Супер ұсыныс :)
Мына видеоны осында жаңалыққа жаны құмар достармен бөліскім келді көріп отырып. Қызға үйдену ұсынысын жасаудың тың бір жолын ойлап тауыпты ғашық жігіт. Жазулар түрікше, көбіңіз түсінетін шығарсыздар деп ойлаймын. «Барлығынсенүшінжасадым» деп блог та ашыпты сосын жігіт ғашығына арнап, сілтемесі: hepsiniseninicinyaptim.tumblr.com/
түсіналмай атырмын: Р
түсінбегендерге айта кетейін: жігіт 3 айда 14 елге барып, қызына айтқысы келген сөздерді әр түрлі адамдарға бөліп-бөліп айтқызған. сосын бәрін құрастырып, ең соңында айтады өзі менімен үйленесің бе деп. базар жоқ күшті романтика!
p.s үйленердің алдында жігіт біраз «солға қаңғып» қайтты ау, а? :)
Сүйіктім мен соңғы саяхатымнан келдім, қазір үйде өз бөлмемдемін. Сен мені үш ай бойы тіл үйрену курсында деп жүрсің, ал мен бұл үш ай ішінде 14 мемлекетке барып келдім, себебі саған кішігірім бір видео дайындағым келді деп бастайды да қанша рет ұшаққа мінгенін, қанша сағат әуеде болғанын, неше түрлі адамдармен танысқанын, аяқ киімінің жыртылып қалғанын, әрбір барған мемлекетінен сүйіктісіне кішкентай естелік сыйлық алғанын айтады. Ең бастысы бұл жерде ол емес енді бірақ, ары қарай өзі дайындаған видеосының кереметтігі ;)
Мерак етме Теріскей, өшіңді алам сенің әлі десең ия:-)))
Динара, ана жігіттің қызы келісіпті ме? жалпы қалай болыпты әрі қарай?