Тағы да Тараз!

Жамбылдық ұйымдасқан қылмыстық топтар (ҰҚТ) Тараздың орта мектептерінде орын алып отырған қорқытып ақша жинауға ешқандай қатысы жоқ, деп облыс прокурорының аға көмекшісі Еркін Қуанышев мәлім етті.

«Қолдағы бар оперативтік мәліметтер бойынша, Жамбыл облысының ҰҚТ мектептердегі «салық жинаушылыққа» ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеп, ат тонын аулаққа салып отыр», – деді облыстық прокуратура өкілі жұма күнгі брифингте.

Ол 8-10-шы сынып оқушыларының арасында соңғы жүргізілген сауалнама мектептердегі оқушылардан салық жинаумен айналысатын, заңға қарсы іс-қимыл көрсетіп жүрген бейресми лидерлер мен ересек адамдардың барлығын растағанын атап өтті.

«Тараздың 52 жалпы білім беретін мектебінің 16 038 оқушысына жүргізген анонимді сауалнама қорытындылары бойынша ақша бопсалау фактілерін 5 мектептен — №№ 2, 34, 35, 37, 39 ОМ – 35 оқушы растады. 2010-шы жылғы сауалнамада облыс орталығының 42 мектебінен 1000 оқушы мұны растаған болатын», – деді Е. Қуанышев.

Сонымен қатар қадағалау орган өкілінің айтуынша, «бопсалаушылығы» әшкеренгендер ақшаны өздерінің құрдастарынан тек жеке басы үшін талап еткенін, және ешқандай да «зонадағыларғы жылу» үшін емес екенін айтады. «Бұл туралы сөз жоқ», – деді ол.

Мектептегі рэкет проблемасына назар аудара отырып, Е. Қуанышев, облыс прокурорының бастамасымен кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыспен күреске прокуратураның 75 қызметкерінен тұратын 15 жылжымалы топ, полиция, әкімшілік пен облыстық білім беру басқармасының қызметкерлері бөлінгенін, олар облыс орталығындағы мектептерде профилактикалық және идеологиялық жұмыстар жүргізіп отырғанын ерекше атап өтті.

Одан басқа, әр оқу мекемесіне 25 қоғамдық бірлестік пен мемлекеттік кәсіпорын жетекшілері бөлініп бектіліген. Олар тәртібі нашар балаларды тәрбиелеп және келешекте жұмысқа орналастырумен айналысуы тиіс.

Сондай-ақ мектептерде ақша бопсалау мен жинау фактілдері туралы анонимді хабар қалдыруға болатын жәшіктер орналастырылған. «38 хабар түсіп, олар бойынша шұғыл шаралар қолданылды», – деді облыс прокурорының көмекшісі.
Дерек көзі
Бөлісу:

12 пікір

edige
тағы ма?.. :(((
konvict
Босқа сандырақтап қояды ақыры. Олардың кім екені белгілі. Ал, олар болса лағып жүр
edige
Греб жинайды деп көп есітем мен де
konvict
Оны жинайтындар мектеп оқушыларының өздері. Түрменің қатысы жоқ.
konvict
«молокососам собирать греб западло» © Вор Закон
Zilola
жинайды, мектептегілер де, бизнесмендер де, бәрі жинайды.
omarbirat
Малолеткада жатқандарға достары жинамай ма не?
konvict
Бәрі жинайды ақшаны. Бірақ оның түрмеге жіберіледі дегені өтірік.
alisha
біздің кезімізде бір сыныпқа жоғары оқитындар өздерінен кейінгілерден ақша жинайтын еді;) Алдыңғы жылғы шығынның өтемі;)
konvict
Бізге 11-лер келіп ақша сұрайтын. Түрмеге жібереміз дейді. Бір қызығы сол күні 11 сынып не вещр жасайды, не дискотека жасайтын еді
satvaldo
қара зона саны бара-бара азайып келеді. зэкемдер ақша табудың басқа түрін тапқан. лохтардың саны құдайға шүкір көп қой зомбажәшікке телміре қарайтын
konvict
лохтардың саны құдайға шүкір көп қой зомбажәшікке телміре қарайтын
Не бұл?