Діни сұрақтарға неге талас көп?

Менің ойымша діни көзқарасқа сақ болған дұрыс. «Әрбір адам өз ойының иесі». Адам жақсы да жаман да ойлауға қабілетті. Ал енді қарап отырсам дау-дамайды Дайрабайдың сиыры болмаса да жібере береміз. Әркім өз теориясын жақтауға әлек. Ал түбірінде бірдей ойлар барлығында. Түсінбеген бір-екі жайт қана. Күмән іздеген кейпін өзі байқамай қалады. «Сен ана ағымнан емессің ба?». /«Күдік, күдік…» © Patick /
Бірде, рамазан айында теледидардан молдекеңе «тікелей эфир» жүргізіп, телефонмен халық сұрақтарын қойып жатыр:
— Сізге қоятын сұрағым. Ораза ұстауға негізі тамақтан емес шөлден қорқамын. Соған жеңілдіктер бар ма?
— Енді, ол туралы… аятта… — деп бастаған молдекең – Ауызды шаюға болатын жеңілдіктері бар, бірақ басыңды аспанға қаратып тамағыңды ғырылдатпа /негізгі түсінігі/ — деді.
— Мүмкін басқа да тағы жеңілдіктер бар? – деп жаңағы кісі тағы да қанағаттанбаған түрде
— Айтып отырмын ғой, білеміз, осы соңғы кезде күннің аптап ыстығына тура келіп тұр...
Жаңағы телефондағы кісі тағы килікті…
Сонда түсінбей отыр ма? Әлде «- Сізге скидка немесе «Акция», Макцичайдың лимонныйын ішуіңізге болады, Тасайдың 1,5 литірлігі болады… » — дегенді күтіп отыр ма?.. Таң қалдым… Түсінгенде қандай түсініп отыр…
Бұнымен айтайын дегенім: « Барлығымыздың ұстанымымыз ақ жол болсын! Мүмкін сіздікі де дұрыс шығар? Сіздің айтқаныңыздың мына тұстарын білмейді екенмін! Мына жеріне қосымша мынадай болатын шығар! Қабыл болсын!» — дегеніміз мүмкін дұрыс болар.
Не дейсіздер, Бауырлар?
Бөлісу:

30 пікір

KILYZAMAN
Себебі — дінишаласауатты имамдар көп. Өтірік көп. Арамза молда көп дегендей кете береді, кете береді…
Zere
Менің ойымша адамның құдайға сенуі интимді нәрсе. Әркім өзінше түсінеді, сондықтан осындай дау-дамайлар шығып жатады.
satibaldi
Менің ойымша адамның құдайға сенуі интимді нәрсе.
Міне, менің Ақзеремнің аузымен ақиқат бықсып алып сөйлеп тұр!!! Осы сөзге тоқтаңдар да, уағыздарыңмен арнаулы сайттарға кетіңдерЧ!!!
edige
есікті жап дейм! — десейш
satibaldi
Менің Ақзереме инфа:
Баяғыда Рим Папасы адамдардың құдаймен қатынасына араласып, күнде заңдар, энцикликтер шығара берсе керек. Сонда белгілі шіркеу реформаторы Томас Морға кезекті заңдар жинағын әкеліп тұрғанда, ол:
— Папа, құдай екеуміздің шаруамызға араласпасыншы! — деген екен. Пяншік болғаны болмаса, осындай жынД смөйлеп қоятын болған екен жарықтық Томас.
Gastarbaiter
адамның құдайға сенуі интимді нәрсе
Әңгіменің түйіні осында.
Мен бір форумда дін деген адам мен құдай арасындағы интимді нәрсе, әркім өзінің өзегін өзі іздеп, өзі ғана таба алады деген сыңай білдіргенде, осы Ақ Зереден басқа ешкім қосылмап еді. Кейбірі тіпті «интим» деген сөзді қолданғаным үшін ойша қырық дүремен жазалап та жіберген сияқты.)))
meirzhan
Дін деген догма сияқты ғой. Адамдар көзбен көрмесе де сенеді. Өзі дұрыс түсінбесе де әйтеуір жүрегінде ұялаған сенім бар. Ал оның сенгенін біреу жоққа шығарғысы келсе күйіп кете жаздап, комменттерді қарша боратады.
konvict
Біз дінбасы емеспіз. Әркім өз сенімімен өмір сүреді. Сол себепті дінді бұл жаққа тығып керегі жоқ. Әсіресе, құран хадисі бар посттың болмағаны жақсы
edige
стихтар ше?
konvict
Оған жауапты Сатыбалды берсінші
blackbeard
Уа, дәуірлеп ғұмыр кешкен қазақтың ұрпақтары! У ішіп өліңдер! — деді Ол «Келін» фильмінің түнгі сеансынан шыққан бетте ©Евангелие от Амандық 54:2
qisyq
Осы стих алғаш рет маған келген.
konvict
© осы белгінің коды қалай еді? ұмытып қалыппын…
blackbeard
& c o p y; пробелдерді алып таста
direct
— Мүмкін басқа да тағы жеңілдіктер бар? – деп жаңағы кісі
Адам деген Құдайдың заңдарына мойынсұнудың орнына — керісінше Құдайдың заңдарын өздеріне ыңғайлы етіп туралап алады.
edige
жөн айттың. «Мен дайын емеспін, 60 қа келейін, бала-шағамның тойларын өткізіп ішуді тастаймын...» тағы сол сияқты
Gastarbaiter
Адам деген Құдайдың заңдарына мойынсұнудың орнына — керісінше Құдайдың заңдарын өздеріне ыңғайлы етіп туралап алады.
Мәселе діннің кіршіксіз, ал адамның ластығында емес.
Бұл адамның ішкі психикасының өзінің болмысына сәйкес емес біреудің шығарған заңдарына қарсылық білдіруі. Мүлде теріске шығарайын десе, көпшіліктің обьективтісымақ пікірінен қысым көреді, қабылдайын десе өз болмысына мүлде келіспейді. Сөйтіп екі ортадан компромисс тауып құтылғысы келеді.
Onlasyn
Діни сұрақтарға неге талас көп?

Секта көп
edige
сондай ойдың да шалыс кететін кездері болып қалса ше
Onlasyn
Ашықтап айтшы
edige
Ел болып жастайынан мектепті тастап Эмиратқа кеткен бір жігітті «Бұзылды, сектаға кетті» дегендер қазір жаңылысқанын мойындағанын да көрдім дегенім ғой
edige
Меніңше бұзылған компті, сотканы түсінбейтін жандар «Вирус ол» деп құтылғандай қолданылып жүргендей…
Onlasyn
Қателесесің…
edige
мүмкін менің де осы ойымды дұрыс дейтіндер бар шығар. Мүмкін мені де «Секта» деп жүргендер бар шығар
Onlasyn
Мен өзім ауылда өсіп шалдарды көрген адммын да. Олардың айтатын исламы, қазір көбейіп кеткен үш сақалдылардікіндей емес еді. Бір-екі таныс та бар осы жолда (уаххаб жолында) болып не былықтырып, аяғы не болғанын да көргем
edige
Адамның аласы ішінде деген осы шығар. Есітуімші философияның түбіне түсемін деп /Кім қалай жаралған? — деген сұраққа жауап табамын деп/ Аль-Фараби бабамыз да бір ауытқушылықта болған деген.
Onlasyn
ӘӘ, мен де естігем оны
Gastarbaiter
Әйтеуір кімге сенсеңдер оған сеніңдер, бір біріңе қиянат көрсетпесеңдер болды. Жұдырығыңды біреудің тұмсығының алдында қанша сілкісең де, әлдебір идеяны дәлелдеуде саусағыңның ұшы біреудің мұрнының ұшына тисе, бітті сен қай діннің өкілі болсаң да қылмыскерсің. Соны есте ұстаған жөн.
Дінді қабылдамау, сол оның табынушыларын сыйламау, оларды көрген жерде басып жаншу дегенді білдірмесе керек.