Үштен беске

Бұрынырақта мектептерде мынандай қызық үрдіс бар болатын. Үшінші кластан соң бесінші класқа секіртіп жіберу деген. Мен бейбақ сол секіріп үлгергендердің соңғысы едім. Төртінші класс қайда қалады, не үшін секіртеді сол кезде? Әлде дайындық сыныбынан өткендерді ғана секіртті ме? Олай дейтінім біз «нөлебай» оқыдық. БІріншіге көшкенде «нөлебай» оқымағандар келіп 1«б» класы бола қалды. Осылайша бастауыш кластарды «а» мен «б» болып оқып жүрдік. Әйтпесе кішкене қазақ ауылында класқа симай жатқан бала жоқтын. Уобщым, біз үштен кейін секіріп кеттік беске, аналар қалды төрт оқып. Осылайша бір-ақ күнде біз оларға «старшак» атандық.
Бөлісу:

48 пікір

patick
лібә, менен 3-4 жыл бұрын алып тастады ол жүйені
Abilakim
Жақсы болған екен
Delvara
иә, менде солай 4 класта не оқитының білмей кеттім ғо…
Abilakim
Кей-кезде білімім жетпей қалғанда төртті оқымағаныма өкінемін…
ken
Basynda agam men menin aramyzda bir synyp bar edi. 3ti bitirgende men bir synyp attap kettim. Agamnyn 4te oqygan oqulyqtaryn men 5te oqydym. Aiyrmashyly onykinin' syrtynda «4-klass» dep jazylgan bolsa, menikinde «5-klass» dep jazlgan edi.
Abilakim
ағаңнан бір жыл бұрын бітірдің бе мектепті?
ken
Mektepti odan 1 jyl keiin bitirdim.

Delvara 4te ne oqytatynyn bilgisi kelipti. Sogan jazganym goi, 4te ne oqytatynyn.
Abilakim
/Basynda agam men menin aramyzda bir synyp bar edi. 3ti bitirgende men bir synyp attap kettim./
Басында араларыңда бір жыл, аттап кетсеңде бір жыл?Әй, интереснәй)))
ken
Men 2 oqyganda, ol 4 oqydy. Arada bir jyl bar emes pe? Yagni 3-synyp))
Abilakim
Шатасып кеттім… Бір жыл дейсің де мен 2 оқыдым, ол төрт оқыды…
Қожанасырдан мұғалім «Ағаң сенен неше жас үлкен» деп сұрапты.
-Басында бір жас үлкен еді, бірақ ағам бір жыл ауырып мектепке бармай қалды қазір жасты шығармыз-депті
ken
Negizi, «aramyzda bir SYNYP bar edi» dep jazganmyn. Tusinbeitugyn nesi bar?))
Zilola
Мен оқыдым 4-ті, октябренок болдым, пионер болатын жылы заман өзгеріп, саясат өзімен өзі соло билеп кетті, оқушылар түгілі мұғалімдер потеря болып қалды СССР тарқағандда.
Abilakim
Ал мен СССР тарқағанда потеря болмадым. әрі қарай оқуымды саналы түрде жалғастыра бердім.
Zilola
мен психически шок алдым сол жағдайдан
Abilakim
Иә, өткенде құрылтайда байқадым. әлі ес жия алмай жүрген секілдісің)))
Delvara
сол кезде мен значокты 4 ақ күн тақтым, содан қайтадан жинап алды ғой.
Zilola
бізден жинаған жоқ, менің үйімде әлі күнге қызыл галстук, форма-фартук, ақ жейде (шынтақтан жоғары, иықтан төмен шетінде алаудың суреті бар), көк юбка (складкалы, пионерлер күні киіп шығатын), опшым осындай дүниелер бар :)
Abilakim
19 май күні алауға жиналатынбыз
Zilola
слет деген болушы еді, дом пионеров болушы еді
Delvara
алауға барып үлгердім бірақ. Қаз қатар тұрып жетісіне бір рет бір жерге баратын едік, соны есіме түсіре алмай отырмын. Үлкен класс оқушылары жиналып, солардын соңында біз жүруші едік.
Abilakim
Жетісіне бір болса секта шығар?
Delvara
қоээ, ол кездегі қайдағы секта…
ErNur
:) )))) Әбілай сенің шығармайтының жоқ ау осы? Аптасына бір рет болып тұратын Линейка шыгар бұл
Abilakim
Иә, партаның аштынан шығарып отырған қолымды мұғалім көріп қоған еді)))
Delvara
еее, ана саусағын содан қисық болған екен ғо))), мұғалімнен жақсылап сөгіс алғансын ғой. :)
Delvara
линейканы кім ұмытсын, соның ішінде мен сияқты өмірі бір шаг алда тұратындар ұмытпас )))
Abilakim
Жағаң кірден, басың биттен арылмап па еді?
Delvara
сендерге сондайларды шығаратын болған гой,Әбіл бізде ондай оқушыларға жеке сөгіс беретін.
Ал алда тұратындар тентектер, сабақ оқымайтындар, кешігетіндер, қашып кететіндер сабақтан солар тұратын ед…
Abilakim
Өзім шығып көрмеппін негізі линейкаға. Тентектіктер жасадық. Бірақ сол линейка дегенге ілікпеппін
satibaldi
Иии жаны-ай))))))))))))
asaubota
ол кезде 11 жылдық жүйеге өткендіктен 3 бітіргендер 4-ті аттап 5-ке кетті.
Abilakim
Енді 12 жылдық жүйеге көшетін болған соң екі бітіргендер беске көшіп кету қауіпі жоқ па?
Delvara
қалай сонда, 11 жылдыққа өтсе 4 класты неге оқымады?
qisyq
Лібә, өңкей, шал-кемпірдің ортасында отыр екем ғой…
Abilakim
не дейд мына памперс?
VKM
Мен 1-ші мен 11-ді оқыған жоқпын)
a63a1
мен ваще оқыған жоқпын сабаққа барғанымды санамағанда)))
saken
жаздағы каникул кезі. "Қай классқа көштің"- деген сұраққа: «аттағанда 5, аттамағанда 4» деп жауап беруші едік. :))
эххх, заман-ай десеңші…
Zilola
мен деген жаз бойы үйге қонақ болып келген кісілерге грамотамды көрсетіп ақша табатынмын :)
saken
ондай табыс көздерін жатсынбадық бізде. :))
бір жылы тіпті мектепте оқып жүргенде стипендия алғанымыз есімде. Кеңестік дәуір етін әйтеуір. Отыз сом алып, ақшаны жұмсауға Лас Вегасқа Байқоңырға кетіп едім. Кәк рәз видеосалондардың пайда болып жатырған уақыты тұғын.

Онан кейін ауылда күріш алқаптарына барып масақ тергенімізге ақша беруші еді.
Abilakim
Лениннің басы бар грамоталар әлі де жатыр ауылдағы үйде… Ақша табудың жолдарын кеш үйренеді біз жақта оңтүстікке қарағанда
Zilola
тап солай :)
атамның басы-ай дегендей ғо, Ленин атамның басы бар сарғыш қағаз, жаңаша ҚЗ мақтау қағаздарын бір папкаға салып жинап қойғам, как будто Спортсмендер ұқсап медальдарын, дипломдарын жинайтын :)))))
satibaldi
Бир қулоғи чандық қиз.
Zilola
сүйсең сүйем деп ашып айта салсай, құлағымды тартқылай бергенше :)))))))))))))
omarbirat
Бұрын мектепке алты жастан нәләбойға барып, жеті жаста бірінші класқа баратын. Кейіннен экспериментальный класс деген шықты. Ол бойынша, бала алты жасында бірінші класқа баратын. Негізі, бұл он бір жылдық оқу бағдарламасына дайындық болған болса керек. Кейін жеті жастан бірінші класқа барғандар аяқ асты бір класс аттап кетті. Үшінші класқа дейін бізде «В» класы сексендер болатын. Біз төртке көшкенде, олар бірден бесінші класқа өтіп кетті де (бірақ бәрібір сонысы он бірінші класқа дейін бізден, тойыс сексен бірлерден таяқ жеп жүрулеріне кедергі бола алмады :))), нәләбой оқып жүрген бір класс бізге «В» класы болып келді.
konvict
Үлкендердің әңгімесне араласпайық. Тоғызға дейін мектепте жүрдік, басқаны білмим