ҚАЗАҚ ҚЫТАЙДЫҢ ЖИЕНІ МЕ?
Пойыз жүйткіп келеді. Баяғы көзілдірікті кетік жөн сұрасты:
-Әй, бала, қай жердің қазағысың?
-Мына Алматының маңындағы Бақанас деген жердің тумасымыз…
-Еее, Жалайыр мен Ыстылардың жері емес пе. Ұлы жүзбін деші.
-иә, Ұлы жүзбіз.
-Жалайыр атауының түбін білесің бе?
-Білем.
-Жаңа туған баланың арқасында жалы болады ғой. Сол үшін де Жалайыр деп атайды.
-Аха, оны естігем.
-Мына… жалайырлар, жалпы Ұлы жүзде қытайдың қаны бар ғой, білесің бе соны?
-Жоқ, оны білмеппін.
-Онда тыңда — деп бастады әңгімесін көзілірікті кетік шал — үйсіндер қытайлармен қоңсы отырғанда оладың арасында алыс беріс жақсы дамыған. Тіпті қыз алысқан деседі. Қытайдың Хан Ша деген қызын үйсіннің бір жігіті алады ғой. Оны үйсіндер Ханшайым деп атаған. Сол Ханшайым кейін үйсіндерге сіңіп, Ханшайым Ана деген атқа ие болады. Ұлы жүз сол Ханшайымнан тараған. Кейініректе қытайлар тоқсан мың қолмен қазақ даласына лап бергелі тұрғанда, Абылай хан барады ғой. «Әй сендерге не болды? Біздің жарты қанымыз қытай емес пе? Біз Хан Шаның ұрпағымыз ғой» деп. Сосын қытайлар кері қайтады ғой. Міне Абылайдың бір сөзі қаптаған қара қытайды тоқтатады.
Мен үнсіз басымды шұлғып отыра бердім.
-Солай бала. Қытайлардың бізге әлі күнге дейін әскермен кірмеуінің себебі сол. Қазақтың тең жартысының қанында қытайдың үлесі бар. Ұқтың ба?
Мен:
-ұқтым… сонда мен де…
-иә, сен де жартылай қытайсың! Қазақтың тең жартысы жартылай қытай.
-Нағыз қазақ кім сонда?-бір түрлі боп қалдым.
-Нағыз қазақтардың жаңа туған сәбиінің оң жамбасында қалы болады. Оны біреу байқап, біреу байқамайды. Солай! Қытайдың жиендері!
… (Не боп кетті өзі?)
шалдар қырти беред :)
осындай тайпалар туралы айтып зайып алыңды шығаратын адамдарға жыным келед :)
Мен мысалы түбіме дейін қазбаласам да, қазбаламасам да моңғолға барып тірелемін :)
Періштелер нәресте жарық дүниеге талпынсын деп құйрығынан шапалақтағандай қылып ұрады екен дегенді естіп ем… Кесір арқылы туған балаларда ондай қалдар болмайды дейді кейбіреулер…
Бірақ менікі жоғалған жоқ :)
күрек кетсе кетсін. Үндеме бәлеге :)))))))))))))))
kaldykyz, sen koja edin goi, alde toresin be?
sen kazbalasn arabtarga baryp tireluin kerek edi je :DDD
Endi akemnin ajesi turikmen, al ekinwi ajesi kypwak, birak papam da, mamam da kiwi juzden, demek men 100 paiyz kazakhpyn :D
дәл ұршықтың үстінде болады.
Oitkeni tap sol kezde Native americandyk tanysym da tubimiz ortalyk aziya dep tan kaldrysa (solarmen rasymen de tubimiz bir, sozderi de uksas, kazir esimde tek kaiyk degen soz kalgan), bir meksikandyk jigit te kazakhtardyn meksikandyktarga ukasa ekenin aityp maz bop jurdi :D
ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%BE%D0%BD%D0%B3%D0%BE%D0%BB%D1%8C%D1%81%D0%BA%D0%BE%D0%B5_%D0%BF%D1%8F%D1%82%D0%BD%D0%BE
Иә, иә… Содан к… не қазық қағып,Қытайға жер аудуру керек еді)))
Шал айтты екен деп, нең терлегеніні түсіне алмай отырмын)))
уәқақай!!!
«Тарих пәнінің мұғалімі:
— Сіз, Сіз, білмеймін Сіздің қалай екеніңізді, бірақ менің айтарым: Отан тарихы үшін жанпида!
— Отанға деген сүйіспеншілік, әрине жақсы, дегенмен орындықты қиратудың қажеті бар ма?» © Гоголь, «Ревизор»
— Әке, осы «Дунган» сөзі қайдан шыққан
— Балам, баяғыда «Дон» жане «Ган» деген тайпа болған. Дондар Гандарга шабуыл жасап, оларды жеңіп, қыздарын әйелдікке алған. Сол екі тайпадан туғандарды «Дунгандар» деп атаған.
— Әке, керісінше Гандар Дондарды жеңгенде не болатын еді?