"Киберчайхана" Қарағанды мен Астанаға бара жатыр
Бүгін Қарағандыда осы кітаптың тұсаукесерін өткізбекпіз. Ертең Астанада боламыз. Кеше Алматыда ұйымдастырып едік. Осы апта соларға Алматы, Қарағанды және Астананы көрсетумен өтетін сияқты.
Өзім үнемі Қарағанды мен Астанаға тек жұмыс бабымен баратын болғандықтан оларды қай жаққа, қай кафеге тамақтандыруға апаратынымды да білмеймін. Қонақ үй тауып берген Әлияға, өткізетін жермен келісіп берген Мейрамхан апайға рахмет!
Қарағандылық және астаналық блогшылар, керекшілер қол ұшын созып жәрдемдессе, АРБ-дан басқа айтарым болмас! Сосын ағылшын тілінен аударатын аудармашы болса да жақсы болар еді. Астанада ағылшыншасы тәуір біраз блогшылар бар еді. Соларға сеніп отырмын :) Әйтеуір сыйға беретін кітаптарымды алып бара жатырмын!
КиберЧайхана — neweurasia блогшыларының жазбаларынан құралған кітаптың аты. Қанша жерден таптауырынды естіледі дегенімізбен Орталық Азияға қатысы бар блогшылардың ойлары мен көзқарастарын жинақтаған алғашқы кітап.
Кітаптың авторы — өздеріміз сияқты блогшылар. Neweurasia жобасының редакторы Крис Шварц деген жігіт жазбалардың басын қосып, тарауларға бөліп, «шашын тарады». Кітаптың тұсаукесеріне келіп, Кристің әңгімесін тыңдаумен қатар осыдан төрт жыл бұрын Еуропада оқып жүрген студенттердің кішкентай жобасы бес жылдан соң кітап күйіндегі жазбаға айналғанын, бұдан бөлек интернет жоба жұмысын дамытуға қатысты ойларымен танысып, сұрақтарды қарша боратсаңдар болады.
Барлықтарыңызды КиберЧайханаға шақырамын!
Қарағанды. 19-сәуір, сағ. 18.00. Ж. Бектұров атындағы Қарағанды облыстық балалар мен жасөспірімдеркітапханасы
Ержанов к-сі, 8А, тел 8 7212 430650, 430704
Астана. 20-сәуір, сағ. 19.00 «Бәйтерек» Халықаралық медиа орталығы. Бейбітшілік к-cі, 25 "Өркен" Іскерлік орталығының 4-қабаты, тел. /7172/ 910-842, 910-845
пысы. Сонымен кітаптарды арқалап, жолға шықтым! Сәттілік тілей салыңдаршы! :)
парақтапоқып болған соң, пікіріңмен бөлісерсің.пысы. Мадина екеуміздің туған күніміз бір күнде екен :)
Тууууй,үндемей отсыз ғой. Туған күніңізбен, Асхат аға.Басыңызға бас, жасыңызға жас қосылсын!тентекағаңды Алматыдан шығарып салып едік. Аман-есен жеткен болар.пысы. Әбеке Сізге бір кітап беріп жібердім. Түске қарай, инш, Астанада боламыз!