Варшавада адасып жүрмін...


тура мағынасында айтып отырмын. Таңғы сағат төрте тапсырыс берген таксистім келіп, әуежайға жеткізіп салды. Сағатжетіде ұшуы тиіс ұшақ сегіз жарымда бірақ көтерілді. Сөйтіп, Киевке олардың уақыты бойынша сағат оннан жиырма кете жеттік те, сол жақта төрт сағаттай жүріп, түс қайтара Варшаваға ұштық. Варшаваға Польша уақытымен сағат екі жарымда қондық.
Сөйтіп, екі  рет таңғы ас ішіп, екі рет түскі ас ішіп, енді міне Варшаваның Starbucks кафесінде кешкі асымды ішіп отырмын. Сөйтсем, Астана уақыты 00.25 екен…
Прагада Мультимедиа бойынша өтетін тренинг байқауына қатысып, жеңімпаз атанған соң жолға шыққаным ғой. Чехияға виза алу қиын болған соң, Шынгенді Польша арқылы алдым. Бұрын болмаған елім. Сөйтсем, Пасхаға дөп түсіппін. Халықтың Пасхаға деген құрметін көріп, таңданысымды жасыра алмай отырмын. Екі күн демалыс. Барлық дүкен, банк атаулы жабық. Шіркеуге халық лек-легімен ағылып келіп жатыр. Жаңбыр сіркіреп тұр…

Өз сенімдеріне деген құрметтері алыстан мен мұндалайды. Көшенің әрбір қалтарысы ғибадатхана десе де болады. Сосын көшеде өздерінің көзқарастарын, келіспеушіліктерін білдіріп жатқандар да бар.

Мәселен, орталық алаңда француздардың Польша жерінде ядролық станция салуына қарсы наразылық ұйымдастырып жатса, Новый свет деген көшенің бойында бір шоғыр адам ұшақ апатынан қаза болған президенттерінің қазасына қатысты зерттеу әділ өтпей отыр деп өз талаптарын көпшілікке айтып жатыр.

Әзірге осы. Еуропа өз жөнімен дамып жатыр екен. Біздің де өз бағытымыз бар. Әуежайда ұшып жүріп, сапарлап жүрген көптеген қазақ жастарын көрдім. Бәрі бірдей шылқыған байлардың баласы демес едім. Өзіміз тәрізді жұмыс істеп, ақшасын жинап, ел көрсем, өз мақсатыма жетсем деп ұмтылып жүргендер екен. Қуанады екенсің!
Ертең Прагаға ұшамын, инш! Хабар үзбе, құрдас!!!
Суреттерді түсірген Гүлім.

Мақала сілтемесі: http://urimtal.wordpress.com/2011/04/25/%d0%b2%d0%b0%d1%80%d1%88%d0%b0%d0%b2%d0%b0%d0%b4%d0%b0-%d0%b0%d0%b4%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bf-%d0%b6%d2%af%d1%80%d0%bc%d1%96%d0%bd/
Бөлісу:

16 пікір

asaubota
Пасха биыл православ, протестант, католиктерде бір күнге келіпті.
monti
Прагада Мультимедиа бойынша өтетін тренинг байқауына қатысып, жеңімпаз атанған соң жолға шыққаным ғой.
тіл/көзден сақтасын сізді! сізбен біз мақтануымыз керек :)
VKM
Асхат ағаның жүрмейтін жері жоқ екен:)))
Aizhantabyn
Jenisiniz kutty bolsyn,aga :)))

Ak jol tileimin! :)

P.S. kopten beri korinbei ketip ediniz, mynda jur ekensiz goi :)
Zilola
Мен де осылай ел аралағым келеді :)
Onlasyn
Менің де туылғаннан бергі арманым, әлі еееееш іске асар емес(((
aktobe88
ma, kushti, agay!
''Menin Evropa odagy jane medya'' degen sabaktan Polsha turaly prezentaciya jasauym kerek bolgan. Olar 2004-te ES-ke kirgeli medyasinda kanday ozgerister boldy degen siyakty. Birak ne turikshe, ne oryssha materiyal taba almadym. 2004ten bergi medya jaily estigenderiniz bolsa dapterge turte jurinizshi, agai, otinish:-)
urimtal
Бүгін Польшаны біразын аралап, Геттосына, мешітіне және ол жақта ашылған Казахская деген көшеге барып қайттым. Медиасы дегене теликтен бағдарламаларын көріп едім. Берілген сюжеттерге қарап, қатты дамыған деп айтпас едім. Алматыдағы елшілікке хабарлассаң, саған Польшада медиа бойынша кіммен байланысуға болатынына қатысты мәліметтер берер деп ойлаймын.
Beytanis
Асеке, Польшада Еуро2012-ге даярлық қалай өтіп жатыр екен? Байқала ма? Стадион, т.т.?
urimtal
үлкен бір стадионның құрылысы жүріп жатқанын көрдім. Көшеде великпен жүргендер көп екен :)

Қазір Прагадамын.
Beytanis
Прага қызыл шатырлары көп көне шаһар деп естігенім бар. Рас па?
urimtal
солай шығар. Әзірге шатырларына мән бермеппін. :)
VKM
@urimtal, келесі жолы қай жаққа барасыз екен?))))