Тура осы күні...

Тура осы күні: мақтаныштай болған значокты төсіңе тағылғанда, «Осы сенімдеріңді ақтауға АНТ берем!»- д еп іштей қуаныш сезіміңді жасыра алмайсын.
Тура осы күні: Мойыныңа жоғарғы сыныптың үлгілі болған «Пионерлер» сені де адам санатына қосқандай мойыныңа алқызыл галстукті тағады. «Осы сенімдеріңді ақтауға АНТ берем!»- д еп көптің алдына шығып АНТ бергендегі көңілді айтсайш… Сыныпта төменгі бағамен оқитындарға арман болып, үлгеруге тырысуға күш те беретіндей. «Важатыйға ұқсағым келед» деген ой барлығына қалыптасқан.

«АЛҒА КОМСОМОЛ!
Ерлік жолында
АЛҒА КОМСОМОЛ
Туың қолыңда!» .

Комсомолдан шығарылып, партбилетін алып қойғанда адами санаттан сызып тастағандай мүсәпірлікке түсіп /ішіволгендей/ лохтық сезім билейтін.
Сол атаулар қазір ауызекі, ескі совхоздардың атауларында ғана қалды.
— Алдап тұрсың ғой, я?
— Нан ұрсын, құдай ұрсын…
— Жоқ, Ленинді алдамайм деш!
— Ленинді алдамайм!
– дейсің, бітті. Сенімге қара.
Қанша жамандаса да сол кезде өтірік айту, алдау-арбау, тонау аз еді… идеология…
Бұл сөзіммен мен сол кезді аңсап тұрған жоқпын. Адамның адамға сенімін айтып отырмын...
Бөлісу:

14 пікір

sammita
Ленин ата біз ұлан.
Сенен туған шат көңіл.
Сенің нұрлы шұғылаң,
Бізге әперген жақсы өмір:)
Әліппенің тура ортасында бөрене көтеріп бала жатқан жұмысшылар мен Ленин болатын, осы күні сенбілікке шығатынбыз.
edige
Үйімізде, төрімізде
Портретте тұрған кім? — дегенді сөзін Ертіспайып лицензиялап жатыр екен
Zilola
Линин біздің күніміз
Біз Ленинннің гүліміз, деген де бар еді
Оқы, оқы және оқы деген Ленин бабамыз :)
edige
Негізі түбірін білмеймін. Ленин Құраннан алған деген бар барлық ойларын. «Менің сөзім» деп өзгерткен екен
Abilakim
"Өтірік айтып тұрғам жоқ, Лениннің басын ұстайын" деген сөздер де болушы еді
Zilola
честно пионерское деген сөзді кейде айтып қаламын әлі, әпкелерім пионер болып, өзім бола алмай қалсам да :)
ken
Myna jerde shal bop jurgen menin' ozim pioner bolmaganmyn. Sen menen de ulkensin be ne?
Zilola
айттым ғо пионер болуға құштар болдым, бірақ табан астында заман өзгерді де бола алмай қалдым. Әйтпесе Сол бір галстукты олай да, бұлай да тағып жүретін едім үйде. Соған өту үшін де 5-ке оқушы едім, стимул бар еД :)
ken
Iltimos, kechrip qoying. Kommentindi tolyq oqymappyn)
asaubota
идеология мықты еді сол кезде. комсомолға өту қиын болады ау деп уайымдап жүр едім, СССР құлап сол мәселеден құтылып кеттім.
edige
Мен де жете алмай қалдым. Социалистік жарыстардан жеңіп алып келген әкемнің қызыл жалауын мақтан тұтатынмын…
Delvara
Сол кезде мықты сенім болды ғой, «Ленинді алдамаймын» деп, я болмаса «честно пионерское» деп жатамыз. соған мықты сенетінбіз. ал қазіргілер «нан ұрсын» не болмаса «шешем өліп кетсін» деп спакойні айта салады ғо