Қазақтың домбырасы жайлы бір ауыз сөз...

Домбыра!
… Артынан жау қуып, алдынан құз кезігіп, бір топ қазақ дал болса керек. Қатыгез дұшпан таянып келіп қалғанда жігіттердің бірі қоржынынан сені шығарып алдына өңгеріпті дейді, домбыра!
-Есің ауысқан ба! Садақ тартатын қол жетпей тұрғанда күй шалып қай адасқаның!-деп қолбасы ұрысқан екен.
Күйші жігіт үндемепті. Әлгінде өздері кешіп өткен, тереңдігі ат тобығынан ғана келетін өзеншіктің жағасына барып, күй аңыратқан дейді. Сонда жел суылдап, тас атқандай бопты-ау. сонда тау көшіп, жер сілкінгендей бопты-ау. Содан өзен буыпқанып, долданып, суы көпіре қаптап, қуа келген жауды ат-матымен домалатып қырып жіберіпті-ау! Бір ғажабы күй шалған жігіттің аяғын аймалаған өзен суы бұрқамапты. Сылқ-сылқ күліп, құрық тастам ұзай беріп, долылық атыпты. Үлкендер айтады: туған жердің топырағы киелі, суы киелі. Дұспанға-оқ, өзіңе-қалқан. Тілің таба біл! Қасиетін сақта! Киесін аттама!
Домбыра үні баяулап басылғанда, өзен байырқалап сабасына түсіпті дейді. Сел тоқтап, күн ашылыпты. Қара жартас қақ айырылып, жол беріпті дейді.
Қайран, домбыра! Көл-көсір дүниеде сенен ардақты нәрсе табар ма екем?! Аңызың арманға жеткізсін. (С.Сматаев «Елім-ай» трилогиясынан)
Бөлісу:

12 пікір

a63a1
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра демекші әр-бір қазақ уйінде киелі қара домбырамыз, қоңыр әсем дауысымен күмбірлей берсін! Дауке жазған тақырыбыңыз өте жақсы екен.
Dauren
Рахмет! Тілегін қабыл болсын!
satibaldi
Сірә, жаудың пианисті үлгіре алмай қалса керек…
Dauren
Бұл аңыз… Ал аңызда қиял ғажайтың айтыла беретіні анық. Бастысы жеткізілмекші болган идея…
timurrr
Sateken adettegidei tilimen u jalagan
e_zhalgas

әлгі қазақ 75 жылдан кейін сөз қуалай бастады дегенің осымед?
timurrr
Домбырамды сағындым…
e_zhalgas
домбыраны телевизордан көріп өстік қой
Lyaila
Төріне ардақтап үкілі домбырасын іліп қойған үйге кірсем мамыражай күйді сезінем… себебі домбыраның қоңыр үні күмбірлеп тұрғанда шаңырақтың киесі де, берекесі де арта түсетіндей…
edige
Сонда береке келсін деп ілінеді ма?
Lyaila
Негізгі мақсат ол емес, әрине… Дегенмен, ішектері босап, тегі жоғалған қайран домбыра жетімсіреп босағада жатса «берекесіз» үй емей немене…