Аппақ қыз



Бізде кешкі он, ал сен жақта кешкі бес.
Бізде ұйқы – сенде оқумен кескілес.
Сабақтамын деп жазған жалғыз сөзіңнен
Дауысыңды сездім естілер де естілмес…

Маған бастық, саған ұстаз қайғысын
Тапсырмамен артып қойған, неғылсын…
Сағындым сені деп жазған жалғыз хатыңнан
Бейнеңді көрдім тым ыстық маған ай мүсін…

Екі қалаға қанатын керіп, жайған мұң,
Оятып кетті ордасын біздік ойлардың…
Тақтаға қарап, мені ойлап отырған кейпіңнен,
Жан қуанышым, жүрек сезімім, айналдым…

Көңіліңе, сәулем, сөзімді менің жаттатқыз,
Екеуміз бір күн сағынышқа ода айтпақпыз.
Бұйырған маған болмысыңды, сақта, аяла,
Бес сағат менен артта жүретін аппақ қыз…
Бөлісу:

36 пікір

Aizhantabyn
kimge arnap jazdyn?
i sosyn plusovat etu uwin ne basy kerek? :D

ote unaidy! kewe mahabbat muwairasy degen linkten krogem :) jurek ketti kosylyp, kak v pryamom, tak i v perenosnom smysle :)
qisyq
Келген өлең ғой әйтеуір, әпкеша:)
Рахмет саған:)))
Aizhantabyn
wukir! Oiym san jakka wawyrap ketti goi :D
Beytanis
Оффтоп: қисық, сен 88 жылғысың ба?
Beytanis
Өй, жарайсың, мәстек!
qisyq
Сені де көретін күн бар екен ғой, қандек:)
Beytanis
Басыңа бір ноқай, мәстек!
blackbeard
«Кемпірден ұят» © qisyq
Dinara
Нурикамал деген ән осы келіншегінің түсінігінің арқасында жарыққа шыққан. Кім біледі бұл өлең де мықты дүние болып кетер болашақта сол ұқсап :) Жақсы жазылған екен.
Dinara
Қисыққа құрмет ;)
qisyq
Рахмет, Динара. Нурикамал кімнің өлеңі еді?
Dinara
жеке тақырып аша салдым Қисық ;)
Beytanis
Талантты жігіттер қазақта баршылық қой.
qisyq
Маған айтып отырсың ба?
Beytanis
Саған бауырым, саған! Және басқаларға!
AKY
Ғажап! Адам соншалықты сезімге бай болады екен… Осынау аппақ қыз қазір қайда жүр екен? Әлі де Италияда ма?
belgisiz_birey
мен бір қызға ғашықпын, ол басқа қалада, мені менсінбей ма деп сөз айтуға жүрегім бармайды…
AKY
Сіз әуелі айтып көріңіз
belgisiz_birey
айтуын айттым ғой, бірақ келіспеді, кездесе алмадық сол себепті
a63a1
Иғойш
belgisiz_birey
сенің фотоң әдемі екен тема
a63a1
ия, галыстүкпен кішкене сыриозны болып тускен фотағой
a63a1
Бауырым бала белде әйел жолда деген екен, табылады талайы.