды ОС
sigma
ХР паролі керек болса Линукс liveCD арқылы жүктеліп барлық парольдерді тас-талқан қылуға болады.
blackbeard
sigma sen linuxtasyn ba? uraaaaaaaaaaaaa! ya allah, myn taube! jalgyz emes ekenmin goooi:)
sigma
қай линукс қолданасың
blackbeard
Ubuntu 10.10! Өзің қайсысын қолданасың?
sigma
сол убунту 10.10, раб.столға xfce қолданамын
сенде гном ба?
blackbeard
iya Gnome! XFCE kalai ozi? Koldanyp kormeppin! grafika jagynan Gnome средасынан аса алады ма?
sigma
Жоқ, өте простой. клиенттердің өлген комптарына соны қойғасын пайдаланып жүрмін. Так андай мындай утилиттарды қобға болады ғой.
Ядролары бірдей болған соң убунту жұмысында еш айырмашылық жоқ, айырмасы тек оболочкасында те xfce.
пысы: kde катты ұнады.
Ereke
Мен Windows Key Enterprise Edition 8 .iso файлын алып, осы арқылы 5-10 минуттың ішінде барлық қолданушының парольдерін бұзуға болады
satibaldi
Лібә, мен паролімді еске түсірем, олай болмайтын ба еді?
qisyq
:))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))))
serjan
Ох сенде де парол бар ма еді?
Khan
Мен пәрөлімді ұмытсам туған жылымды, айымды, күнімді есіме түсіру үшін удостоверениемді іздей бастаймын
blackbeard
Өз атымды ұмытатын дәрежеге жете қойған жоқпын әлі — деді Ол сонда Билл Гейтске қарап тұрып. © Евангелие от Амандық, стих 19:11
satvaldo
стихтардың мағынасы өзгерсе де, нумерациясы өзгермейдi екен. сiрә Інжілдi адамдар өзгерттi деген рас болғаны ғой :))
qisyq
"@blackbeard — Қарасақал Амандықтан жеткен Евангелиені өзгертіп, адасушылардың негізін қалады". Архиепископ Пәшөк Иельский, 1487 жыл, Иель қаласы.
asaubota
«Біз тек Сатыбалды ұстазды ғана мойындаймыз» Төлепберген Кербабаев, 2011 жыл, Ырғыз селосы. Амандық Евангелиесінің негіздері және мақсаттары атты семинарда сөйлеген сөзінен.
blackbeard
Ақырзаман келгенде шыншылдардың сөзі өтірікке саналып, ақиқаттың құны қалмайды. © Евангелие от Амандық, стих 19:13
blackbeard
Архиепископ Пәшөк Иельский осы сөзді айтқан күннің ертесіне дүниеден өтіпті деседі:))))
serjan
Інжілшілерді тұтқындау керек олар сайтта төңкеріс жасамақ, олардың үгіт насихаттарын, 1992 жылы 15 қаңтарда қабылданған «дінни бірлестіктер» туралы заң бойынша тежеу керек. тіпті біздің биліктегі тұлғаларымызда солардың шәкірті болып кетіпті.
sigma
LiveCD Ubuntu арқылы кез келген виндоус (серверлерде қолданбадым, бірақ архитектурасы бір ғой) үшін пароль бұзудың жолы. Қолданылатын программалар толықтай тегін таратылады.

Сізге керегі тек chntpw пакеті ғана
терминалда орнатасыз
sudo apt-get install chntpw

Windows/system32/config папкасына теминал арқылы өтесіз
мысалға былай болуы мүмкін (сіздегі виндоуыс нұсқасына байланысты):
cd /mnt/win7/Windows/system32/config

Енді утилитаны іске қосамыз:
sudo chntpw SAM

chntpw реестрдегі мәліметтерді оқып шыққан соң сізге парольді алып тастау, ауыстыру, қолданушыны администратор ету тб ұсынады.
Парольді алып тастау үшін „1„ енгіземіз, құптау үшін „y„ енгіземіз.
Осымен бітті шаруа
Khan
Бұл жерде әңгіме бір жергілікті желіде орналасқан компьютерлер туралы айтылып отыр ма? Не терминал?
sigma
Линукстың консолі — терминал деген
Khan
Яғни, линукстың консолінде отырып алып, желіге қосылған Win OS комптың паролін бұзуға бола ма?
sigma
Жалпы болмайтын дүние жоқ қой, адам істегенді адам бұзады, ал нақты сұрағаның бойынша шұғылданып көрген емеспін.