"Қасап ет, қой жан дертінде"
Сәуір айының екінші жартысы футболсүйерлер үшін мейрам болғалы тұр. Ертең басталып, апта айналмай қайталанатын Эль-Классиколар аяқдопқұмарларға өздері күткен ләззатты сыйлай алады деген үміттеміз. Тура 19 сағаттан кейін басталатын Испания Примъер Лигасындағы каталондық команда мен король командасының арасындағы текетірес төрт дербидің ішіндегі ең жеңілі деуге болады. Әрине, Барса үшін. Жеңсе, әрине, керемет. Бірақ жеңбесе жоғалтқан үш ұпайдың есесін мұнан кейінгі ойналатын матчтардағы қарсыластарынан шыңғыртып тұрып қайтарып алады. Жеңсе Реалмен арадағы ұпай айырмашылығы 11-ге шығады. Әлбетте, осыған дейін, ұмытпасам үш сезоннан бері жеңе алмай келе жатқан Реал Барсадан бар қарымтасын қайтаруға тырысатыны анық, әсіресе соңғы 5-0дің. Оның үстіне Ноу Камп емес, сондықтан блоуграналардың біраз терлейтіні шүбә туғызбайды. Дегенмен, жаман ырым шақырып қайтеміз, үш ұпай және каталондық клубтың еншісінде қалады деген үміттеміз. Ал келесі сәрсенбі күні ойналатын матчтың салмағы бұдан ауырлау. Жеңіс екі командаға да ауадай қажет. Ал одан кейінгі Чемпиондар лигасы жартылай финалы матчтарының маңызы айтпаса да түсінікті.
Қысқасы, ертеңгі матчты түріктің "Қасап ет, қой жан дертінде" деген мақалымен сипаттауға болатындай. Барса деңгейі шамалас қарсаласын бір тізерлетіп, арадағы ұпай айырмашылығын арттыруды көздесе, Реал кеткен есесін қайтаруды, сондай-ақ ұпай айырмасын азайтуды көздейді.
Билеттер бүгіннен бастап сатылымға шығыпты. Билет алып қойдық, екі күнге де.
Барлық Алматылықтарды сол жарысқа келуге шақырамын. Үлкен футболдан әзірге мұндай деңгейдегі жарыстарды көруіміз екіталай, барға қанағат қылып, футзалдың финалдарын көрейік.
қойыпқұйып кетті Тобыл…онсучканыЖетісулықтарды жеңе алмағаны нессссс?!