Ақырғы қашу (Prison Break: The Final Break)

"Побег" сериалын кім көрді? Әрине, бәріміз (әсіресе жігіттер жағы) хормен «меееееен» деп жауап бере аламыз. Өз басым жеке кинорейтингімде L O S T-тан кейін екінші орынға осы Prison Break-ті қоямын.

Сериалды көрген адамдардың бәрі оның қалай біткенін біледі. Бәрі жиналып Майклдың бейітіне келеді. Естеріңізде болса, оның миынан қауіпті ісік табылған болатын. «Сондықтан да бұндай ақылды адамдар ұзақ өмір сүре алмайды»-деп ойлағанмын сонда.

Біреу білер, біреу білмес сериалдың толықметражды фильм нұсқасы бар. Нұсқасы болғанда, Майклдың өліміне дейін болған оқиғаны көрсетеді. Иә-иә, олар тағы да түрмеден қашуға жоспар құрады. Бұл жолы Майклдың әйелі Сараны қамауға алады. Естеріңде болса, Сара Майклдың шешесін өлтірген еді ғой. Сол камераға түсіп қалыпты. Сол видео бойынша оның үстінен іс қозғалады. Ал, Сараның түрмеге түскенін естіген бұрынғы «Компанияның» тірі қалған адамдары оның көзін құртып, Майклдан өш алмақ болады. Не істеу керек? Әрине, тағы да түрмеден қашу!

Фильмнен спойлер:
Ескерту! Егер фильмдегі құпия ақпаратты білгіңіз келмесе, бұл сілтемені баспай-ақ қойыңыз.

Фильмді Интернеттен жүктеп алуға болады.
Бөлісу:

2 пікір

Altygradus
Патик екеуміздің вкусымыз сай келеді екен:))) Менде де Лост сосын Призон Брейк:)
тэгтарың керемет екен:))
Janasil
Лостты білмді, ал «Ақырғы қашу» керемет кино.