“Менің атым Кола”


Вест КЗ Блогерс фильм усынады!
Б Сокпакбаевтың “Менің атым Қожа” повесті желісімен тусірілген.
Сценарии жазуды бастаған Аршат Оразов, Техносиндром, Алмас деген біреу
Басты ролді сомдагандар Вест КЗ Блогерлері:
Массовка КЗ Блогерлері
Режисер Квентин Тониұлы Торантино

Кіріспе
2031 жыл. Нұр-Техас штаты. Евразияның ірі алпауыты Қазақстанның Бұрынғы Американ Құрама Штаттарын басып алып, Қазақстан Құрама Штаттары деп атағанына 5 жыл болды. Негізі 16 жылдай осы елдің ықпалында болып, тіл, мәдениет қазақшалана бастаған екен, біз мән бермегенбіз. Сонымен өзімді таныстырайын:
Менің атым Кола, Колаберген. Мен туған жылы біздің елде үлкен экономикалық революция болып, барлық Кокакола, Пепсиколаларға тыйым салынып, Таң, Тандем деген сусындар қаптаған екен. Кола фанаты болған әкем атымды сол сусынның атының құрметіне Колаберген деп қойған. Әкем 45 жасына келген кезде әке болған екен, кола оған күш берген деп сеніп келген. Мектепте бәрі мені Қара Кола деп мазақ қылады. Тек Джейн Эйр ғана мазақтамайды, өйткені мен оған Қазақ тілден шығармаларда көмектесемін. Сұмырай Джон Тасс деген пәле бар, мектептің көкпар құрамасында ойнайды. Біз де спортпен айналыссақ та қыздар оған қарағандай бізге қарамайды. Сонда не тоғызқұмалақ спорт емес пе? Қысқаша айтқанда мен лузермін, бұл жақта лузер болу ол адамның тағдыры. Бұдан құтылыс жоқ. Тездетіп мектеп бітіріп, универге түссем екен…

Мектеп бітті, енді жаңа өмір…
…Өстіп Джон Тасстың көлеңкесінде жүріп, жасырын марихуана шегіп, кока мен пепси ішіп жүргенде, мектепті қалай бітіргенімді де байқамай қалыппын. Соңғы қоңырауда кампустың ішінде хай-вай шығып, Джон Тасс екеуіміз Джейн Эйр үшін жағаласып қалдық. Сосын бәстестік: кім универге бірінші түсед — Джейн соныкі! Мен бұл мемлекетте мына білімімнің түрімен универге шанс жоқ екенін біліп, Мексикаға тартып отырдым. Ал Джон Тасстың да білімі шамалы еді, дегенмен сұмырай бір амалын тауып, Невада штатының тұрғыны деген қағаз алып, Массачуссетс технологиялық университетіне экологиялық квотамен түсіп кетіпті…

Сөйтіп Джон Тасспен бәстесіп жүргенде Джейн Алматыдағы КазГУге түсіп кетті. Енді Алматыға ауысу керек. Документ жинап жүрмін. Жарты жыл оқысамда жақсы үйреніп қалып едім. Бұрынғыдай тесік қалта емеспін. Кубадан товар келіп тұрады. Реализаторларым да жоқ емес. Осы бизнестің бәрін Джейн Эйр үшін тастап кетпекпін. Джон Тасстан хабар жоқ.
Алматыға келдім. іс-сапармен. Джейнді таба алмадым. Группаластары болашақ бағдарламасымен Невада штатына кетті деді.
Әкемнің детсадта бірге ойнаған досының балсын тауып алдым. Қытайдан тура товар алып Ақтөбедегі фанаттарға жіберетін болып келістік. Товар болғанда менікіндей крупный емес, жігіттер таксидің, темекі, пибісінің ақшасын айырсын деп Ақтөбе командасының шарфы, футболкасы тб нәрселер.
Джон Тасс звондады. Күтпеп едім. Құрығырды жек корсем де класстас ыстық екен. Даусын естігенде бір үзілгенім жалғанғандай болды. Аман-сау сұрап болған соң мен үйленемін тойға кел деді. Құтты болсын деп жатырмын дымым қалмай.
-Кімге деп сұрамайсын ба?
-Кімге?
-Джейн Эйрге!- Мұздап кеттім. Неше түрлі ой келді басыма.
-Той қашан?!
-… — тастап жіберді…
Көп күттірген жоқ. Шақыру билеті де келді, DHLмен жібере салыпты. Той 2032 жылы шілденің 2 куні сағат 12-00 делінген. Өтетін орны Ниагара сарқырамасындағы ескі шіркеу.
Той. Халық көп жиналған екен. Жастар келді. Джейн еш өзгермеген. Сол қалпы. Іші көрініп тұр. 3-4 айлық болса керек. Не басымды қатырайын атқа емес ашуға мініп келгем. Автоматты шыгардым да жайпап салдым. Еріп келген жендеттерім де қарап қалған жоқ. Джон Тасспен бетпе бет келгенде майңдайынан гүрс еткіздім. Бастан бас қалған жоқ. Бәрі жер болды. Джейн қансырап жатыр, әлі де болса демі бар екен кеудесінде. Скорый шақырып салып жібердік.
…Ниагара сарқырамасынан қан аралас су ақты. Біртіндеп, алдымен, Джон Тасстың басы жоқ денесі, сосын — жігіт жолдастың түгі қалмаған денесі сарқырамадан құлап жатты…
Колаберген ауруханаға Джейннің халін сұрауға барды. Джейн Тасстың өзіне зорлап үйлендіргісі келгенін айтты. Қой, сен жүкті емессің бе деп еді ренжулі Кола. Бір сұмдық әңгіме айтып берді Джейн.
Сөйтсе, Джон Тасс оқып жүргенде бір жынды ғалыммен танысады. Ол ғалым сұмдық қару ойлап шығарған екен. Джон сол қаруды ұрлап алып, Джейннің ішіне бекітіп қойған екен. Егер ертеңге дейін маған күйеуге шықпасаң, мына қару іске қосылып, 6 миллиард 780 миллион 411 мың жеті жүз сегіз адам қырық сегіз сағаттың ішінде қырылып қалады екен!
Джеееееееееееееейн деп айқайлап Кара Кола оянып кетті… сөйтсе манағының бәрі түсі екен, сагатқа қараса
таңғы 5:12 қазанның 18 деп түр.

Ескі достармен кездесу
…Спортпен шұғылданып, облыстан-облысқа, кешірерсіздер, штаттан-штатқа көшіп-қонып жүріп, өмір өте берді. Бір күні Нұр-Джерсилік мотельдің сыртында жарнама ілулі тұр екен(қазақ тілінде):”Ғасыр төбелесі! John Tass vs Jose Nurheo! Қан судай шашылып, Жайықтай ағатын шоудан нұр… кешірерсіздер, құр қалмаңыздар!”.
Қасымдағы оқымаған әмірикандық:
— Мистер, Сиз казахша sayлейсіз ғой, аударып бермейсіз бе?..
Аударып бердім. Ол дереу барайық та барайық деп мазамды алды…
Нұр-Джерси. Американдықтардың әлі де қазақшылыққа бой бере қоймаған соңғы қалаларының бірі. Дегенмен қазақ мәдениетінің реңкі байқалып келе жатыр: шұрқ-тесік жолдар, шемішке, насыбай сататын қара нәсілді кемпірлер. Әлгі ғасыр төбелесі болатын “Конус” спорт кешенін тауып алдық. Төбелестің қызық болатынын демеушілерінің өзі-ақ көрсетіп тұр: “NASA” (насыбай сортының бренді),”Wimpex” (айтпаса да түсінікті), “StatОйыл” (мұнайға түк қатысы жоқ), “АляскаМұнайГаз” АҚ…
Бір кезде Колабергеннің Гуглфоны шырылдай жөнелді, қараса бала кезден досы Соул Танг екен, әкесі вьетнамдық шешесі негр. Мамандығы жоқ, кәсібі хакерлік. Кішкентай кезінен бері “тесік” іздеп жүруші еді, бос уақытында аферизммен де айналысушы еді. Қазір “Керекинфо” Вашингтон филиалында қауіпсіздік директоры екен. Хакер болғандықтан осындай жұмысқа алынған, ештеме істемесе де ақша төленеді, бар уақытын форумдарда отырумен өткізеді, блогтарға қыз болып анайы пікірлер жазады. Айпилерін он минут сайын ауыстырып отырады.
— Ало, қара Кола! қалайсың ей, мен деген мынандай бір тесік сервер таптым. Тесік болғанда сұмдық! хехехей, ойнап айтамын, бокс болады екен, сенің кентубасың Джон Тасс шығады екен. Ертең Газельге отырып тез жет, иттің баласы мексикан палауын жеп, афган шөбін шегіп, рахаттанып жүрген шығарсың ана жақта? Джон Тасстың қалай жеңілетінін өз көзіңмен көруің керексің. Видеоға түсіріп, ҚазТюбқа бірінші болып жүктемесем қатын болайын!
— Оңбай кетейін Соул, әртіссің! Болды, ертең жетем Газельмен.
Эххх Соул Танг, Соул Танг! Тек сен ғана мені түсінуші ең, лузер ретінде санамаушы едің. Көп әңгімеңе сенбеуші ем, әсіресе кей елдерде адамдар интернетке ақша төлейді дегеніңе. Суға, жарыққа төленеді түсінемін, ал интернетке неге төлейтініне миым жетпеуші еді. Оны да ана қазақтар шығарыпты дейді ғой, ана Қазақтелеком арқылы сен де бір талай ақша таптың ғой. Қанша қазақтың ақшасы сенің дайлерлеріңе кетті, сол ақшаға тығылып Пепси алушы едік а?
Соул Тангбен бірге өткізген күндерді еске алып, көзім ілініп кетіпті…
…Көзім ілінп кетіп, түсімде Соул Тангпен бірген өткізген дәуренді қайта бастан өткізгендей болдым. Антұрған Соул Танг, сол кезде-ақ алаяқ екенсің ғой қарап отырсам!…
Бірде Нұрбраска облысында геймерлердің жарысы болады деп, мені қоярда-қймай Харлейге мінгестіріп алып кетті. Жетпіс шақырым, кешірерсіз — миль жүргеннен кейін қарын ашып, береке қашты. Сол-ақ екен, анау жолдың жиегінде бір мотель-сымақ үйшік тұр екен. Қасында беске де толмаған балақан ойнап жүр. Антұрған Соул Танг баланы шақырып алды.
— Атың кііім сенің? — деді еркелетіп.
Аңғал бала: — Дориан — деп жауап берді.
-Мәссаған, менің де атым — Дориан! Дориан деген атты тек батыр балаға қояды — демесі бар ма антұрған Соул Тангтың. Сол-ақ екен, артына көпшік қойылған аңғал бала:
— Кола ішесіңдер ме? — деді.
— Әкеле ғой, інім! — деп, жас балаға одан сайын көпшік тірей бастады. Сосын:
-Ал мынау — саған! — деп, балақанға бір цент ұсынды.
— Мистер, бір цент көп пе? — деді балақан. Антұрған Суол Танг:
— Оуууууууу, әрине көп! Бір центке сен шешеңе — Оракл (лицензиясымен), әкеңе — Ң16 винтовкасын алып бересің CStrike-тің үшінші турында!
Сол-ақ екен, бала тіпті есірді:
— Аға, барбекью жейсіңдер ме?
Антұрған Соул Танг “әкел, әкел!” деді…
…Сөйтіп бейтаныс үйден тамаққа тыңқия тойып алып, Харлеймен әрі қарай тартып отырдық. Алты-жеті мильден кейін біздікіндей Харлей мінген шал тоқтатты.
-Балаларым, лазерлерің бар ма, мына темекіні тұтатып алатын — деді.
— Жоқ! — деп қысқа қайырды Соул Танг.Мен оған жыным келіп:
— Аға мінеки, алыңыз!- дедім, бір лазерлі қаламды ұсындым. Сөйтсем, Соул Танг ана кісіге “аға, ала беріңіз сол лазерді” деп, Харлейді оталдырып жөнеліп кетті. Бейтаныс шал:
— Балаларым, қай жақтансыңдар? — деп айғайлады артымыздан.
— Нұр-Йорктен! — деп, Соул Танг өтірікті басып жіберді…
Сөйтсек ол жәй ғана геймерлардың жарысы емес Қазақтелеком және Ақпарат және Байланыс агенттігінің ұйымдастырған кең көлемдегі Э-Үкімет фестивалі екен. Кәдімгідей қазақша пластикалық киізүйдер тігілген, “Ойлай берме”, “Арақ іштім” сияқты қазақтың құнды өлеңдері шырқалуда және Зарина Алтынбаева бастаған не айтып тұрғандарын түсінбесе де қазақшаға ұқсас сөздерден құралған әуендер де естілуде. “Бұлар Қазақстаннан келген, ол жақта мәңгүрт дегендер бар. Дәрігерлер бұл сондай ауру дейді, өз тілін сөйлей алмау деген” дейді маған Соул Танг. Мен шынымен қатты аяп кеттім. Бір кезде геймерлар сынасып жатқан жерге келдік. Соул екеуміз шығатын болдық, оның ойынша мен жеңіліп, сыйақыны екеуміз бөліседі екенбіз. Аз ақша емес 200 қазақ теңгесі! Ойынға бастап кеттік, бір кезде Соул бір кісіні көріп қалып, көзін монитордан ала берген кезде мен атып үлгердім. Сөйтсек ол Дорионның әкесі Джумла екен. Әрі қарай не болғанын айтпай ақ қояйын. Үйге шешемнің көңілдесі, бұрынғы “көгілдір” Хара Тайдың жаман Лексусымен жеттім…
Жалпы осы Хара Тай-ақ шешемнің ізінен қалмай-ақ қойды. Қашан көрсем де “екі жарты — бір литр” болайық деп, елпеңдеп жүретіні. Антұрған, көгілдір болғанымен қоймай — алқаш та! Обалына не керек, оның көгілдір екенін бүкіл ранчо білетін болғасын ба, шешем келісімін берген емес…
Ия түс түлкінің боғы
осы бала кезім өңімдегідей болып өте шықты көз алдымнан.
Пятактан газель жалдап Соул Тангқа тартып отырдым
Газель шопыры Моарет Хэн екеумізді Себастьян деген мексиканец (әлде Кубинец па?) кутіп алды.
Соул Тангтын офисіне карай бет алдық. Гостиницаны сол жерден шешеміз деген сон алдымен жолдан асықпайотырып бір екі косяк ұрып алайық дедім. Содан газельге отыратын жагдай жоқ (қатып алғанбыз таң атпай) таксимен келе калдық. Жолдан Лос-Алмос лабораториясына соғып шығайын деп түсіп қалдым. Лобораторияда көп болған жоқпын. Аспирант қыздар бар екен, қарудың портативін жасауға лицензия алыпты және Тайсонвиллда сынауға да рұхсат бар екен. Тек описаниесін алдым артынан танысармын деп.
Вашингтон -АФК (Арчи’с форум ин керекинфо). Соул Танг пен Себастьян есік алдынан қарсы алды. Соул Танг кутіп отыр екен, Ресторанға заказ беріп қойыпты. Алыс жолдан келіп ангімемізді айта отырдық. Себастьян күртесінің қалтасынан Бизенс-Вашингтон журналын шыгарып алып 7 жұлдызды қонақүй іздеуге кірісті. Бронь жасалған соң сол жаққа қарай бет алдық. Есік алдында азмыз кешеден қалған косяктарымызды тартып, ішке кірдік.
Кірсе іші шыққысыз екен. Ең қымбат азиялық ремонт…
…Люкстың аты люкс, отельдің қожайыны өзінің швейцарын жіберіп, бізге апратаментті таныстырды. Бәрі, бәрі бар: бес режимде жұмыс істейтін джакузи, спутниктік байланыс, плазмалық теледидар. Жатын бөлмеге дейін азиялық роккоко стилінің классигі Гастар Байтердің өзі безендіріпті. Біздің талғамымыздың үстінен дөп түскен қожайынға швейцар арқылы ризашылығымызды және қонақақысын беріп жібердік…
Вашингтонда Моарет Хэн алғаш рет екен. Отельде көп кідірмедік, Қала аралауға шықтық. Соул Тангты срочно жұмысқа шақырып кетіп қалды. Себастьян, Мен және Моарет Хэн ушеуміз бұрынғыдай отырып сыра ішсек қайтеді деп Черный райондағы бір жерге отыра салдық(басқа жерде тек ТАН және ТАНДЕМ). Содан Себастьян, көпті көрген біраз жерде болған жігіт, FS деген жаңа әмірикандық пиво бар соны көріңдер деп алғызды. Жайлы пибі екен жаман емес кетті бала кезіміздегі шымкент сырасына келеді екен. Қара нәсілділер районы тыныш емес дегенсін кетуді жөн көрдік. Содан Ақ уйге келдік. Президент мырза (Буш 5-ші деді ма, 6-шы деді ма есімде қалмапты)демалыста екен. Себастьянның пропускісімен кірдік біз де. Себастьянның кабинетіне келдік. Өзі сібірде айдауда болса керек, бөлме климатын соған жақындатып қойыпты. Тегін интернетке үйреніп қалған қазақстандағы мегалайн жайын естіп жүрегі тоқтап қала жаздады. Біз де Қазақстанда туылғанымызбен ҚҚШта өстік бірақ Қазақстан жағдайын білетінбіз. Әрі бері отырып, Вашингтон орталығына бармақшы болдық. Себастьян қолынан келгенше қонақтап жүр. Қара кемпірлерден тағы да FS әкелді. Журіп те іштік, отырып та іштік, тұріп та іштік, бірақ жатып ішер жағдайға әлі жете қойған жоқпыз.
Телефон шыр ете қалды. Джейн! Қуанып кеттім. Бұл кезде Моарет Хэн мен Соул Танг “шырпы жағып тұрған шешен әйел” алаңына кетті. Біз себастьян екеуміз Дженді қарсылап алдық. Джейн сәл өзгеріпті, шашын қиған -ау деп топшыладым. Сұрау ыңғайсыз болды. Жаяулап шырпы жаққан әйел жаққа бет алдық. Барсақ Соул екеуі бізді қарауылдап тұр екен. Алаң ортасында “Шырпы жағып тұрған шешен әйел” ескерткіші. Маңында бір шешендердің тойы, фотоға тусіп жатыр. Соул (бала кезінен сотқар еді) қарап тұрғанша шешендердің көзін құрту операциясын жасайық деген идея салды. Қалай-қалай дестік. Джейнді киіндіріп шешендер тойына жібереміз. Оның миссиясы жақсы-жақсы киінген қалтасында Қазақ теңгесі қопырап жүргендерді бізден (ұйымдасқан топ) жәбір көрген болып айтылған жерге шақыру. келіскендей Джейн кетті. Біз Соулдың нұсқауымен “бомж өлген сайға” тығылдық. Еңгезердей төрт шешенді алып келді (бізден ала алмаған өші бардай) де әне олар деп қолымен нұсқады. Өзі аздап жылаған (образға қатты берілген-ау). Әй-шайға қараған жоқ келе бас салды. Әліміз келгенше жайпап жүрміз, ауылда жүргенде спорт дегенде тоғызқұмалаққа қатысып не жыным екен, деп жүрмін ішімнен. Қолға тас түссе тас не болса сонымен ұрып жатырмын. Маған қарағанда ушеуі шымырлау (ет жеп өскен). Содан есімді жисам жап жарық. Ей, Алла! Жүріп кеткен болармын дедім. Құлағыма бір қыздың ба әйелдің бе даусы келді. Басым айналып жарықтан басқаны көрмей жатырмын. Әзер деп есімді жидым. Палатада екенмін. Қасымда Джейн. Жылап отыр, неге екенін түсінбедім. Мұрнының астынан кешір деп бірдеңелерді айтады. Соул Танг, Себастьян, Моарет Хэн қайда дедім. Олар аман бөлімшеде жазып отыр деді. Аз-мыз сотресенье алыппын, кабағым жарылыпты. Үш куннен соң шықтым. Әлсіреп қалыппын. Джон Тассты құртам деп өзім құрдымға кетуге қалдым. Соул Танг баяғы қалпы судан таза шығады.
-Соул,- дедім, жанға шығарып алып, — ****мат, газель жалдап келгендегім осы ма? Джон Тасс қайда?
-Кола, Колаберген! Сабыр! Қазір бәрі болады.
-Қашан қазір?!
-Себастьянға айттым Моаретті демалдырады по полной программе. Мешать етпей-ақ қойсын.
-Жақсы, қысқасын айтшы! не болатын болды өзі?

Сөйтіп, Нұрканзастық Кола үшін беймәлім жұмбақ болып қалған ескрткіштің қасында әлгі уақиғадан қорытынды шығарып, даурығысып тұрғанда, жер астынан шықты ма — белгісіз: бір полицайлық “Нұрседес Бенц” қасымызға тоқтай қалғаны! Қара нәсілді біреуі түсе сала Коланы жағадан алып, сөйлеп кетті:
— Сенің сөйлемеуге, адвокат шақыруға құқығың бар! Өз адвокатың болмаған жағдайда оны ҚҚШ Үкіметі береді саған! Кез-келген сөзің сотта өзіңе қарсы қолданылуы мүмкін!
Сол-ақ екен, қарма-қарсы жақтан қап-қара “Нұргуар” жетіп келді. Оның ішінен ақ нәсілді түсіп, Колабергенді жағалап жатқан полицайды итеріп жіберді:
-Араласпаңыз, бұл FBI-дың шаруасы!
Қызыл кеңірдек айтыс басталды. Кола жөнінде қалды. Ол Соул Танг, Джен Эйр, Моарет Хэн және Себастьян тұрған топқа қайта қосылып, сырасын сораптап тұра берді. Шамалыдан кейін шығыс жақтан “Хаммер” жетіп келді. Оның ішнен кэптэйн түсіп, полицай мен FBI өкілінің айтысына араласып кетті:
— Екеуіңнің де шаруаларың болмасын: Колабергеннің ісін тек Нұртагон қарастыра алад!
Енді үштараптық айтыс басталды.
Полицай: — Муниципиалдық кодекстің 47-ҰG бабына сәйкес
“Шырпы жағып тұрған шешен әйел” ескерткішінің оңтүстік батысына дейін — Колумбия округының құзыры, білдіңдер ме?
FBI: — Жо-жоқ, ұлттық қауіпсіздік мәселелері қозғалған кезде кез-келген жер біздікі!
Кэптэйн: — Боқмұрындар, жабыңдар ауыздарыңды! Мен Иракта жүргенде сендер комикс қарап жүрген боқсыңдар! Әскери қауіпсіздік заңынаың 2-QҢ директивасы бойынша Колаберген — біздің юрисдикциямызда!…
Соул Танг, Джен Эйр, Моарет Хэн және Себастьян сыраларын сораптап тұра берді. Ана билік өкілдері қалталарынан циркуль, сызғыш, теодолит, нивелир, компас, GPRS-дисплей шығарып, әрқайсысы өзінің территориясын бормен сызып белгілей бастады. Олар өздерінің құқық аймақтарын белгілеп болғанша, Себастьян бастаған топ әлдеқайда Диснейленд жаққа ұзап кеткен болатын…
Жаңағы нұрседес, нұргуарлардың тұқымы да жоқ. Жаяу салып келеміз. Диснейлендке де жеттік, айнала толған жастар. Ымырт түсіп кетті. Жігіттер тирге кіріп бәстесейік деп Нұр-Алмос лабораторисында жасалған қару жарақтардан атқылай бастады. Соул Танг екеуміз сыртта “балық қарап” (қатып, өшіп) тұрмыз. Екеуміз кең дүниеге мәз болып тұрмыз.
Соул Танг:
-Итті қара
-қайсы? Құмырсқа ғой ол!
-ЖЖжоқ! Қ-Құм-мысқ-қа ем-мес! Ит, ит жетектеген иттер!
— Өйй! Бізге кеатыр ғо!
Осы кезде Себастьян шығып, — Ол амондар ғой, ит жетектеген,- дегенше болған жоқ жетіп келді амондар да:
— Сержант Адам Броун! Құжаттарыңыз?!
Себастьян:
— Братан, не ғо, былай шығып сөйлесейік.
Соул:
— Уа хх-ха! С-ср-жант, Д-дм Бру! Дей ма? :)
— Мхм!
Себастьян Адам Броунды тым жақсы құлақтан теуіп, шығарып салып еді, бір кезде тирдің ішінен Моарэт Хэн жүгіріп шығып:
— Ойбай, атып алдым, атып алдым! — деп, бақырып қоя берді. Тым жақсы кетіп бара жатқан полицайлар Себастьян бастаған топты және тирді қайтадан дереу қоршап алып, құмырсқаларын…кешірерсіздер — иттерін арпылдатып қойды.
— Кімді атып алдың? — деп сұрады Адам Броун ақырып. Өзі оң қолын пистолет қорабына ыңғайлай берді.
— Анда, анда…-дей берді Моарэт Хэн қолы қалбалақтап.
Себастьян, Соул Танг және Кола жаман ойға кетті. Ішінде оқ үлестіріп отырған адамды жазым етті деп ойлады. Сосын полицайлармен бірге тирдің ішіне кіріп еді, оқ үлестіруші дін аман отыр екен.
— Мынау кімді атып алды? — деп сұрады сержант Броун оқ үлестірушіден.
— Қой ешкімді атып алған жоқ. Тек манадан бері отыз оқтың біреуін жаңа дәл тигізіп еді, соған қатты қуанып кеткен ғой.
-Тьфуй! — деп, сержант гоблиндерімен бірге тайып тұрды. Байқап қарасақ, Моарэт Хэн де өшіп тұр екен…

Ддм Бруден, тьфуй, Адам Броуннан құтылған Себастьян бастаған топ жайбарақат қайтып келе жатыр. Ұйқылы-ояу Моарэт Хэнді алма-кезек тіреп, әлгі 7-жұлдызды отельге жол тартып келеді. Барлығы жақсы-ау, тек бірдеңе жетіспейтін сияқты. Оны Моарэт Хэннен басқа үшеуі де сезіп келе жатыр. Бір кезде Колабергеннің шыдамы таусылды:
— Жігіттер, іштік-жедік, қыдырдық, бірақ бірдеңе жоқ сияқты, е?
Соул Танг қуанып кетіп:
— Мен де соны айтқым келіп еді. Шынында да бірдеңе жоқ сияқты ма, қалай?
-Дәл айтасыңдар-ей, жігіттер! — деп, Себастьян да қостап қойды.
Сөйтіп ақыл-есі салыстырмалы түрде түгелдеу үшеу бас қатыра бастады.
-Сыра?
-Жоқ, ол емес. Ішкенімізше — іштік, қажет болса — тағы аламыз.
-Тамақ?
-Қой, ей, ет жеп келе жатқан жоқпыз ба?
Кенет Моарэт Хэннен сөйлем тектес дыбыс шықты.
-Минвилм джыр ыр! — деді ол.
-А?
-Минвилм джыр ыр! — деді тағы да.
Сөйтсек, ол Себастьянның иығында тұншығып жатыр екен. Колаберген оның басын көтеріп еді, жарықтық ап-анық саңқылдап қоя берді:
-Мен білем, Джейн Эйр!
Мәссаған, шынында да Джейн Эйр жетпей келе жатыр екен ғой. Масқара, ол қайда айтпақшы?…
-Джейн жаңа БлуденТри ранчосындагы жазғы үйіне группалас достарымен демалуға кеткен.
Басқасына қайдам, ал Колаға мана Джен Эйр Блудентри ранчосына еріксіз кетіп бара жатқандай көрінді. Ар жағында Джон Тасс қоқан-лоқы көрсетіп жүрген жоқ па екен деп те ойлап қойды…
Жалпы Колаберген байқампаздау жігіт еді. Мана Джен Эйрдың қайта-қайта қуысқа кетіп, қалып әлдекіммен күбірлесіп жүргені оған бір-түрлі көрінді. Аңғал Джейн бір сөзінде қалғысы келетінін де айтып қалып, бірақ әлгі салқын телефон шырылынан кейін ол туралы жақ ашпады…
Колаберген манағы Джейннің барлық әрекетін көз алдынан тағы бір өткізді. Табиғатынан дәлдікке құмар Кола оны бірнеше фреймдерге бөліп елестетті.
1) Күлді.
2) Телефоны шырылдады.
3) Дисплейінен “L;jy Nfcc” деген жазу шықты.
4) Көңілі күрт құлазып сала берді.
Сонда “L;jy Nfcc” деген кім болды екен?… Мәссаған!!! Бұларды кирилл әріптерімен терсең — Джон Тасс болады да шығады! Антұрған Джон Тасс! Менің Джейнімді әлі бопсалап жүр екенсің ғой!
-Себастьян, ең бірінші рейспен Блудентриге кетеміз! — деп бұйырды ол…
Кола аласұрды. Өзінің Джейннің қолда болғанда қадірін білмегеніне өкінді. Джейн Қозы-Баян, Болат-Айгүл күндері кездесейік деп жалынса да, сол ақпанның 14 күнінде бір тал гүл бергеннен әрі бармапты қарап отырса…

Жалғасы бар…
Бөлісу:

20 пікір

asaubota
Жұма күнгі боянндарға да тастауға болар еді, бірақ көп адам үшін боянн емес шығар бұл :)
omarbirat
“Нұрседес Бенц”, «Нұргуар» :)))))))))))
Abilakim
Джынды жазылған екен)))
asaubota
Дегенмен қазақ мәдениетінің реңкі байқалып келе жатыр: шұрқ-тесік жолдар, шемішке, насыбай сататын қара нәсілді кемпірлер. Әлгі ғасыр төбелесі болатын “Конус” спорт кешенін тауып алдық. Төбелестің қызық болатынын демеушілерінің өзі-ақ көрсетіп тұр: “NASA” (насыбай сортының бренді),”Wimpex” (айтпаса да түсінікті), “StatОйыл” (мұнайға түк қатысы жоқ), “АляскаМұнайГаз” АҚ…

Мамандығы жоқ, кәсібі хакерлік. Кішкентай кезінен бері “тесік” іздеп жүруші еді, бос уақытында аферизммен де айналысушы еді. Қазір “Керекинфо” Вашингтон филиалында қауіпсіздік директоры екен. Хакер болғандықтан осындай жұмысқа алынған, ештеме істемесе де ақша төленеді, бар уақытын форумдарда отырумен өткізеді, блогтарға қыз болып анайы пікірлер жазады. Айпилерін он минут сайын ауыстырып отырады.

Көп әңгімеңе сенбеуші ем, әсіресе кей елдерде адамдар интернетке ақша төлейді дегеніңе. Суға, жарыққа төленеді түсінемін, ал интернетке неге төлейтініне миым жетпеуші еді. Оны да ана қазақтар шығарыпты дейді ғой, ана Қазақтелеком арқылы сен де бір талай ақша таптың ғой. Қанша қазақтың ақшасы сенің дайлерлеріңе кетті, сол ақшаға тығылып Пепси алушы едік а?

— Мистер, бір цент көп пе? — деді балақан. Антұрған Суол Танг:
— Оуууууууу, әрине көп! Бір центке сен шешеңе — Оракл (лицензиясымен), әкеңе — Ң16 винтовкасын алып бересің CStrike-тің үшінші турында!

-Балаларым, лазерлерің бар ма, мына темекіні тұтатып алатын — деді.

Кәдімгідей қазақша пластикалық киізүйдер тігілген, “Ойлай берме”, “Арақ іштім” сияқты қазақтың құнды өлеңдері шырқалуда және Зарина Алтынбаева бастаған не айтып тұрғандарын түсінбесе де қазақшаға ұқсас сөздерден құралған әуендер де естілуде.

:))))))
ErNur
Әлгі ғасыр төбелесі болатын “Конус” спорт кешенін тауып алдық. Төбелестің қызық болатынын демеушілерінің өзі-ақ көрсетіп тұр: “NASA” (насыбай сортының бренді),”Wimpex” (айтпаса да түсінікті), “StatОйыл” (мұнайға түк қатысы жоқ), “АляскаМұнайГаз” АҚ…
:))))) өлтірген екен
Jacqabaies_Chirac
мынаны шекпей жазу мүмкін емес ))))))))))))))))))))
ken
Aripteri tym kop eken. Sondyqtan oqyp otyrgym kelmedi. Avtorga osynyn' barin erinbei jazyp shyqqany ushin respekt.
asaubota
оқы, өкінбейсің.
Abilakim
Жеті әріптік әліпбиге көшейік деп айтқаныма жеті жыл болды… 42 әріптің не керегі бар?!
ken
Jeti tym az goi. Hotya by togyz demedin' be?
qisyq
Ең дұрысы сегіз әріп.
Gastarbaiter
екі әріп. А және М қалсын:)
Jacqabaies_Chirac
“Шырпы жағып тұрған шешен әйел” ескерткішінің оңтүстік батысына дейін — Колумбия округының құзыры, білдіңдер ме?
)))))))))))))))))тәлібтер
Meru
шытырман оқиғалы))
sigma
Осы әңгімені жазған кезде, сонау 2007 жылдар, гуглфон мен қазтюбтің пайда болатынын білмеп едік, қазір оқған адамға таңсық емес қарап отырсақ.
asaubota
осыны көріп өзіміз таң қалдық қой жастарға ескі посттарды көрсетіп отырып
sigma
Жалғастырып отырыңдар.
Сонымен кеттік.


Сол кеткеннен Джейннен хабар болмады. Бір проктолог жігітке тұрмысқа шығыпты деген өсек әңгімелер де болды, анығы белгісіз. Одан бері талай жылдар өтті, Себастьян да, мен де отбасылы болдық, тек Джон Тасс қана әлі бойдақ. Мүмкін Джейнді ұмыта алмаған шығар, жексұрын болса да, шын сүйетін еді.
Себастьян Нұр-Йоркке келе жатыр екен, естігесін барып амандасу керек болды. Келесі күні ғана түсте кездесу мүмкін болды. Абай көшесінің бойындағы шашлық, сыра деген ілмектері бар кафе көзге бірден ілікті. Сонда бардық. Қасында Джон Тасс та бар екен. Бұрынғыдай жек көру болмады. Күніге араласып жүрген адамдарша сөйлесіп кеттік. ҚҚШ ұлттық техникалық өнбірсетіне түсуге келгенімді айттым. Сол күні қазақ тілінен емтихан тапсырып келіп отыр едім. Қорытындысын бірге көретін болып шештік. Біраз сыра ішіп мас болуға екі бокал қалған кезде Дарк Нәзөк, аталмыш тегтермен кафені адаспай өзі тауып келді. Амандасып, абыр-сабыр болдық. Емделіп жүргендіктен сыра ішәлмайтынын айтып кешірім сұраған жоқ, -Міне-деп бірден дәлел ретінде бір пашкі дәріні тастай салды. сыртында: «Тамыр ауруларына, қарсы,» деген қазақша жазуы бар екен. Қинамадық. Аз-мыз жүрек жалғап алғаннан соң, өнбірсетке барып, қазақ тілінен болған емтиханды сәтті тапсырғаныма, Себатьян, Джон Тасс үшеуміз куә болдық. Ал сол үшін суға түсейік деді Себа. Джон Тасс тұратын жақта мықты сауна бар екен, таксиге 500 доллар беріп жетіп қалдық.
Соңғы түзету: