Мәссаған! Математика мұражайы


Нью-Йорк: Математика. «Бұл бізді ең қатты жалықтыратын пән», -деген сөздерді оқушылардан жиі естуге болады.

Бірақ Глен Уитней атты аналитик бұл көзқарасты өзгерте алады. Формуласы міне: математика=жаңалық+қызық.

Ол АҚШ-та математикаға арналған мұражай ашпақшы. Ол мұражайда өнер, қаржы, ғылым және математиканы байланыстыратын экспонаттардан тұратын болады. Оның салынуы Нью-Йорк қаласында 2012-ші жылға жоспарлануда. Жобаны іске асыратын бас демеуші-Гугл- 2 миллион доллар бөлмекші.

Уитнейдің аутынша, «Елімізде көптеген жақсы математиктер бар, бірақ математиканың қызығын мектептегі оқу бағдарламасы мен бітпейтін, бірқалыпты тестілер құртып жібереді».

«Кітап түсіндіре алмайтын қызықтарды мұражай түсіндіреді. Оның ішінде таң қалдыратын және қызықтыратын экспонаттар көп болады»,- дейді мұражайдың бас құрастырушысы, Синди Лоуренс.

Әлемнің басқа елдерінде математикаға арналған мұражайлар аз емес екен. Атап айтқанда, Германия, Корея, Франция және т.б. Бірақ АҚШ-та әлі жоқ. Мүмкін бұл біздің математикаға деген немқұрайлығымыздың себебі.

Статистика бойынша, Сингапур мен Гонг-Конгтың 4-ші сынып оқушыларының 40 пайызы жылдың соңында тапсыратын емтихандарында өту баллын алады екен. Бізде болса – 11 пайыз ғана. Қытай, Тайпей, Корея, Сингапур елдерніде 8-ші сынып оқушыларының 40-45 пайызы жоғары балл алады. Ал біздің оқушыларымыздың көрсеткіші – 11 пайыз.

«Күнделікті өмірде математика көптеген алаңдарда қолданылады: климатты зерттеуден бастап экономика мен астрономияға дейін. Осыған орай, қазіргі уақытта бұл пәннің маңызы арта түсуде»,- дейді Нью-Йорк университетінің профессоры Сильвиан Каппел.

(Аударылған. Мақала түпнұсқасы http://www.syracuse.com/news/index.ssf/2011/04/new_museum_hopes_to_prove_math.html)

Суретті мына жерден алдым.

пысы: Бізге де «Математика мұражайын» неге ашпасқа. Математикаға қызықпаушылық — біздің мектептерімізде де өзекті мәселелерінің бірі ғой.
Бөлісу:

2 пікір

Karakyz
АҚШтың мұражайларына қызығамын. Бізде сондай мұрайжайлар болса (математика арналған ғана емес), оқушыларға, жалпы барлығына қызықты болар еді. Қызықтыра отырып оқыту ең тиімді әдіс екені белгілі ғой.

Біздегі мұражайлар қолмен ұстау түгілі, қасына жақындауға болмайтын экспонаттардан тұрады, қатты қызықтырмайды (онысы түсінікті әрине, себебі тарихи жәдігер көбісі). Ал АҚШтағы мұражайлар интерактивті, мысалы, құрылғы болса, іске қосып қарауға болатын, видео, аудиомен қоса қойылған т.б. (ол да мүмкін тарихи жәдігердің жеткіліксіздігінен). Мұражайдың ішіне кірсең, үш төрт сағатты ерінбей жұмсап аралауға болады. Оны «Музейдегі түн» киносынан да көруге болады).
Aizhantabyn
дұрыс жан… бірде филадельфияда адамның ішкі құрлысы деген мұражайға барған едік… енді ужасно қызық болды)) суретке түс, қара, қолыңмен ұста деген секілді