9 пікір

KILYZAMAN
(10.51 Kb, 190x265)(8.26 Kb, 261x193)(10.26 Kb, 215x235) алынған жері
ХХ ғасырдың аяғында әлемді сенсациялық жаңалық шарлады. Сеул халық университетінің профессоры Пак Чже Ву өзінің 30 жылдық шығыс медицинасын зерттеу жұмысы барысындағы жаңалығы ретінде, адамдардың өзін-өзі түрлі кеселдерден емдей алатындай ерекше әдістемелерін паш етті. Ол әдістеме «су джок» (корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан) деп аталды. Бұл әдістеме арқылы ағзаның кез келген бөлігіндегі кеселді дәрігерсіз ақ емдеп алуға болады… жалғасы болады
Cу Джок әдістемесінің негізінде алақан мен табанның бүкіл ағза мүшелеріне сәйкестігі немесе ұқсастығы алынады.Ол қандай ұқсастық немес сәйкестік? Адамның денесі шартты бес бөліктен тұрады: бас, екі қол және екі аяқ. Алақандағы бес саусақ пен аяқтағы бесеуі — денеміздің бес мүшесіне сәйкестендірілген. Басбармақ-бас, шынашақ пен сұқ саусақ — қолдарымыз, ортанғы мен аты жоқ саусақ-аяқ. Алақанның білекке кетер жері кеуде клеткаларымыз да одан әргісі ішқұрылысымыз. Алақанның сырт жағы — арқа болса орта сызығы — омыртқа.
Су Джок әдістемесінде маңыздысы басбармақ болып саналады. Басбармақтың іш жағы «бет» болса сырт жағы «шүйде». Енді табанға келсек ол жердегі сәйкестік жүйесі қолдыкыімен бірдей.
monti
корей тілінен аударғанда «су» — алақан, «джок» — табан
негізі керек мағлұмат, Қилы атай сіз бұл теманы қазақша аударып жүрсіз бе? кітапты аударып тастаса мықты дүние болушы еді, көбіміз дәріге жүгіріп, ол өте зиян :(
осы су джокты аударып бастап едім тастап кеттім :(
өте қызықты материал!!!
KILYZAMAN
Рефлекторлық массаж жайлы
(7.5 Kb, 232x180)
Тарихи мәліметтерге қарағанда, рефлексотерапия бұдан 4000 жыл бұрын Мысырдағыларға белгілі болған. Қытайлықтар мұны акупунтурамен қатар қолданған екен. Акупунктура деп отырғанымыз инемен емдеу…
жалғасы болады
meirzhan
Өте пайдалы мақала. Денсаулық — зор байлық.
direct
Менің басым көп ауырады, суреттен түсінгенім, бас ауырса аяқтың басбармағына массаж жасау керек па? Әлде?
KILYZAMAN
(9.44 Kb, 300x171) Табаныңыз көбінесе ыңғайсыздық тудыратындықтан, суретте көрсетілген жерлерге массаж жасап көруге болады...(Бұл жерде, пластырьдің астына дән тартуға да болады..)
Үшкірлеу таяқшамен жасайсыз(скрепканың ұшыда жарайды)
asaubota
менің 9 жылдай бұрын оң қолымның білегі 2 жерден сынған еді, уақытына жетпей гипсін өзім алып тастағам. бәрі жақсы сияқты еді, бірақ соңғы уақытта қайтадан ауырып жүр. білегімді жоғарыға қарай көтере алмаймын. төмен қарай да қатты бүгілмейді. не істеуге болады?
KILYZAMAN
Су джок — стимуляторлар
Массаж тяқшалары ауыру нүктелерді табуға және нүктелік массаж жасауға қолданылады. Ол темірден, ағаштан, сүйектен жәнеде басқа қатты заттардан жасалады. Ауру нүктеге масаж сағат тілімен және оған қарсы қозғалыста әлгі таяқшаны ақырын батарып, үзіксіз айландыру арқылы жасалады. Бұл нүктелік әрекетті, ауруыңыз дамылдап болмаса мүлде жоғалып оның орнына жылылық сезе бастағаныңызша жасалуы керек. Ал кеселіңіз созылмалы болған жағдайда емшараны әр 3-4 сағат сайын жасағаныңз дұрыс. Сеанстың ұзақтығы 3-5 минуттан кем болмауы керек
Су джок-инелер бұл әдістеме тек нүктелік массаж мамандарының қатысуымен ғана қолданылуы керек.
Массаждық құралдар — әр түрлі түстегі және көлемдегі эластикалық сақиналар, роликті массажшылар. Бұл құралдардың көмегімен денеңіздегі белгілі бір нүктені табуға көмек береді. Ол үшін алақаныңызды(сырт жағыда) немесе табаныңызды(оның үсті де) массаждау арқылы тез нәтиже алуға көмегі бар
Магниттік аппликаторлар мен стимуляторлар. Ауыруыңызға сәйкес нүктеге ұзақ әсерлі аппликаторларды қойып(пластырьдің көмегімен) емделесіз. Кеселге сәйкес нүктелерді емдейтін магниттер сақина, дөңгелек немесе жебе түрінде болады
Су джок-мокса көбінесе жусан сигарасы түрінде кездеседі де кеселге сәйкестендірілген нүктелерді қыздыруға қолданылады. Моксуды биологиялық активті нүктеге бекітіп немес сарымсақ сөлімен жапсырады да тұтандырады. Қыздыруды сәйкес биологиялық нүктеде жылу сезілгенше жалғастырады. Мокса толық жанып болған соң 5-6 минутқа шейін алмайды.
KILYZAMAN
(32.35 Kb, 440x449)Алақандағы Су Джок нүктелер