Соңғы қоңырау

Соңғы қоңырау жақындап келеді. Мектеп бітірушілердің көңілі алай-дүлей шығар)))
Біз мектеп бітіретін жылдары түлектер ұстаздарына бір шумақ өлең арнап, гүл шоқтарын сыйлаушы еді. Қазір ондай бар ма екен өзі? Ойымда қалған шумақтар топтамасын жазып отырмын, бәлкім биылғы түлектер керегіне жаратар ;))

Мағрипа апайға
Тауысушы ек барлық борды, сан өшіріп тақтаны.
Шығарғанда қиын есеп, қалушы едік мақтанып.
Пифагор мен Геронды үйретем деп ізденген,
Мағрипадай ұстазға үлкен алғыс біздерден!

Сисенбай ағайға
«Ана тілің-арың» деп үйретуден талмаған,
Мың оқытып Абайды, ережені талдаған.
Ұлтжандылық сезімді санамызға дарытқан
Сисенбайдай ағайды ұмытпаймыз ешқашан!

Гүлжан апайға
Үлкен өнер меңгеру шет тілдерін,
Сол үшін талай рет төкті терін.
Сыныбымыз жарқырап кетер лезде,
Гүлжан апай «Good morning!» деген кезде.

Лиза апайға
Кітап – білім бұлағы деп,
Білім — өмір шырағы деп,
Кітаптарды реттестірген
Лиза апайға алғыс бізден!

Мырзахмет ағайға
Ұстаздардың аты ізгі де, заты игі,
Біз қалайша ұмытамыз ән-күйді?
Үйреттіңіз әуендерді сан қилы
Мырзахмет ағай, таппан сіздей сақиды!

Сарқыт апайға
Менделеев кестесін жайып салып,
Бір затқа бірін құйып, бірін алып,
Химияның қыр-сырын ашқан бізге,
Сарқыт апай айтамыз алғыз сізге!

Тарихшыларға
Тарихтың шатқалы көп түбі терең,
Тарихтың қатпары көп сыры терең.
Сол қатпар, шатқалдарға үңілдік біз,
Бақтығали, Мейрамбек ағай сіздерменен!
Бөлісу:

3 пікір

AKY
өлә, былтыр мынадай жазыппын ғҰә.
sammita
былтыр ғана ашықауыз ақкөңіл қыз едің