Мәссаған, мен алдандым!
Алданған мен емес, маған бөлмесін жалға беріп отырған үй иелері. Қысқаша былай:
Бүгін таңертең қожайын әлі ұйқысы аша алмай жүргенде бейтаныс біреу телефон шалып оның Алматыда оқитын баласы 50 гр. марихуаннамен ұсталғандығы туралы хабарлайды. Сосын телефон дереу "ұлына" беріліп, ұлы жыларман дауыспен «папа, папа, мен милиция бөлімшесіндемін» дейді. Одан телефонды «следователь» алып, «балаңызға 3-7 жылға дейін өтеу мерзімі берілуі мүмкін» деп, қожайыннан телефонды қоймауын сұрайды. Жаны қалмаған әке байғұс жұмыстағы әйеліне қалалық телефонмен звондап мән — жайды ұқтырады. Ол байғұс тұра шауып келіп, әлгі сотовыймен сөйлессе, әлгілер қала сыртындағы саяжайға 1000 доллардың көлемінде ақша әкелуін талап етеді. «Күйеуіңізсіз келіңіз, саяжайға келсеңіз бір әйел шығады» деп…
Қарызданып-қауғаланып 48000 теңгесімен әлгі әйел таксимен уағдаласқан жерге барып ақшаны береді. Қалғанын сәрсенбіден кешіктірмей әкеліп береміз деп жалынып-жалпайып, жылап-сықтап, ощм…
Сол кезде үйде қалған қызы мен күйеуі естерін жиып, әлгі Алматыдағы ұлына хабарласса, ұлы ұйқыдан енді тұрып жұмысына кеткелі жатыр екен.
Ощм, ұйқыдан тұрсам, үйдің іші у-шу, истерика. Ұлының аман-есен екендігін біліп, үй иелері тағы бір жылап алды.
Сөйтіп, жындары құрысып, милицияға заявление жазып келді.
Қысқасы, алданбаңдар. Мұндай жағдайлар соңғы кезде көп кездесіп жатқан көрінеді.

@Aidossik, сенде дәл осындай жағдай болса, балаңа бірден звондай қою ойыңа келмес еді.
Біздің үйде де дәл осындай жағдай болған. Алдануға сәл қалдық.
Олар адам өлтіріп қойды, қарумен ұсталды деп те звондаған достарымның үйіне. Ешкім бірден звондай қоймайды баласына, көбінесе 3 сағаттық у-шудан кейін звондай салу естеріне түседі
Мұндай оқиға болса мен сразу звондаймын. Егер телефонын алмай өшірулі тұрса, вот сол кезде ғана уайымдай бастауым мүмкін.