Сарымсақ

Кейбір білгіштер чеснокты сарымсақ деп аударып жүр. Сарымсақтың орысшасына бас ауыртпаймын. Тек чесноктың нағыз сарымсақ емес екенін білемін. Жабайы дала сарымсағы дәм жағынан осы чеснокқа келіңкірейді. Бірақ түбінде жалғыз ғана түйнегі бар. Сар далада жапырағы ұзынша келген басында көк шашақ гүлі бар өсімдік көрсеңіз жұлып көріңіз. Түбінен пияз тектес бас бармақ көлеміндей түйнек шықса ол- сарымсақ. Сарымсақ мына ауруға ем, ана ауруға ем деп айтпай-ақ қояйын. Ешқандай ауруымды емдеп жазып алғаным жоқ. Көп нәрсеге ем негізінде.
Бөлісу:

10 пікір

KILYZAMAN
Тасжуа демейме Абеке?
sammita
Сарымсақ-чеснок, пияз-лук.
біздің жақта лукты сарымсақ дей береміз, екіншісін чиснок деп:)
Ottegin
Иә, чеснокты сарымсақ дейді)))
KILYZAMAN
Аяныш көзбен, абайлап қарап сорлыға,
Жігерім жасып, көңілім сонда болды нан.
-Тентек, сен отыр, атыңды тұса, аттанба,
Тас жуа теріп келейін ана шатқалдан!
алынған жері
Abilakim
Мүмкін біздің Сары арқада өспейтін, таулы-тасты жерде өсетін ондай түрі де бар шығар
konvict
Мынаны бізде басқаша атаушы еді. Аты есіме түспей тұр
Beytanis
Мыналарың «бізде адамды кісі деп айтады» дегендей екен.
satibaldi
Күміс оқ болмай қалған жағдайда, вампирлерден қорғануда да айтарлықтай қолғабыс болатын көрінеді.
@Ahi -дің құлағына цезий сырға: вампирлер айшықтан қорықпайтын көрінеді.
Zilola
күміс оқ демекші, бір күні (негізі бірнеше рет қайталанған) киіктің етінен қуыдрақ жеп отырсам, тісіме бірдеңе сақ ете қалғаны, опшып қорғасын оқ екен :)
Dauren
түбінде жалғыз ғана түйнегі бар. Сар далада жапырағы ұзынша келген басында көк шашақ гүлі бар өсімдік көрсеңіз жұлып көріңіз. Түбінен пияз тектес бас бармақ көлеміндей түйнек шықса ол- сарымсақ.
Міне, осымен мен келісемін… Арқаның даласында діл осындай сарымсақ өседі. Ал чеснок ол басқа өсімдік.