Хабарландыру! «Мінбердің» дәстүрлі семинары!

Құрметті оқырман!



Былтыр «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Сорос Қазақстан қоры мен Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының қолдауымен «Қазақтілді ақпарат тәжірибесіне жаңа медиа технологияларын енгізу» тақырыбында екі күндік республикалық семинар-тренинг өткізген еді. Негізгі мақсат – жаңа медиа технологияларын қазақтілді ақпарат тәжірибесіне енгізу болған. Біздің алға қойған мақсатымыз толығымен болмаса да, ақталды. Сол семинардың нәтижесінде Өркен Кенжебек, Бүркіт Нұрасыл, Тоты Атышева, Ербол Азанбек, Амангелді Құрмет. Кәмшат Тасболат, Динара Мыңжасарқызы, Еркін Қуатайұлы т.б. секілді аса танымал қазақ блоггерлері туып шықты. Биыл әз-Наурыз мейрамы қарсаңында “Мінбердің” мұрындық болуымен өткізілген Блогқұрылтай да осы блог семинардың жемісі.

Жаңа медиаға деген ынта-ықыластың жыл сайын өсе түсуіне байланысты біз блог-семинарды дәстүрлі болдыруға тырысып отырмыз. Биыл «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» тақырыбындағы семинар-тренинг еліміздің бас қалалары – Алматы мен Астанада өткізілмек. Қолдаушылар – Сорос Қазақстан қоры, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы. Алматыда мамырдың – 27-28 і қүндері, Астанада – маусымның – 24-25-і күндері өткізу жоспарлануда.

Алматы қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Шымкент, Тараз, Қызылорда, Ақтау, Атырау, Орал, Семей, Өскемен, Талдықорған қалаларымен тиісінше осы облыстардан үміткерлер өтініш білдіре алады. Ал, Алматы қаласынан 9 адам шақырылады. Астана қаласындағы семинар-тренингке қатысуға – Қарағанды, Павлодар, Қостанай, Көкшетау, Жезқазған, Арқалық, Петропавл және Астана қаласынан өтініші білдіруге болады.

Семинар-тренингке қазақ тілінде жаңа медиа технологияны түсінгісі келетін, журналистік қызметінде ғаламтор мүмкіндігін (блог, микроблог, әлеуметтік желілер, web 2.0 тәсілдері) кеңірек пайдалануды көздейтін журналистер мен журналистикаға бейімі бар жандар шақырылады.
Тренинге қатысамын деген үміткер «Жаңа медиа және қазақ басылымы», «Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс. Ертерек жолданған өтініштердің қабылдану мүмкіндігі жоғары болмақ. Жазбалар мына мекен-жай бойынша қабылданады: minber.kz@gmail.com

Бұл мақалаңыз арқылы сіз жаңа медиа проблемаларын қаншалықты түсінетіндігіңіз және тақырыпқа қаншалықты ынталы екендігіңіз анықталады. Бұдан соң, әрбір қатысушыға арнайы сауалнама парағы жолданады. Сауалнама парағына қатысушылар өздері жайлы мәліметтерін енгізуі тиіс. Сондай-ақ, әрбір журналист осы шараның ақпараттық қолдаушысы болғаны абзал.

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы
www.minber.kz
minber.kz@gmail.com
Бөлісу:

11 пікір

ErNur
Мен мына жерден Ақтөбені аңғаралмай тұрмын?!.. Әлде Алматыға қатысуға болатын облыстардың арасына қоссам бола ма?
asaubota
Ақтөбені ұмытып кеткен болар, әлде біздің жерлестердің «супербелсенділігінің» арқасында бұл жолы шақырмайын дегендері ме екен? :) Асхаттан сұрау керек.

негізі ақтөбеліктерге Астанаға келу ыңғайлы болады.
ErNur
ия соны байқап қалғасын сұрағаным ғой, Астанада болса үлгермейтін болармыз қатысуға ниет білдіріп жатқаным ғой :)
asaubota
қатысқың келсе ақтөбелік журналистер құсамай белсенділік танытып, өзің мақала жазып жібер. мысалы өткендегі Құрылтайдағы әсерің туралы жалпы қазақ блогосферасы туралы. сосын Астанадағы маусымның аяғындағы семинарға кел.
sammita
мен қатысар ем, анау жазбаны біреу жазып берсе тек:)
monti
жай қатысуға болады ма семинарға?
журналист болмаса да?
satibaldi
Сіз журналист емессіз бе???
monti
Сіз журналист емессіз бе???
:) семинар деген соң… қызығып қалғаным ғой, мастер/кластар, әрине, кіріп/тыңдап кетуге бармын ;)
«Блоггер болғым келеді» тақырыптарында мақала жазып, «Minber.kz» ұлттық интернет газетіне 20 мамырға дейін жолдауы тиіс.
блогтары барлар, не жазу керек?
meirzhan
Блог жоқ деп елестету керек.
urimtal
Рахмет, Аршат!

Ақтөбеліктерге Астана ыңғайлы болатын тәрізді. Сондықтан қалай болған күнде де өтінішіңізді жібере беріңіз.

Журналист еместерге де өтініштерін ұсынуға болады.

пысы. Мінберліктердің тренингінен соң кешке қарай әдетте Аршат және kezdesu-ліктер керекшілер бас қосатын жақсы бір дәстүр бар :)