Арландар финалда!

Қадірлі достар Лос Анжелес қаласынан қуанышты хабар жетті. Астана Арландары американың чемпионы болған Лос Анжелес матадорсты 3-2 есебімен ұтып финалға шықты.
Жеңіс сыйлаған арландарымыз: Қанат Әбутәліпов, Марат Молдагереев, Иштван Бернат. Финалда Париж юнайтедпен Қытайда кездеседі.
Қуаныш ұзағынан болсын…

Фазылбек Әбсаттарұлы
http://www.qazaquni.kz/6864.html
Бөлісу:

27 пікір

omarbirat
Финалда жеңіс тілейміз. Әзірбайжандармен шыққанда қызық болар ма еді :)) Француздар да осал емес сияқты, 5-0 есебімен айдап салыпты әзекеңдерді.
asaubota
Баку шығатын шығар деп жүр едім, француздарды көрейік енді. финал тек бір матч болады ау деймін. Олимпиадаға бізден кімдердің шансы бар екен?
TERISKEI
Қызық, осы Астана Арланс-тың сайты неге жиі жаңарып тұрмайды екен, кешегі төбелесте біздің жігіттер жеңіпті деген соң, суретімен, видеосымен көре қалайыншы, ресми сайт қой десееееем, бәтшағарлар!!!:((((
asaubota
кешегі болғанда бүгін таңертең болған төбелес қой :)

«Жас қазақ үні» газеті қазақтық істемей жаңалықты ерте шығарып қойды, ескілік болуға үлгертпей :)
TERISKEI
ендеше бұл ретте «Жас қазақ үнінің» адресіне респект жібереміз. Дегенмен дейм ғой, ана арландардың сайт админдері ме или жауапты адамы ұйықтап жүреді, керек мәлімет іздей қалсаң түк жоқ, түк! Бұрынғы бірдемелер:(
asaubota
иә, кіріп көргем бүгін. сайттағылар әлі жартылайфиналға дайындалып жатыр екен.
omarbirat
Фейсбукта Арландардан басқасының бәрінің беттері бар. Бірақ… құрысыншы, әйтеуір чемпион болып берсе болды :)))
Nurkoke
Қасқырдың ұлыған даусымен шығушы еді, оны неге алып тастаған.Боксті көргенде бір рухымыз көтеріліп қалады.Сәрсекбаев бармаған ба, теледидардан қашан көрсетеді?
TERISKEI
бүгін кешке, «Еларнаны» қоса қой, Нұркөке, примерно 7-ден асқан соң дейм:))
TOTY
Алақай, мынау жақсы жаңалық екен! Сонда Қанат Ислам мен Мұсафиров жеңіліп қалған ба...?
Nurkoke
Қанат Ислам бармайды, Сәрсекбаев барады деген.Қаншок жеңілуші ме еді, екі раундта гүрс еткізеді.
TERISKEI
вот, берілген ақпарат бойынша сол Бақыт Сәрсекбаев 2:1 боп, гүрс етіліпті:(
Abilakim
Құлап қалып па?
TERISKEI
жоқ а, жай ұтылып қалыпты дегенім ғой, тырнақшаға алынбай қапты:))
saken
бәрінен бұрын Ержан Мүсәпіровтің жеңіліп қалғаны-ай :((
Abilakim
Өкінішті әрине.соңғы раундтарда қарсыласы қолтық астына тығыла берді ғой. Ержан да атой сала алмады қанша дегенмен…
TOTY
Аааа, онда мен қате ұққанмын ғой.
omarbirat
Қанат бірінші шыққанда жеңіліп қалған :))
Арландардың ішінде де, жалпы жеке есеп бойынша да рейтингі ең жоғары болып тұрған — Қанат Әбутәліпов. Бірде-бір жеңілмеген.
Nurkoke
Бақыт жараланып,өткен жолы негрлерді біздің қазақтар сұлатқанда қатыспаған.Әлі толық жазылмаған ғой,әйтпесе Бақытты гүрс еткізу оңай емес.Оның үстіне осы жолғы американдықтар,өткен жолғыдан осал деген.Жалпы біздің қазақтарға какой та америка деген сөз бе екен, тәйірі.
saken
қуаныштымын!!!

Финалдық матчты тікелей эфирден көретін шығармыз деген үміттемін.
TERISKEI
Тағы да бір үлкен қуаныш! Ереванда өткен әуесқой боксшылар турнирінде біздің елдің боксшылары ерлепті! «Баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық үш спортшы турнир иелерімен ақтық жекпе-жектерді кезектен бұрын аяқтады. Серік Сапиев (69 келі) пен Иван Дычко (+91 келі) өз бәсекелестерін нокаутқа екінші раундта, ал Василий Левит (91 келі) бірінші раундта-ақ аттандырды. Асқар Абдуллаев (81 келі) Грекия өкілін 16:14 есебімен жеңді. Сонымен қатар, Ғани Жайлауов (60 келі) күміс жүлдеге, Біржан Жақыпов (49 келі) мен Данабек Сужанов (75 келі) екі қола медальды жеңіп алды. Барлығы турнирге 16 елден 112 боксшы қатысты. Біздің елден бокстан ҚР Ұлттық құрама командасының 10 мүшесі барды.»- деп жазады «Аламаншылар» "Қазақпаратқа" сілтеме жасай отырып. Қуана отырайық!!!
omarbirat
Жалпы командалық есепте түгел алтын болып кетті ма сонда? Базар жоқ, қуанарлық жаңалық.
Abilakim
Серіктен көңілім қала бастап еді, мынауың тамаша жаңалық болды)))
asaubota
бұл бірақ әлем чемпионаты емес жәй ғана турнир :)
Abilakim
солайын солай...өзін-өзі тауып жатқанына қуаныштымын
Nurkoke
Әлем чемпионатына осы жарысқа қарап іріктейді ғой, бірақ Қанат Ислам олимпиадаға бара бармай ма белгісіз болып тұр.
Nurkoke
Сарсекбаевтың жеңілуі немесе америкалықтардың өтірік жеңуі ауыр тиді, осы жердегі сөзге сенбей соңына дейін үмітім үзілмеп еді!!! Ержан мықты қорғанады екен.Боксшылардың жетістігіне қуаныштымыз,әрқашан мерейлері үстем болсын!