Батыстың пойыздары

Ақтөбе-Алматы, Алматы-Атырау бағытында жабдықталуы жоғары пойыздарды іске қосқан болатын. Олар жаңадан жөнделіп, ішінде жолда уақыт өткізуге қажетті жағдайлар жасалыпты. Бағасы сол күйінде қалды деп жатыр білгіштер. Жазда ауылға барсақ, көрерміз. Толығырақ: news.nur.kz/181532.html
Бөлісу:

62 пікір

Zere
Патик, «Біздің елдің жаңалықтары» деген қауымдастық ашқам, соған жаңалықтарды салып отырсаң, нұр үстіне сара болар еді ))
patick
"Әбілдің, тиісті қауымдастық бар ма екен?" деп ойлап қойғам. Бар екен. Қосылдым, рахмет.
asaubota
маған ең ұнайтыны — осы пойыздар. бұрынғысы да күшті еді, қазір одан да күшті болған шығар.
patick
Маған осы қытайлық вагондардан ұнағаны — әжетханасы. «Азиялық унитаз» деп аталып кеткен унитаз. Ыңғайлы, таза.
Типі:
sammita
бұндай дәретхана жақсы болар еді қояндарға.
patick
неге?
Nurgisa
Анау "ұстағышы" жақсы екен: пойыз дүдүктетіп, теңселіп келе жатқанда балансты ұстайтын…
patick
Жо-жоқ, бұл вагонның іші емес. Тек «Азиялық унитазын» көрсеткен түрім ғо.
Nurgisa
Күміс жалатылған сияқты…
sammita
билетсіздер тығылып тұрады да.
patick
тығылу қайда, күні-түні әжетханаға өшерет
Nurgisa
Прикинь, қуығы жарыла жаздағалы тұрғандар қаз-қатар тізіліп: "Қоян, шық! Қоян, шық!" деп зәразап боп жатса…
chimaq
daretqananyng budan basqa turi bolama ?kormeppin....))
asaubota
a-la franga дәретханалар жоқ па сіз жақта?
Erlan
тойхана секілді боп кетті )
sammita
әлгі Алматыға келген мүгедектерге арналған автобустар жүр ме көшеде?
patick
2-3 маршруттан көрдім сондай аптауыздарды. Онда да қаланың ортасынан. Біз әлі шағын аптауызда езіліп келеміз.
Nurgisa
Негізі бұл типтестері іске қосылған еді, Ереке. Вахталатып жүргенде сынап едік. Былай, тап-таза, жап-жақсы. Тек, кейбір химикаттардың шоғырлануы шамадан тыс деп Ден.сақт. министрлігі дабыл қағып, әуре-сарсаңға сап еді тасымалдаушыны.

Мынаусы жаңа модификациясы сияқты. Бұған қоса, «Тальголардың» да жаңа составтары келеді деп жатыр еді.

Дұрыс қой. Әйтпесе, жұпыны, көмескі бұрынғыларда сіңісіп қалған иісі де, қарауытқан жағымсыздау атмосферасы да алыс жолшылыққа шыққандарды әбіржітпей қоймаушы еді.
patick
Мынау өзің сынаған вагондар ғой. Тек қайтадан жаңартылып шығарылғаны. Әлгі телебезір секілді фишкаларын қосып жасағандары ғой.
saken
«тоқылдақ» деген пойыз бар еді. Сексеуілден Түркістанға қатынайтын. Іші кішігірім базар етін :)) Атмосфераның көкесі болатын ол жақта… :((
Қазір ғой қалааралық аптобыстардың дами бастағаны.
sammita
ол тоқылдақ әр бұтаның түбіне тоқтап сәлем беретін еще:)
Khan
Бұл қай пойыз екенін айта отырсаң, Патик. Ақ Жайық па, қара пойыз ба?
patick
Ақ Жайық
Khan
ааа. Мен анау пойыздардың вагондарын да ретке келтірген екен десем.

Тігін ательесі бар біреулердің реально тиын жасағаны көрініп тұр. Теликтің қойып дұрыс жасаған екен, пиратский ДВДдан кино ұратын болар күндіз
patick
мен бұрынғы күйінде қала ма деп қорқып отырм. бұрын электр үшін ақша төлеткізетін еді ғой.
Khan
Маған бәрінен де анау розетка қатты ұнап тұр. Нокияның тонкий заряднигі мен ноутты тығып қойып кәйіп ұстаған кейпімді елестетіп отырм.

Сотка зарядтайтын шипоннан айырылған жолсеріктер сол розетканы айырып тастап кәйіп сындыратындары және бар, бірақта да :)
patick
айтпа, нақ. ал негізінде электр барлық купеге тегін таратылуы керек екен.
Nurgisa
200 теңге еді ғой мәселені шешудің ставкасы :) инфляцияға түзету коэффициентін енгізіп, 300 теңгеге шығарып қойған болса таң қалмаймын.
Khan
Бұрын екінші және сегізінші купеде ғана столдың астында болатын еді. Бір розетка и то
saken
аққұман кружкісіне дейін дайындап қойыпты :)

Биыл ауылға осы пойызбен баратын шығармын Құдай қаласа. Екінші қабатына билет алып алып, ДВД көріп бармаймын ба мәз болып :))
ДВДге өз дискілерімнен кино қойсам болады ма екен, әлде жолсеріктердің талғамына сенемін бе? әлде әрбір пойызға белгіленген бағдарлама бар ма екен? мысалы әр облыстан өтіп бара жатырған кезде, сол облысқа қатысты деректі фильмдер деген сияқты…
patick
мысалы әр облыстан өтіп бара жатырған кезде, сол облысқа қатысты деректі фильмдер деген сияқты…

армандап кеттің ғо сен де:)
Nurgisa
Аха, бәлкім ол деректі фильмдерді отыз алтыншы үнді шайын сораптап отырып қарауды қаларсыз? :)))

Не ғой, жігіттер. Ренжімеңдер. Нұр Отан және сарабдал саясат туралы деректі фильмдер көретін боласыңдар. «Неге ғана қойды екен осы тилибизірлерді!» деп екінші полкадағылар жынданып кетпесе де… Қанша дегенмен жол алыс, дегендей… :)))
saken
НұрОтандық мәңгілік емес қой… Болашақта деп жатырғаным ғой. :)
Nurgisa
Негізі жолсерікке ақша табудың тағы бір амалы.
Жолаушылар арасында аукцион өткізіледі, қай ұтқаны өзі қалаған фильмді көреді. Тек, оспадар Ганюшкин қанішкендердің асығы алшыдан түспесе де.
Khan
Ганюшкино "Қане, шсс, кино" деп Патик жатыр дейсің
saken
ҚТЖлықтардың құлақтарына алтын сырға (размері пойыздың доңғалағымен бірдей :)) )
Khan
Негізі, типі сондай бірдемені бұрын көргем. Астана Алматы арасына қатынайтын бір коммерциялық пойызда өздерінің шағын телеканалдары бар екен. Киноларының арасында рекламаларын да ұрып тұрады :D
patick
Ұшақтағыдай дисің очм
Khan
Бірақ, маған ол пойызда телик емес, қолаң шашты қысқа шортилы қыз қатты ұнаған болатын :))
Zere
Бір жылдан кейін мұның да быт-шытын шығаратын шығар )
Nurgisa
неткен қатыгездік :(
Zere
Өмір шындығы.
Gastarbaiter
Быт шытын шығару психологиясы мүлік ортақ, үкіметтікі деген сәбеттік менталитеттен қалған жағымсыз салдары.
ushkin
Біздің Орал жаққа осындай пойыздар қашан шығады екен?: Армандап отырмын:
patick
Нақты Оралыңды білмейм, бірақ Жәнібек ауданы мен біздің Гәнішкеннің арасында бар осындай пойыздар :)
ushkin
Пәтік Гәнішкеннен деп кім ойлаған?)
saken
Ақтөбеге дейін «Батыс»пен, сосын ары қарай басқа пойызбен баруға рекомендеймін :)
Khan
Айлы түнде бірге армандауға қалай қарайс, қарындас?
ushkin
Сен де Оралдансың ба?)
VKM
Жоқ, былтыр жазда Атырауға тойға бара алмадық, билет болмай)))
VKM
Осы Батыс жақ поездарына билетті қайдан аласыңдар? Тіпті 1 ай бұрын бәрі сатылып қойылады?
satibaldi
Шығыстағылар көп келе бермесін деп әдейі сондай саясат жүргіземіз.
VKM
сатыпалды, биыл хоть барайыншы, а?:)))
satibaldi
Кел, кел, жеке өзім күтіп алам.
VKM
йо-хо)сатыпалдының өзі мені күтівалады!!! урррряяяяяя)ар жағында Дәруішөлген де жап-жақын… хехе;))Женевьева әжейге былай амандасып дегендей)))мен қаштым… мына сөздер үшін косякқа кірдім:)))
satibaldi
Аха, қарық боласың кәдімгідей, кел, кел.
VKM
келе жатырмын)))
satibaldi
Корвалол, но-шпа дегендер бізде атымен жоқ, өзіңізбен ала келсеңіз, келгесін ақшасын береміз.
satibaldi
Осы Батыс жақ поездарына билетті қайдан аласыңдар?
Айтсам күлесің қазір: вокзалдан, ммуах-ха-ха-ха-ха-хаааа, кольсонымнан түк қалмады)))))
TERISKEI
Сатыбалды-ау, өлдік қой, нақ!:)))
boztorgai
пойызға емес, бірауық шойынжолдарға да назар салайықшы

батыс еуропа бағыты іспеттес шовсыз рельстер сіздерге қалай